Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: §30-31. Атом құрылысы. Элементар электр заряды. Электр зарядтарының өзара әрекеттесуі. Кулон заңы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларды атом құрылысымен таныстыру және элементар электр заряды ұғымын қалыптастыру, Кулон заңының физикалық мағынасын ұғындыру.

Тәрбиелік : Оқушыларды белсенділік, іскерлік, зейінділік, ұқыптылық, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық : Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, флипчартпен жұмыс, есеп шығару, демонстрация.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электроскоп, шар, мата, пласмасса сызғыш, бағалау парақшалары, қоржын, асық, смайликтер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, асық арқылы топқа бөліну, шаттық шеңберін құрып, тілек тілеу, топ басшысын сайлау, бағалау парағын тарату

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

« Саққұлақ» әдісімен оқушы-оқушы диалогын құру

ІІІ. Өткен материал бойынша білімдерін тексеру.

Электроскоп, шар , қағаз қиындылары, пластмасса сызғыш, жүн арқылы көрсетілім көрсету

IV. Мақсат қою кезеңі.

Оқушыларды атом құрылысымен танысу және элементар электр заряды ұғымын қалыптастыру арқылы, Кулон заңының физикалық мағынасын ұғыну.

V. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Тақырыпты ашу кезеңі. «Ой қозғау» стратегиясы.. «Электрлену барысында электр зарядтары қайдан шығады? Неліктен жанасқан денелерде қарама-қарсы таңбадағы зарядтар пайда болады?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашу.

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспарыЭлементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары


Жаңа тақырып.

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспарыЭлементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

Заттар молекулалар мен атомдардан тұрады. Атомдар ядро мен электроннан тұрады. Ядро протон мен нейтроннан тұрады.

Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады. Электрон заряды теріс және оны е әрпімен белгілейді.

е= 1,6*10-19 Кл

m=9,1*10-31 кг

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспарыЭлементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

Ядроның заряды оң және абсалют мәні бойынша атомдағы барлық электрондардың зарядына тең. Тұтас алғанда, атомда заряд болмайды, яғни ол - бейтарап.

Атом электрондарының біразын жоғалтса, онда ол оң зарядталып, оң ион деп аталады.

Атомға артық электрондар келіп түссе, онда ол теріс зарядталып, теріс ион деп аталады.

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспарыЭлементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

Өз тәжірибелерінде Кулон жіңішке серпімді сымға ілінген және шыны цилиндр тәріздес ыдысқа орнатылған шыны таяқшадан тұратын қондырғыны қолданды. Таяқшаның бір ұшына кішкентай металл шар , ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк бекітілген. Саңылау арқылы дәл сондай шар енгізіледі. Шарларды оң зарядтасақ олар бір- бірімен әрекеттеседі.

Кулон заңы: Қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі.

F=kq1q2/r2 k=9*109 Нм2/Кл2

Сәйкестікті тап.

Кулон заңының математикалық өрнегі.

Пропорционалдық коэффициент.

Электр тұрақтысы.

SI жүйесіндегі Кулон заңы.

Ортаға байланысты Кулон заңы.

Кім жылдам?

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

1.Арақашықтығы 2 см, ал зарядтары 2*10-9Кл және 4*10-18Кл болатын бірдей екі кішкене шар вакуумде қандай күшпен әрекеттеседі?

2. Бір-бірінен 5 см қашықтықтағы екі нүктелік заряд өзара 0,4 мН күшпен әрекеттеседі. Әр зарядтың шамасы қандай?

3. 2*10-8см қашықтықта орналасқан екі электрон бірін - бірі қандай күшпен тебеді?

VІ. Жаңа тақырыпты бекіту.

Элементар электр заряды. Атом құрылысы. Кулон заңы тақырыбына сабақ жоспары

Тақырыпқа постер жасап, қорғау

VІ. Оқушыларды бағалау.

Бағалау парақшаларындағы смайликтерді есептеп қорытындысын шығару

VІІ. Үйге тапсырма:

  1. §30-31тақырып. 14 - жаттығу. (3,6)


© 2010-2022