Ашық сабақ Дененің электірленуі

Сабақтың тақырыбы : Дененің электрленуі. Электр заряды. Электр                                               зарядының  сақталу заңы. Сабақтың мақсаты : Білімділік : Макроскопиялық денелердің электрлену құбылыстарына түсінік беру. Тәжірибе түрінде табиғатта екі түрлі заряд бар  екенің көрсету, оң және теріс зарядтардың қасиетін анықтау.                                   Дамытушылық : Тұрмыстағы және техникадағы электрленумен кұресу жолдары. Физикалық құбылыстарды бақылау кезінде абстракті жән...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Дененің электрленуі. Электр заряды. Электр

зарядының сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты :

Білімділік : Макроскопиялық денелердің электрлену құбылыстарына

түсінік беру. Тәжірибе түрінде табиғатта екі түрлі заряд бар екенің көрсету, оң және теріс зарядтардың қасиетін анықтау.

Дамытушылық : Тұрмыстағы және техникадағы электрленумен кұресу жолдары. Физикалық құбылыстарды бақылау кезінде абстракті және аналитикалық ойлау қабілетін қалыптастыру. Практикалық тапсырмаларды орындау кезінде өзбетінше оқу белсенділігін қалыптастыру.

Тәрбиелік : Оқушылардың білім алу белсенділігін қалыптастыру. Нашар оқитын оқушыларға өз өнерін көрсетуге жағдай жасау. Пәнді тереңірек оқи білуге қызықтыру, баулу.

Сабақтың түрі : Жаңа тақырыпты меңгеру, жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: слайттар, интерактивті тақта, видеоролик

Пәнаралық байланыс : химия

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

1) .................................................................... жоқтан алынатын энергияның көмегімен жұмыс істейтін мәшиненің бар болуын жоққа шығарады.

2) Қысымы тұрақты, ал температура мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті ............................................................деп атайды.

3) Температурасы тұрақты, ал қысымы мен көлемі өзгеретін термодинамикалық процесті ........................................................ ...деп атайды.

4) Жылу алмасусыз өтетін процесті ..............................................деп атайды.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

І. Біз бүгін физиканың жаңа бөлімімен танысамыз , ол « Электр құбылыстары». Бұл өте қызықты бөлім, өйткені электр энергиясыз біздің тұрмыс - тіршілігіміз мүмкін емес. Электр тоғын қалай алып, қалай пайдалану керек екендігін білу үшін, бізді қоршаған электр құбылыстарымен танысуымыз керек. Оның бірі денелердің электрленуі. ( сурет № 1) Шаштың электрленуі : таза шашты тарақпен тарағаннан кейін шаш электрленеді.

Егер біз пластмасса тарақты немесе қаламды киімге үйкесек, онда ол ұсақ қағаздарды өзіне тартады. Сендер үстілеріңнен синтетикалық киімді шешкенде, шытырлаған дыбыс естисіңдер, ал қараңғы бөлмеде жарқылды байқайсындар.

Бір грек аңызы бойынша , біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырда грек философы Фалестың қызы янтарьдаң жасалған ұршығын жіптен тазарта алалмай жатқаның айтты. Фалесті бұл құбылыс қатты қызықтырды. Ол ұршықты шерс матамен сұртіп тазаламақшы болды да, сұрткен кезде жарқыл шығатынын байқады. Бұл құбылысқа түсінік бере алмады. Бірақ оған электр құбылыс деп ат қойды, өйткені грек тілінде янтарь « электрон » деп аталады. ( № 2 сурет ) Электронға қатысты құбылыстарды дененің электрленуі деп атаған. Электрлену барысында пайда болған күштерді электр күштері деп атаған.

Электрон деген сөздің өзі химия пәнінен сендерге таныс. Кімнің есінде бар, электрон дегеніміз не ? ( атомның бөлігі ) Атомның құрылысында тағы қандай бөлшектер бар ? ( № 3 сурет ) Атом нейтральді зарядталған болады. Электрон теріс зарядталған, протон оң зарядталған. Электрондармен протондар саны бірдей. Егер атомнан бірнеше электрондарды алса, онда оң зарядталған бөлшектер саны басым болады да атом оң зарядтаған ионға айналады.Егер бірнеше электрон қоссақ - теріс зарядталған ионға айналады. Дене зарядталған бойымен басқа денелермен электр күштерімен байланысады.

Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады. Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылатының байқауға болады. Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электрлік тартылыс күштері пайда болады. Бұл құбылыс үйкеліс арқылы электрлену деп аталады.

Денелерді электрленуі тек үйкелу арқылы ғана пайда болмайды, жай жанасу кезінде және алшақта орналасқан кезінде де электрленеді. Үйкелу - денелердің жанасып ажырау процесі. Үйкелгенде жанасу ауданы ұлғаяды, денелердің электрлену ықтималдығы артады. Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрлену мүмкін.

Жазамыз: Үйкелу немесе жанасу кезінде пайда болатын электр зарядтар құбылысын элетрлену дейміз.

Денелердің немесе бөлшектердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болатын физикалық шаманы электр заряды дейміз. Электр зарядың q әріпімен белгілейді.

Ежелгі заманда екі заряд бар екенің байқаған, оларды шамалап оң және теріс заряды деп атаған. Оң зарядтар шыныны жібек матамен үйкеген кезде, ал теріс зарядтар эбонитті шерс матамен үйкеген кезде пайда болады. Жазамыз: Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар теріс (-q), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+ q) деп аталады. Бұл зарядтар бір- бірімен тұрліше әрекеттеседі. Жазамыз: Аттас зарядтарбір-бірімен тебіледі, ал әр аттас зарядтары бір-біріне тартылады.

