Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып)

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Электромагниттік толқындар шкаласы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Компьютерлік молдельдеу арқылы «Электромагниттік толқындар шкаласы» тақырыбы бойынша оқушылардың білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау, білімдерін қалыптастыра отырып бір жүйеге келтіру,тақырыпты есте сақтау, түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше ізденімпаздыққа, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара бағалауға, адамгершілікпен ұжымдық қарым -қатынас жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау.

Сабақтың әдісі: Жаңа ақпараттық технология элементтерін пайдалану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

  1. теориялық білімдерін тексеру.

  2. практикалық тапсырмаларын тексеру.

  3. есептерін тексеру.

ІII. Жаңа материалды меңгерту:

1. Төменгі жиілікті толқындар.

2. Радиотолқындар.

3. Инфрақызыл сәулелер.

4. Көрінетін жарық.

5. Ультракүлгін.

6. Рентген сәулелері.

7. Гамма-сәуле шығару

Электромагниттік толқындарды жиілік бойынша жіктеу электромагниттік толқындар шкаласы деп аталады. Олар (ν = 10-3 Гц) төменгі жиілікті толқындар мен радиотолқындардан бастап, гамма сәулелерге дейінгі (ν < 1021 Гц) аралықты қамтиды. Жиілігі мен толқын ұзындықтары әр түрлі электромагниттік толқындарды шартты түрде шығарып алу және тіркеу тәсілі, затпен өзара әсерлесу сипаты бойынша диапазондарға бөледі.Төменгі жиілікті толқындар шығару, радиотолқындар, инфрақызыл сәулелер, көрінетін жарық, улътракүлгін сәулелер, рентгендік сәулелер және γ - гамма шығару деп диапазондарға бөлу қабылданған:

Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып)Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып)

Сурет - 2.3.3 Электромагниттік толқындар шкаласы


  1. Төменгі жиілікті толқындар

Бұл толқындарды арнайы жасалған генераторлар мен айнымалы токтың генераторлары шығарады. Электрлік приборлар мен электрлік қозғалтқыштардың басым көпшілігі жиілігі 50 - 60 Гц айнымалы токпен қоректенеді.

  1. Радиотолқындар

Радиосәулелерді шығаратын генераторлармен таныссыңдар. Олардың толқын ұзындықтары 10−6м-ден 5 ·104 м-ге дейінгі аймақты қамтиды.

  1. Инфрақызыл сәулелер шығару

Толқын ұзындығы 2 мм-ден 760 нм-ге дейінгі, жылулық және электрлік әсерлерден молекулалар мен атомдардың тербелісі кезінде инфрақызыл сәулелер шығады. Оны 1800 ж. Гершель ашқан еді. Инфрақызыл толқындарды кейде жылулық сәуле деп те атайды. Адамның көзіне әсер етіп, көру сезімін туғызатын электромагниттік толқынның бөлігін көрінетін жарық дейді. Ол ұзындығы 380 нм (күлгін түс) мен 760 нм (қызыл түс) толқын аралықтарында болады және электромагниттік толқындардың диапазонында өте шамалы бөлікті құрайды.

  1. Ультракүлгін сәулелер шығару

Толқын ұзындығы 400 нм-ден 10 нм-ге дейін болатын ультракүлгін сәулелерді шапшаң электрондардың әсерінен туындайтын солғын разряд арқылы алады. Ультракүлгін сәулелерді 1801 жылы И.Риттер мен У.Волластон алғаш рет шығарып алған. Ультракүлгін сәулелер де инфрақызыл сәулелер сияқты көрінбейді.

  1. Рентген сәулелері

1895 жылы В.Рентген толқын ұзындығы 10 нм-ден 10−3нм болатын, ультракүлгін толқындар ұзындығынан қысқа сәуле шығарудың түрін ашты. Рентген сәулелері шапшаң электрондар мен зарядталған бөлшектер кенет тежелгенде пайда болады. Қолданылу аймағы өте кең рентген сәулелерінің көзі рентген түтіктері болып табылады. Рентген бұл сәулелердің қасиеттерін зерттеу арқылы олардың жұтылуы түрліше екенін анықтады. Көбірек жұтылатын сәулелерді жұмсақ, нашар жұтылатын сәулелерді қатқыл рентген сәулелері деп атаған.

  1. Гамма-сәуле шығару

Электромагниттік сәуле шығарудың ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы - гамма - сәулелер. Олардың толқын ұзындығы 10−10м мен 3·10−13 м аралығында болады. Гамма - сәулелер қозған атом ядроларында және радиоактивті ыдырау құбылысы кезінде шығарылады. Оның көзі Жер бетінде де, ғарышта да кездеседі. Ғарыштан келетін электромагниттік сәуле шығарудың кейбір бөлігі ғана Жер атмосферасында жұтылмай өтеді. Ал гамма - сәуле шығарудың барлығы дерлік Жер атмосферасының озон қабатында жұтылады. Жер бетіндегі тіршіліктің өмір сүруі тікелей осы озон қабатының сақталуына байланысты. Электромагниттік сәуле шығарудың жеке түрлерінің арасындағы сапалық айырмашылық толқын ұзындықтары қысқарған сайын байқала бастайды. Қысқа толқынды электромагниттік сәулелерде корпускулалық қасиеттер басым болады.

Кесте - 2.3.3 Электрмагниттік сәулелену шкаласы

Жиілік Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып) Гц

Толқын ұзындығы

Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып), м

Диапазон атауы

Генерацияның негізгі әдістері

Фиксация әдістері және қолдану аймағы

103-не дейін

3  104 астам

Төменгі жиіліктегі тербелістер

Айнымалы ток генераторы

Электртехникалық (электртехника)

103

3  105

Радиотолқындар

Радиожиілікті генераторлар

Радиотехникалық (радиотехника, телевидение, радиобайланыс, радиолокация)

1012

3  10-3

Инфрақызыл сәулелену

Молекулалардың және атомдардың жылулық және электр әсері кезінде сәулеленуі

Көз

Фотографиялық

Фотоэлектрлік

(Жердегі өмір) фотографиялық фотоэлектрлік (медицина)

3,8 104

8  107

Көрінетін жарық

7,51014

4  10-7

Ультракүлгін сәулелену және жұмсақ рентгендік сәулелену

Үдетілген электрондардың әсерінен атомдардың сәулеленуі

3 1017

10-9

Рентгендік Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып) - сәулелену

Үдетілген зарядталған бөлшек әсерінен атомдық үрдістер. Ядролық үрдістер. Радиоактивтік ыдырау. Ғарыштық үрдістер

Фотографиялық

3 1020

1012

1023

3  10-15

Электромагниттік толқындар шкаласы. (11 сынып) - сәулелену

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§3. 10 дайындық сұрақтарын талдау.

VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру

жұмыстарын жүргізу.

Есептер шығарту.

VIІI. Бағалау. Үй тапсырмасын беру:

§3. 10 мазмұнын айту, есептер шығарту .


© 2010-2022