Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Күні: 18.10.2013.ж. Пәні: Физика Сыныбы: 9 Сабақ тақырыбы: §15. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Сабақ мақсаты: Жаңа білімді меңгерту 1.      Оқушыларға бүкіл әлемдік тартылыс заңы, гравитациялық тұрақтының физикалық мағынасы туралы түсінік беру. 2.      Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру. 3.      Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау, назарын сабаққа аудару. ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру. 1. Ньютонның үшінші заңын тұжырымдаңдар. 2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде туындайтын күштердің табиғаты туралы не айтуға болады? 3. Галилейдің салыстырмалы принципінің мәнісі неде?   ІІІ. Жаңа сабақ.  -Жер радиусы  -Жерден Айға дейін қашықтық.  тәулік ;    , осыдан ;  R мен Т-ның мәндерін қойсақ, онда ;  ал ,          осыдан   немесе  , демек центрге тартқыш үдеу Жердің центріне дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал кемиді. Сонымен қатар  F~Mm ~   немесе   G-гравитациялық тұрақты.  G=6,673ּ10-11Нּм2/кг2 Бүкіл әлемдік тартылыс заңы: екі нүктелік денелер арасындағы өзара әрекеттесу күші олардың массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал ара қашықтығының квадратына кері пропорционал. G-гравитациялық тұрақты.  G=6,673ּ10-11Нּм2/кг2 IV. Есептер шығару. Р: № 172, №173,№169, №170 V. Сабақты қорытындылау. VI. Оқушылардың білімін бағалау. VII. Үйге тапсырма: §15. 12-жаттығу.
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §4.3. Жарықтың интерференциясы.

Сабақ мақсаты:

1.Жарық интерференциясы , дифракциялық тор, дифракциялық тор периоды туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Толқындық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері қандай?

  3. Толқынның таралу жылдамдығының толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?

  4. Қума толқындарды көлденең толқындардан қалай ажыратуға болады?

  5. Қума толқын дегеніміз не?

  6. Толқын шебі дегеніміз не?

  7. Толқындық бет дегеніміз не?

  8. Фазалық жылдамдық дегеніміз не?

  9. Интерференция дегеніміз не?

  10. Когеренттік толқын дегеніміз не?

  11. Интерфернция кезіндегі максимум және минимум шарттары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көрінетін жарық дегеніміз - ұзындығы 780 нм-ден 400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.

Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.

Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.

Интерференцияны іске асыру әдістер:

Юнг әдісі.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Френель әдісі.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңыБүкіл әлемдік тартылыс заңы


Жұқа пленка әдісі.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Ньютон сақиналары.

R -линза қисығының радиусы,

d-жазық шынының бетінен линзаның жарық сынатын бетіне дейінгі ара қашықтық6

r -сақина радиусы.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Жарық интерференциясын тұрмыста қолдану.

  • Интерферометрлер - өте кішкене бұрыштарды дәл өлшеуге, жарық толқынының ұзындығын, кіші кесінділерін ұзындығын, әр түрлі заттардың сыну көрсеткіштерін анықтауға, беттің өңделу сапасын тексеруге және беттің жылтырау дәлдігін анықтауға арналған аспаа.

  • Интерференция жарқындату үшін қолданылады, яғни интерференция көмегімен шағылған сәулелердің шамасын не көбейтуге, не азайтуға болады.

  • Интерферометрлер көмегімен қатты денелердің сызықтық ұлғаю коэффициентін анықтауға, ферромагниттер шамасының өзгеруін өлшеуге болады.

  • Голографияда қолданылады.

Голограмманы алу:

  • Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

ІV. Пысықтау.

1. Толқын цугі дегеніміз не?

2. Жарық интерференциясының механикалық интерференциядан ерекшелігі неде?

3. Когеренттік немесе когеренттік емес электромагниттік толқындар дегеніміз не?

4. Қос сәулелеі интерференция және оны іске асыру тәсілдері қандай?

5. Жарық интерференциясының тұрмыста қолданылуы туралы әңгімелеп беріңдер.

V. Есептер шығару. №4.3.1, №4.3.2. № 4.3.3.

VІ. Үйге тапсырма: §4.3. №4.3.4, №4.3.5. №4.3.6.

VІІ. Қорытындылау. Бағалау.

11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§4.4. 4.5. Жарықтың дифракциясы. Дифракциялық тор.

Сабақ мақсаты:

  1. Жарық дифракциясы, дифракциялық тор, дифракциялық тор периоды туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғыдыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Толқын цугі дегеніміз не?

  2. Жарық интерференциясының механикалық интерференциядан ерекшелігі неде?

  3. Когеренттік немесе когеренттік емес электромагниттік толқындар дегеніміз не?

  4. Қос сәулелі интерференция және оны іске асыру тәсілдері қандай?

  5. Жарық интерференциясының тұрмыста қолданылуы туралы әңгімелеп беріңдер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарық дифракциясы деп жарықтың түзу сызықтың бойымен таралудан ауытқуын немесе жарықтың тосқауылды орағытып өтуін айтады. Жарық интерференциясын 1665 жылы Италия физигі Франческо Мария Гримальди ашты.

(Жарық дифракциясы туралы тәжірибелер көрсету).

Бір нүктеге жиналатын сәулелердің дифракциясы.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

Параллель сәулелердегі дифракция.

Оптикалық аспапатардың айыру қабілеттілігі.

Дифракциялық тор дегеніміз жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулар жиынтығы. Екі түрі бар:

  1. Реттелген дифракциялық тор.

  2. Реттелмеген дифракциялық тор.

Реттелген тор деп саңылаулары белгілі бір қатаң тәртіп бойынша орналасқан торларды айтады. Реттелмеген деп саңылаулары тәртәпсіз орналасқан торларды айтады. Геометрлиялық құрылысына қарай торларды жазық және кеңістік торлар деп те бөледі.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

d=a+b - дифракциялық тор тұрақтысы немесе периоды.

Егер ∆=2kλ/2 болса, А нүктесінде максимум байқалады. Онда дифракциялық тор үшін мына формула дұрыс: dsinφ=kλ

n=0, бұрыш φ=0 →нолінші ретті максимум

n=±1, бұрыш sinφ=±λ/d → бірінші ретті максимум

n=±2, бұрыш sinφ=±2λ/d → екінші ретті симметриялы максимум.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы

ІV.Пысықтау сұрақтары:

  1. Дифракция дегеніміз не?

  2. Бір нүктеге жинақталатын сәулелердің дифракциясын түсіндіріңдер.

  3. Параллель сәулелердегі дифракцияны түсіндіріңдер.

  4. Оптикалық аспаптардың айыру қабілеттілігі дегенді қалай түсінесіңдер.

  5. Дифракциялық тор дегеніміз не?

  6. Дифракциялық тордың периоды дегеніміз не?

  7. Жарық толқынының ұзындығын қалай анықтаймыз?

V. Есептер шығару.

№4.5.1, №4.5.3

VІ. Үйге тапсырма. §§4.4. 4.5. №4.5.2, №4.5.4.

VІІ. Қорытындылау. Бағалау.


© 2010-2022