• Преподавателю
  • Физика
  • “Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы. ” (Есептер шығару)-8 сынып

“Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы. ” (Есептер шығару)-8 сынып

Сабақтың тақырыбы:“Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылусыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.” (Есептер шығару) Сабақтың мақсаты:Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін арттыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу Сабақтың түрі:практикалық Сабақтың әдіс-тәсілдері:  топтық жұмыс Сабақтың көрнекіліктері: слай...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№36 мектеп-гимназиясы








АШЫҚ САБАҚ


Тақырыбы: "Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы." (Есептер шығару)



Сыныбы: 8 «б»

Физика пәнінің мұғалімі: Хайрлина Н.Б.















2014-2015 оқу жылы

Күні: 30.09.2014ж

Сыныбы: 8 «б»

Сабақтың тақырыбы: "Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылусыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы." (Есептер шығару)

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша өтілген формулаларды бір жүйеге келтіру, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін арттыру, шығармашылыққа баулу, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:практикалық

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс

Сабақтың көрнекіліктері: слайд, дидактикалық материалдар, су, шар, май шам, мақта, спирт, фольга қағазы, есептер топтамасы


Сабақтың барысы:

I. Сыныпты ұйымдастыру

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Сабақ мақсатымен танысу

III. Үй тапсырмасы

Постер қорғау

1-топ:Заттың меншікті жылусыйымдылығы

2-топ: Отынның меншікті жану жылуы

IV.Физикалық эксперимент

1)Керекті құралдар: май шам, 2 шар, су.

Бірінші шарды үріп, май шам жалынына ұстаймыз. Шар жарылады. Екінші шардың ішіне су құйып, шамның жалынына ұстаймыз. Шар жарылмайды. Неліктен?

2)Керекті құралдар: 2 дана қатты қағаз, фольга қағазы, мақта, спирт, бензин, тамызғыш

2-дана қатты қағаздың бетіне фольганы орналастыру. Фольганың бетіне мақтаны орналастыру. Екі мақтаның бетіне тамызғышпен біріне - спирт, ал біріне - бензин тамызу. Бір мезгілде сіріңкемен жағу. Спирт пен бензин толық жанып болғаннан кейін, фольганы ұстап көру. Фольга қағазы қалай қызды? Қай отын түрі толық жанғанда көп энергияны шығарды?

V.Есептер шығару

1-топ

№ 1. Массасы 1, 5 т кірпіштен жасалған пешті 100С -тан 200С - қа жылыту үшін қанша жылу мөлшері қажет?

№ 2. Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген, Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.

№3.Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы 200С-тан 4200С-қа дейін артты. Алюминийдің массасы 5 кг болса, оның ішекі энергиясы қаншаға өзгерген. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 920 Дж/кг0С.

№4. Массасы 10 кг тротил толық жанғанда 1,5*108Дж энергия бөліп шығарады. Тротилдің меншікті жану жылуы неге тең?

2- топ

№1. 440*107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиғи газдың меншікті жану жылуы 4,4*107 Дж/кг.
№2.150С-та суды 1000С-қа дейін қыздырғанда, оның ішкі энергиясы178,8кДЖ-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.
№3.Массасы 200г керосин толық жанғанда қанша энергия бөлінеді?
№4.Массасы 1 кг қорғасынды 1000С-қа дейін қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалады. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығын анықтаңдар.

VI. Жинақтау. Отын түрлері. (Презентация)

VII. Үйге тапсырма: §10, §11

VIII. Оқушыларды бағалау







© 2010-2022