Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты

§5 -7 Жылу өткізгіштік Конвекция. Сәулелік жылу алмасу

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік Конвекция. Сәулелік жылу алмасу жайлы мағлұмат беру

  • Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік Конвекция. Сәулелік жылу алмасу жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік Конвекция. Сәулелік жылу алмасу жайлы мағлұмат алады

  • Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік Конвекция. Сәулелік жылу алмасу жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады). Әр түрлі заттар жылуды әр түрлі өткізеді. (тәжірибе көрсету).

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлеріФизика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері

Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады. (Видеофрагмент көрсетіледі).

Көрсетілетін тәжірибелер:

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері

Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады).

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру

1.1. Топқа бөлу (өлең шумақтары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

  4. Жылу алмасу дегеніміз не?

  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

  1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

  2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?

  3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?

  4. Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо»

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (Штурман - басқарушы, пилот - орындаушы)

Жұптар берілген суретті түсіндіреді.

Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлеріФизика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері



Физика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлеріФизика пәнінен сабақ жоспары. Тақырыбы: Жылу берілу түрлері

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (серпілген сауал)

Кейінгі оқу

§5-8 Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік


© 2010-2022