• Преподавателю
  • Физика
  • Жарық. Жарық көздері. Күн жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және Айдың тұтылуы

Жарық. Жарық көздері. Күн жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және Айдың тұтылуы

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Шырылдакова Шұға Аманкелдіқызы 8«а» сыныбы. Оқушының саны 24         Ақмола облысы Бурабай ауданы №8 МГ 2 Апта 8.04.2014 4  Сабақ          10.45-11.25 дәрісхана Сабақтың атауы Жарық. Жарық көздері.  Күн жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және Айдың тұтылуы. Сілтеме  Физика және астрономия оқулығы.Алматы кітап 2012.Р.Слайдтар. Физика және матем...                                              Жаңа сабақ        Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары; Мұғалімдер мен оқушылар іс әрекеті . Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу                           СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс әрекеті Сабақтың маңыздылығы не? Оқушылар не алады? Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады? Өмірден алған тәжірибесінің әсері?    Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі «Шаттық ше...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақты құру және жоспарлау кестесі.

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Шырылдакова Шұға

Аманкелдіқызы

8«а» сыныбы.

Оқушының саны 24

Ақмола облысы

Бурабай ауданы

№8 МГ

2 Апта

8.04.2014

4 Сабақ 10.45-11.25 дәрісхана

Сабақтың атауы

Жарық. Жарық көздері. Күн жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және Айдың тұтылуы.

Сілтеме

Физика және астрономия оқулығы.Алматы кітап 2012.Р.Слайдтар. Физика және математика журналы, интернет желісі.

Жалпы мақсаты

жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы, жарықтың түзу сызықпен таралуы, Күннің құрылысы, Күннің және Айдың тұтылуы туралы мағлұмат беру;

Міндеттер:

Білімділік: Оқушыларға жарық көздерінің әлемнің тіршілігі үшін алатын орны ерекше екендігін түсіндіру, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Алған білімдерін күнделікті өмірімен байланыстыра отырып пайдалана білуге үйрету, жарық құбылыстары, жұлдыздар, Күн туралы ұғымын кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдыққа, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, өз беттерімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының қауіпсіздік шараларын қаншалықты білетініне сүйену.

2.АКТ - ға сүйене отырып,жаңа ой дағдыларын жетілдіру.

3. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу туралы түсініктерін

қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

Тақырыптан алған жарық, жарық көздерін, оның түрлерін айыра білу,жарықтың түзу сызықты таралу заңын меңгеру, Күн мен Айдың қалай тұтылатынын білу.

Тапсырмалар

Таратпа карточкалар, қарама - қарсы элементтер карточкасы,семантикалық карта карточкасы.


№55 сабақ. Жарық. Жарық көздері. Күн жұлдыз. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Көлеңке және жартылай көлеңке. Күннің және Айдың тұтылуы.

Жаңа сабақ

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары; Мұғалімдер мен оқушылар іс әрекеті . Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

Оқушылар не алады?

Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

Өмірден алған тәжірибесінің әсері?

Сабақтың болашақта оқушыға қандай әсері бар?

Қызығушылықтарын оятуға дайындық кезеңі

«Шаттық шеңбер» ойын өткізіп сабақ оқушылардың бір-біріне тілек тілеу арқылы басталады.

Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер

Еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

Өздігінен әзденуге қандай мүмкіндіктер жасалды?

1.Қызығушылығын ояту

Психологиялық ахуал

Оқушылар өз еркі бойынша топқа бөлініп сабақты жалғастырамын. Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. Олар: «Жарық», «Жарық көздері» және «Күн».

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Үй тапсырмасын сұрау

«Электромагниттік құбылыстар» тарауы бойынша қорытынды, қайталау.

1. Магнит өрісі дегеніміз не?

/ өткізгіштің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі/

2. Магнит өрісінің басты қасиеті неде?

/ оның электр тогымен әсер етуінде/

3. Магнит өрісінің күш сызықтары қандай? / тұйықталған/

4. Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгішке әрекет ететін күштің бағытын білу үшін қандай ереже қолданамыз?

