Қысқа ерзімді жоспар. Бақылау жұмысы: Тербелістер мен толқындар. (9-сынып)

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тербелістер мен толқындар тарауына бақылау жұмысы

Сабақ барысындағы оқушылардың мақсаты

- Есептерге заңдылықтарды пайдалана білу;

- Өткен материалды қолданып ,есептер шығара білу;

- Формулаларды түрлендіру ,есептеу;

Күтілетін нәтиже

- Физикалық шамаларды ,заңдылықтарды еске түсіреді;

- Теория мен заңдылықтарды есептер шығаруда қолдана біледі;

-Формулаларды түрлендіріп, байланыстырады,біріктіреді,есептейді;

Сабақ кезеңдері

Сабақтың құрылымы

Ресурстар

Ұйымдастырукезеңі

1мин

4 мин

Қызығушылықтыоятусәті 1 мин

1. Жеке жұмыс.

2. Қысқаша есептерге шолу жасау.

3. Бағалау критерийлерімен танысу.

Интерактивті тақта


Мағынаны ажырату кезеңі

Оқушыларға:

1. Егер периоды 0,005 с тербеліс суда ұзындығы 7,175 м дыбыс толқының тудырса, онда осы дыбыстың жылдамдығы қандай?

2. Ай бетіндегі ұзындығы 1 м математикалық маятниктің тербеліс периоды қандай? Айдағы еркін тісү үдеуі 1,62 м/с2.

3. Рояльдың жиілік диапазоны 90 Гц пен 9000 Гц аралығында. Дыбыстың таралуы жылдамдығы 340 м/с. Ауадағы дыбыс толқындар ұзындықтарының диапазондарын табындар.

4. Аңшы мылтық дауысының жаңғырығын 4,5 с өткен соң естейді. Мылтық дауысын шағылдыратын бөгет одан қандай қашықтықта орналасқан? Дыбыстын таралу жылдамдығын 340 м/с деп есептендер.

5. Судағы дыбыс толқынының ұзындығын анықтандар. Оның жылдамдығы 1480 м/с, ал жиілігі 740 Гц.

6. Массасы 40 г дене катандығы 100 Н/м серіппеге ілінген. Осы дене тербелісінің периоды мен жиілігін анықта.

7.Адам құлағы 16 Гц-тен 20 000 Гц жиілікке дейінгі дыбыстарды қабылдай алады. Дыбыс тербелісінің естілу аралығы қандай толқын ұзындықтарының арасында жатыр. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 340 м/с деп есептеңдер.

8.Негізгі «ля» музыкалық тонның толқын ұзындығы 78 мм, ал «си» тонының толқын ұзындығы 56 мм. Дыбыстың ауада таралу жылдамдығы 340 м/с. Бұл тондардың жиіліктері қаншаға тең.



Рефлексия

Критерийлер бойынша бағалау

Бағалау кестесі


© 2010-2022