Тәжірибе жасаймыз :

1. Екі полиэтилен пленканы аламыз, партаның үстіне (бір-бііне параллель) орналастырамыз, олардың үстінен бір рет қолымызбен сипаймыз. Пленкаларды ұшынан ұстап көтереміз, арасын алшақ ұстаймыз және жайлап жақындатамыз да, олардың арасындағы құбылысты байқаймыз.

2. Енді тура осы тәжірибені қайта жасаймыз, бірақ пленкаларды қолымен қаттырек және көп үйкейміз. Олардың әрекеттесу күші қалай өзгереді ?

3. Полиэтилен пленкамен қағаз кесіндісін пайдаланып ұқсас тәжірбие жасаймыз. Оларды электрлендіру үшін қағаз кесінді үстіне полиэтилен пленкасын қоямыз да үстінен үйкейміз ( алғашқысында жай бір жұргіземіз, кейін қатты үйкелейміз). Әр кезде кескіндерді алшақтатып кейін жаілап бір-біріне жақындатыңдар, олардың әрекеттерін байқаңдар.

Қорытынды жасаймыз:

1. Зарядталған полиэтилен мен полиэтилен қалай әрекеттеседі?( тебіседі) 2.Зарядталған полиэтилен мен қағаз кесіндісі қалай әрекеттеседі? (тартылады)

3. Электрлену күші олардың ара қашықтығынан қалай тәуелді болады?(Ара қашыктығы ұлғайған сайын әрекеттесу күші әлсірейді)

4.Электрлену күші олардың зарядының шамасынан қалай тәуелді болады?(Зарад шамасы көбейген сайын күші де көбее түседі)

Егерде алғашында дене бейтарап (зарядсыз) болса, онда ол заряды бар денемен қалай әрекеттеседі?.Бұл кезде бейтарап денеге заряды бар дененің зарядтары беріледі де зарядтар тең бөлінеді. Ол өте шапшан болғандықтан байқалынбай қалады.

Біз қатты денелердің, үйкелу арқылы өтетін, электрленуін қарастырдық. Бірақ сүйықтар мен газ арасында электрлену өтеді. Үрленген шарды, үйкеп зарядтап, крандағы ағып жатқан суға жақындатсақ, ол тартылады.(№ 5 сурет) Жан жаққа шашыраған кезде электрлену болады. Газдар ыдыстардың шеттеріне үйкелген кезде электрленеді.

II. Электрленудің пайдасы да зияны да болады.

1. Зиянкес электрленуді қарастырайық (қосымша 2): жіптердің ширатылуы немесе олардың тебілуі( фабрикада ылғалдылық 70% аспауы тиіс). Қағаздың электрленуі (қалай тез электрленгенің көрдіңдер) жыртылуына, жарқылдың пайда болуына әкеп соғады. Керек мөлшерде қағаздың жылжу жылдамдығын қалыптастырады,ылғалдығын сақтайды. Өндірістегі ременьді немесе ленталы қозғалту кезінде ылғалдығын көбейтіп, жылдамдығын қалыптастырады. Сығылған және сүйықталған газдарды жеткізу кезінде электрлену болады, оларға антистатикалық құрылғылар орналастырады.

2.Пайдасы : Электростатикалық бояу , Электро ыстау ,Синтетикалық қылшық пен маталарды жасау, Электростатикалық араласу .

3.Табиғаттағы электрлену- ол найзағай.

IV. Бекіту үшін,сұрақтарға жауап береміз (слайд)

V.Үйге тапсырма: § 28.

VІ.Уақыт қалса күлкілі электрлену көріністерін көрсету.(видио ролик)

Практикалық жұмыстың бланкісі:

Оқушының аты-жөні _____________________________________________

Күштердің өзара әрекеттесу кезінде зарядталған денелердің таңбасы мен арақашықтықтағына тәуелділігін анықтау


1. Екі полиэтилен пленканы аламыз, партаның үстіне (бір-бііне параллель) орналастырамыз, олардың үстінен бір рет қолымызбен сипаймыз. Пленкаларды ұшынан ұстап көтереміз, арасын алшақ ұстаймыз және жайлап жақындатамыз да, олардың арасындағы құбылысты байқаймыз.

а) бір-біріне тартылады ә) тебіледі б) әсер етпейді

2. Енді тура осы тәжірибені қайта жасаймыз, бірақ пленкаларды қолымен қаттырек және көп үйкейміз. Олардың әрекеттесу күші қалай өзгереді ?

а) күшееді ә) азаяды б) әсер етпейді

3. Полиэтилен пленкамен қағаз кесіндісін пайдаланып ұқсас тәжірбие жасаймыз. Оларды электрлендіру үшін қағаз кесінді үстіне полиэтилен пленкасын қоямыз да олардың үстінен бір рет қолымызбен сипаймыз.

а) бір-біріне тартылады ә) тебіледі б) әсер етпейді

4. Енді тура осы тәжірибені қайта жасаймыз, бірақ қолымен қаттырақ және көп үйкейміз. Олардың әрекеттесу күші қалай өзгереді ?

а) күшееді ә) азаяды б) әсер етпейді

Қорытынды: Зарядталған денелердің арақашықтығы үлкейген сайын әрекеттесу күші ___________________ . Заряд күшейген сайын әрекеттесу күші______________

© 2010-2022