/ «Сол қол» ережесі/

Алақанға - өрістің күш сызықтары кіретіндей етіп орналастырылады.

4 саусақ - тоқтың жүру бағытын көрсетеді.

90 С° бас бармақ - өткізгішке әрекет ететін магниттік күшінің бағытын көрсетеді.

5. Магнит өрісінің әрекетінен магниттелетін заттар не деп аталады?

/ Магниттер, ферро, пара, диамагниттер/

6. Электромагниттік индукция дегеніміз не?

/ контурды тесіп өтетін магнит өрісі өзгерген кезде электр тогының пайда болу құбылысы/

7. Генератор дегеніміз не?

/ механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина/

8. Генератордың құрылысы?

/ индуктор, якорь, щеткалар ( пластина), ротор, статор ( қозғалмайтын)

9. Трансформаторлар дегеніміз не?

/ кернеуді арттыру немесе кеміту үшін қоданылатын құрылғы/

10. Электромагниттік құбылыстар қайда қолданылады?

/ тұрмыста, техникада, магнитофон динамигінде, музыкалық аспаптарда, тәжірибелер жасауда/

11. Ендеше, тәжірибе жасайық, қағаз, шегелер, магнит.

/ магниттің жанында магнит өрісінің күш сызықтары түзілетінін байқауға болады/ белгілі бір бағытпен орналасады//

Мағынаны ажырату (жаңа ақпарат)

Оқушыларды белсене қатыстыру

Стратегияларды жүйелі қолдану арқылы оқушылардың жүмысын үйымдастыру

Оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау,

Қарым қатынас шеберлігін білу оқулықтан басқа ақпараттар көзін алу

2. Мағынаны тану

Ой қозғау

Оқушыларға осы тақырыптар бойынша мәтіндерді бөліп беремін. Мәтіннің алдында оқушылардан «Жарық» туралы ойларын біле отырып, «Жарық құбылыстары» тарауына түсініктеме беріп өтемін. Оқушылар, сендер әр адамға қажет, өте қызық, өте пайдалы құбылыстармен таныса бастайсыңдар. Ол - жарық құбылыстары. Бұл ілімді физикада «Оптика» деп аталатын бөлім қарастырады.

Интерактивті тақтада Оптика - жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді қарастыратын бөлім деп жазылады.

Негізгі оптикалық құбылыстарды білудің үлкен танымдық және практикалық мәні бар. Біз әр түрлі жарық құбылыстары бар әлемде өмір сүреміз. Жарық құбылыстарының таңғажайып құпияларын білмегендерге таңқаларлық және құпия болып көрінеді. Сондықтан, олардың заңдары мен құбылыстарын түсіне білсек қана осы құпияны аша аламыз.

Ендеше, бүгін жарық, жарық көздері, жарық жылдамдығы және өздігінен сәуле шығаратын зор энергия көзі - Күн туралы мағлұмат аласыңдар. Өз беттеріңше оқи, жаза, есте сақтай отырып, тақырыпты ашасыңдар. Енді мәтін бойынша бөліп оқисыңдар, керектілерін түртіп алып, ассоцияция құрасыңдар.

Толғаныс (рефлексия)

Сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

Ой қорытынды

«Қарама - қарсы элементтер» стратегиясы

Дербес жарық көздері

Шағылған жарық көздері

Жылулық, люминесценциялық, плазмалық

Жарық көздерінен өздеріне түсетін жарықты шағылдырушы

- отын, электр шамының қылы

- кен пешінен алынған металл кесегі

- найзағай

- теледидар, компьютер тақталары

- өсімдік тамырларының шіруі

- жарық қоңыздары

- терең қабатта жүзетін балықтар

- металдардың әр түрлі тұздары

- газдар, солтүстік шұғыла

- жарнамалық түтікшелер

- кварц шамдары, лазерлер

- аспан күмбезі

- мұхит

- теңіз

- көл

- өзен суларының беті

- қар

- бұлт жамылғыларының беті

- планеталар, серіктер

- Жердің жасанды серіктері

- Кометалар

- Метеорлар

- Ал, Күн мен жұлдыз - жылуы да, әлем кеңістігіндегі жарықты да өздері шығаратын аспан денелері, энергия көзі.

