Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Физика.

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: «Үйкеліс күші. Ауырлық күші. Заттың тығыздығы» тақырыптары бойынша бақылау жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:

1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.

2. Өз беттерінше, жеке жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.

I нұсқа

1. Шананы қардың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта 25 Н күш түсіреді. Егер шана қар бетімен үйкелгенде үйкеліс коэффициенті 0,05 болса, шананың массасын табыңыз.

2.Қабырғасының ұзындығы 7 см және қабырғасының қалыңдығы 1 см болатын іші қуыс мыс текшеге қандай ауырлық күші әрекет етеді ?

3. Шоколадтың тығыздығын анықтаңыз. Құрал - жабдықтар: текше тәрізді шоколад, таразы, сызғыш немесе мензурка.

II нұсқа

1. Салмағы 4 кН шананы мұздың бетімен тарту үшін горизонталь бағытта қандай күш түсіру керек? Шана мұз бетімен үйкелгендегі үйкеліс коэффициенті 0,03.

2. Салмағы 50 Н болатын іші қуыс шойын текшенің қабырғасының ұзындығы 12 см. Текшенің қабырғаларының қалыңдығын табыңыз.

3. Алманың тығыздығын анықтаңыз. Құрал - жабдықтар: алма, таразы, мензурка, суға толып тұрған ыдыс.

Бақылау жұмысының жоспары:

Критерий

Тақырыбы

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсыр маның №

Ұпай (max)

A

Үйкеліс күші

Денені горизонталь қозғалтқандағы үйкеліс күшін, дененің массасын анықтау

1

6

A

Ауырлық күші

Денеге әрекет ететін ауырлық күшін анықтау, текшенің салмағы белгілі болғанда , оның қабырғасының қалыңдығын анықтау

2

6

B

Заттың тығыздығы

Құрал - жабдықтарды қолданып, заттың тығыздығын анықтау

3

14

C

Заттың тығыздығы

Құрал - жабдықтарды қолданып, заттың тығыздығын анықтау

3

4

Бағалау жұмысының шкалалары:

Критерий

Тапсырма

ұпай

Тексерілетін элемент

Тапсырмаға берілетін ұпай

A

1

0

Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді

6

1

Оқушы есептің берілгенін дұрыс жазды

1

Оқушы ХБЖ дұрыс келтірді

2

Үйкеліс күшінің өрнегін дұрыс жазды

2

Оқушы есептеуді дұрыс орындап, жауабын алды

2

0

Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді

6

1

Оқушы есептің берілгенін дұрыс жазды

1

Оқушы ХБЖ дұрыс келтірді

2

Оқушы ауырлық күшінің өрнегін дұрыс жазды, денелердің ішкі және сыртқы көлемдерін есептеу формулаларын дұрыс қорытып шығарды

2

Оқушы есептеуді дұрыс орындап, жауабын алды

B

3

0

Оқушы төмендегілердің ешқайсына жетпеді

14

2

Оқушы жұмыстың мақсатын анықтай алды

2

Оқушы дұрыс болжам жасады

2

Оқушы зерттеу құралдарын дұрыс анықтады

2

Оқушы заттың тығыздығын анықтайтын формуланы дұрыс жазды

2

Оқушы жұмыстың барысын дұрыс анықтады

1

Оқушы аспаптың бөлік құнын дұрыс анықтады

2

Оқушы экспериментті дұрыс жүргізді

1

Оқушы аспаптық қателікті дұрыс есептеді

C

3

0

Оқушы төмендегілердің ешқайсысына жетпеді

4

2

Оқушы кестені дұрыс толтырды

2

Оқушы жұмысқа дұрыс қорытынды жасады

Барлығы:

30

Бағалау парағы:

Критерийлер бойынша ұпайлар

Ұпайлардың қосындысы

Баға

А

В

С








Ұпайларды бағаға аудару парағы:

Жинаған ұпайлар саны

Баға

27-30

«5»

23-26

«4»

18-22

«3»

0-17

«2»


© 2010-2022