Физика сабағында ИКТ қолдану әдісі

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Физика сабағында интерактивті тақтаны қолдану мүмкіншілігі.

Мақсаты мен міндеті: физика сабағында интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып , логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасау,ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ету.

Физика - зат әлемді және оның қозғалысын зерттейтін ғылым.

Табиғат тылсымдарын зерттеуші бұл ғылым саласын меңгеру барысында, ақпараттық технологиялардың маңызы өте зор.

ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы: қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.

Осы орайда білім алушы жастарға ақпараттық технология мүмкіншіліктерін толық меңгерген жөн.

Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға физика пәнінен ақпараттық технология негіздері арқылы білім беру, логикалық - құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық технологияны «Жалпы физика курсы» білім беру үдерісінде қалыптастыруда ескерілетін жәйттар:

- мектептің материалдық-техникалық базасына;

- ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне;

- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;

- оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне.

Физика сабақтарында интерактивті тақтаны қолданудың негізгі ерекшеліктері:

- бір уақытта бірнеше формулалармен жұмыс жасай алуы;

- сызбанұсқаларды, кескіндерді оқушылардың меңгере алуы;

-экрандық кескіндердің графикалық түсініктемелерін беру;

бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге және тексеруге мүмкіндік туғызады;

қажетті формулалар мен анықтамаларды есте сақтау қабілеттері артады;

 оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды;

- оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін, есте сақтау қабілеттері дамиды;

-тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;

 сурет, сызбалар, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары арқылы есте сақтау қабілеттері артады.

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
- пән бойынша базалық білімді меңгеру;
- алған білімді жүйелеу;
- өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру.

Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Сонымен ғылым мен техниканың даму ғасырында мұғалім инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда сабақты дайын күйінде бағалайды, оқушының өзі ізденіп, ғылыми зерттеуді көздейді, ал мұғалімнің міндетіне оқушының іс-әректіне бақылау ғана жатады.

Оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушының жеке тұлға тұрғысынан қарастыратын болса, оқытудың сапалы болатындығын және ең негізгісі оқушылардың пәнге деген қызығуы мен жауапкершілігі, өз бетімен жұмыс істеу ынтасы, ізденушілік- шығармашылық, зерттеушілік қабілеттері артады. Ендеше әрбір жаңашыл педагог оқу үрдісінде түрлі инновациялық және интерактивтік әдістемелерді пайдалана білсе, сабақ сапасының жақсара түсетіні сөзсіз.



© 2010-2022