Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.

Сабақтың мақсаты: Электрондардың ерекше күйін электрондардың ядро төңірегінде қозғалып, орналасуын ғылыми тұрғыдан түсіндіру, атом құрылысының заттың элементтің химиялық қасиетіне тигізетін әсерін табиғат заңдарымен байланысты ұғынуға баулу, ой-тұжырым жасауға жетелеу, химия және физика тұрғысынан атом құрылысы туралы ізденуге, өзара пікірлесуге баулу.

Көрнекіліктері: атом құрлысының суреті

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Физика курсы бойынша атом құрлысына пысықту сұрақтары

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Жаңа тақырыпты қорытындылау

  5. Жаңа тақырыпты бекіту

  6. Үй тапсырмасын сұрау

  7. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы: бізді қоршаған орта сансыз мол әр түрлі табиғи заттар мен денелер бар. Қолдан жасалған жасанды бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр түрлі денелер, жер бетіндегі мұхиттар мен теңіздердегі сан алуан өсімдіктер мен жануарлар қаншама? Міне, осындай «тірі және өлі» табиғаттағы сан жетпес әр заттар мен денелер неден тұрады деген сұрақ туатындығын айтқанбыз. Ендеше атом туралы не білеміз?

  1. Атом дегеніміз не?

Молекуланың ең кіші бөлшегі

  1. Атомдардың құрайтын элементар бқлшектер қалай аталады?

Протон, нейтрон, электрон

  1. Демокриттің айтуы бойынша атомдар дегеніміз не?

Барлық заттардың бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерін атомдар деп атайды.

  1. Атомның электрондық қабатшалары қалай түзіледі?

Электрондар ядроны шыр айнала қозғалады да, атомның электрондық қабатшаларын түзеді.

  1. Жекелеген атомдар химиялық элементтердің ең ұсақ бөлшегі, ал заттардың ең ұсақ бөлшектері не?

Молекула

  1. Молекула дегеніміз не?

Бірнеше атомдардан тұратын заттың ең кіші бөлшегі

«Ой толғау»

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Атом құрылысының элементар бөлшектерінің санын қалай есептейді деген сұрақтарға бүгінгі сабақтан жауап іздейміз. 1911 жылы ағылшын ғалымы Э.Резерфрод атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Электрон - теріс зарядталған ең кіші бөлшек. Химиялық элемент атомдарынң сандық мөлшері сол элементтердің периодтық кестедегі реттік нөмірлеріне тең.

Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.

Мұндағы Р -протондар, Z - элементтің реттік нөмірі

Мұндағы (n) - массасы 1-ге тең, бірақ зарядсыз бөлшек. Протондар мен нейтрондардың массасы жағынан сол элементтің салыстырмалы атомдық массасына тең.

Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы.

Мұндағы Ar-сол элементтің салыстырмалы атомдық массасы, Р- протон саны, N- нейтрон саны

«Ой қозғау»

  1. Атом қандай бөлшек?

Молекуланың ең кіші бөлшегі

  1. Элементтің физикалыө-химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бқлшегі?

Атом

  1. Атомда электрондар қандай күйде болады?

Айналып жүреді.

Жаңа тақырыпты бекіту.

Оқушылар «білемін», «білгім келеді», «үйрендім» бағандарын толтырады.

«білемін»

«білгім келеді»

«үйрендім»





© 2010-2022