Сабақ жоспары Тұрақты ток тарауына қайталау

Бұл сабақ жоспары Тұрақты ток тарауын қайталау, жалпылау сабағына құрылған. Тұрақты ток тарауы бойынша негізгі әр-бір парагроф кіріктірілген. Ашық сабақ немесе оқушылардың білімін тексеру үшін жалпылау сабағы ретінде өткізуге болады. Сабақ барысында оқушыларды топқа бөлгеннін өзінде, әр-бір жеке оқушымен жұмыс істеуге болады. Есептер. формулалар, анықтамалар барлығы айқындап айтып беруге болады. Ең негізгісі сабақ барысында зертханалық жұмыс өткізіледі. Тарауды бекіту үшін тиімді жоспар деп ой...
Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8 «К» Мерзімі: 5.02.2015ж

Пәні: физика

Мұғалімі: Сулейменова Мадина Кужетуллаевна

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы

Мақсаты: Электрлік шамалардың анықталарын бірліктерін өлшейтін құралдарды білу. Алған білімді қорытындылау, есеп шығару.

Білімділік: тұрақты тоқ заңдарын білу, білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: іскерлікке, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өзіндік қор жинауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Көрнекілік құралдар: Компьютер, интерактивті тақта, презентация, плакаттар, амперметр, вольтметр, тізбек, кілт, тоқ көзі, шам, маркерлер, стикерлер, бағалау парағы.

Техника қауіпсіздігің еске түсіру

Сабақтың барысы:

  • Сәлемдесу.

  • Сыныпты түгендеу, үй тапсырмасын еске түсіру.

  • Сабақтың тақырыбын ашу

  • Шаттық шеңберіне шығу

  • Топқа бөліну (бағалау парағы, плакаттар)

  • Сабаққа мақсат қою

  • 1 белес: Сұрақ-жауап

  • 2 белес: Кім жүйрік

  • 3 белес: Кім жылдам

  • 4 белес: Физикалық тәжірибие

  • 5 белес: Ойлан тап

  • 6 белес: Топтастыру стратегиясы

  • 7 белес: Тест

  • 8 белес: Физикалық формулалар

  • 9 белес: Қорытынды

  • Рефлексия

  • Бағалау

  • Үйге тапсырма

Белестер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Сұрақ -жауап

Мұғалім екі топқа арналған сұрақтарды тақтаға шығарады:

І топ:

  1. Электр тоғы деген не?

  2. Тоқ күші деген не?

  3. Тоқ күшінің өлшем бірлігі?

  4. Тоқ күшін өлшейтін құрал?

  5. Электр тоғының әсерлері?

  6. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы

  7. ІІ топ:

  1. Кернеу деген не?

  2. Кернеудің өлшем бірлігі?

  3. Ом заңын пайдаланып кернеуді тап?

  4. Кернеуді өлшейтін құрал?

  5. Э. К. Қ. Неге тең?

  6. Джоуль- Ленц заңы?

Оқушылар 3 минут уақыт ішінде барлық сұрақтарға толық жауап береді.

Кім жүйрік

Әр топқа бір - бір есептен, бір-бір сұрақтан қойылады.

3минут уақыт ішінде оқушылар есептерді тақтаға және дәптерлеріне шығарып, сұраққа жауап береді.

(Сұрақтарға жауап берілген соң тақтадағы ақ парақ ашылады)

Кім жылдам

Екі топқа екі формуладан беріп, тапсырманы түсіндіру

2 минут уақыт ішінде формулаларды дұрыстап жазып, оқып береді.

Физикалық тәжірибиелер

Оқушыларға тапсырманы түсіндіру

Құралдарды рет ретімен жалғау, тәжірибе жұмысын түсіндіру (4 минут)

(Жаңбыр тоқтайды)

Сергіту сәті

Ойлан тап:

Оқушыларға тапсырманы түсіндіру,ұсыну

3 минут ішінде, Электр тоғына сипаттама жазу,

Тұрақты тоқтың жұмысын, қуатын анықтайтын формулаларды жазып түсіндіру.

Топтастыру стратегиясы

Вен диаграммасын ұсынып, тапсырма беру

Вен диаграммасы арқылы параллель және тізбектей жалғау туралы айту

(Бұлт ашылады)

Тест

Оқушыларға тесттік тапсырма ұсыну

Тесттік тапсырманы шешу.

Физикалық формулалар

Оқушыларға формулалар ұсыну

Формулаларды оқып түсіндіру

(Кемпірқосақ ашылады)

Қорытынды: Электр тогының пайдасы мен зияны

Оқушыларға құралдар таратып, тапсырманы түсіндіру

4 минут уақыт ішінде электр тогының пайдасы мен зияның айтып қорғау

Оқушылар рефлекцияға шығады.

Топ спикерлары бағалармен таныстырады, қорытып айтады

Үйге тапсырма: 5 тарау бойынша (Тұрақты электр тогы) 25 тесттік сұрақ құрастырып, жазып әкелу.

© 2010-2022