«Суретке қарап болжау» стратегиясы. Әр топқа суреттер беріледі.

Семантикалық картаны толтыру.

Суретті сөйлетіп, өз ойларын айту керек.

Жарық

Не үшін керек

Жарық көздері

Жылдамдықтар /өлшемдері/

Химиялық реакциялар

Қолданылуы

Жарық

Аспан денелері

Табиғи

Жасанды

Күн

тіршілік;

табиғатты тану;

дүниені көру;

оптикалық аспаптар;

қызу, жану, жарық.

дербес;

электр шамы;

найзағай;

жарнамалық түтікшелер;

бөлшектер ағыны;

ай;

жұлдыз;

кометалар.

сәуле шығару энергисы;

толқындық қасиеттері;

массасы / фотон /;

300 000 км/с;

300 000 000 м/с.

мата бояуларының оңуы;

фотопластиналар;

фотопленкалар;

өсімдік жапырақтарында жарық әсерінен хлорофилл түзіледі;

дене жарықты жұтады.

әскери техникада;

медицинада;

көлік

қозғалысының қауіпсіздігі.

Физикалық диктант

1 топ

1)Жарық бөлшектері .... деп аталады. (фотондар)

2) Жарық көздері - ... шығаратын денелер (жарық)

3) ...... жарық көздері өз кезегінде жылулық.люминесциялық, плазмалық болып үш топқа бөлінеді. (дербес)

4) Түсетін сәуле шығару энергиясын денелер жартылай жұтады, соның нәтижесінде .... қызады. (денелер).

5) Жарық дегеніміз - ол да сәуле шығару, бірақ оны көзбен қабылдайтын болған соң, жарықты ... деп те атайды. (көрінетін сәуле шығару)

6) Ауада жарық жылдамдығы....... км/с. (299711)

2 топ

1)Радиусы Күннің радиусы болып саналатын Күннің көрінетін беті ...... деп аталады. (фотосфера)

2) Атмосферадағы осы температура, алдымен жайлап соңынан тез жоғарлайды Күн атмосфераның бұл аймағын ......деп аталады. (хромосфера)

3) Әрі қарай күн тәжінің газы планетарлық кеңістікте таралып, Күннен тұрақты таралатын ..... деп аталатын ыстық сиретілген плазма ағынын құрайды. (күн тәжі)

4) Күннің массасы Жердің массасынан ....... есе үлкен және басқа барлық планеталарды бірге алғандағы массадан .... есе асып түседі. (333000;750)

5) Атмосфераның қалындығы 200-300 км болатын ең терен қабаты........ (фотосфера)

6) Күннің көлемі Жердің көлемінен ... есе артық. (1300000)

3 топ

1)Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық .... деп аталады. (жарық сәулесі)

2) Егер бұл өлшемдер жарық көзінен бақылаушыға дейінгі арақашықтық пен салыстырғанда өте аз болса онда жарық көзінің өлшемдерін елемеуге болады, мұндай көзді ...... . (нүктелік жарық көзі)

3)Егер жарық көзі нүктелік деп есептеуге болмайтын үлкен шам болса, онда экрандағы толық көлеңкенің айналасында өте қаранғы емес екі аймақ - ........ пайда болады. ( алакөлеңкелер)

4)Ай Жердің көлекесі аймағына енгенде, ...... басталады. ( Ай тұтылуы).

5) Айдың толық тұтылуы ұзаққа созылады .........дерлік болуы мүмкін. (екі сағат, 1 сағ. 40мин)

6) Жарық көзінен жарық түспейтін мөлдір емес нәрсенің сыртындағы кеңістіктің бөлігін .... деп аталады. (көлеңке)

Бағалау түрлері

Топтық бағалау

Мұғалімнің бағалауы

Жалпы бағалау

Бағалау

Формативті бағалау

Өзін - өзі бағалау

Өзімнің бағалауы

Сабақты аяқтау түрлері

Бір пікірге келу

Үй тапсырмасы: §61,62,63

Өзін-өзі тексеру сұрақтары



© 2010-2022