Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 класс

Ақтөбе қаласы №40 орта мектеп.

Бурибасова Г.А физика пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы : Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Электр тізбегіндегі физикалық үш шаманың бір-біріне тәуелділігін түсіндіру,осы тәуелділік арқылы Ом заңын ашу, тұжырымдама жасау,кернеу тұрақты болғанда ток күшінің кедергіге тәуелділігін график арқылы түсіндіру.

Дамытушылық : Оқушылардың зейіні мен зердесін,іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды ұқыптылыққа,аңғарымпаздыққа, электр тізбегімен жұмыс жасағанда сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу.Кластың тазалығы,тақтаның дайындығы,жалпы бүгінгі сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.

2.Үй тапсырмасын сұрау. Біроқушыдан үйге берілген «Ток күшінің кернеуге тәуелділігі.Өткізгіштердің электрлік кедергісі.Кедергі бірліктері»сұралады.Оқушының жауабы қосымша сұрақтармен толықтырылады.

3.«Бәйге» ойыны(үш топпен)

Мақсаты: Үй тапсырмасын қорытындылау арқылы жаңа материалды игеруге даярлау.Оқушылар үш топқа бөлініп уақыттың шектілігі ескертіледі.

Бірінші топ «Ток күші»

Екінші топ «Кернеу»

Үшінші топ «Кедергі»

Әр топ бір-біріне сұрақ қояды,берген жауабы тез,нақты болуы тиіс.

«Ток күші» тобының сұрақтары (4-сұрақтан)

1.Электр тоғы дегеніміз не?

2.Ток бағыты деп,ток көзінің қай полюсінен қандай полюсіне қарайғы бағыт қабылданған?

3.Тізбектегі ток күшін өлшейтін аспап қалай аталады?

4.Ток күшінің өлшем бірлігі?

«Кернеу» тобының сұрақтары

1.Кернеу тізбектегі нені сипаттайтын шама?

2.«Керуен» сөзін физикалық шамаға өзгерт?

3.Кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады?

4.Вольтметр тізбекке қалай қосылады?

«Кедергі» тобының сұрақтары

1.Тізбектегі кедергінің себебі неде?

2.Кедергінің өлшем бірліктері?

3.Кедергінің шартты белгісі?

4. 5кОм -да қанша Ом бар?

Оқушылардың топтағы білімдерін бағалау үшін -бағалау критериін (деңгейін ) тақтаға қоямын.

Ескерту: Баға « +»,«- » деп бағаланады.Бағаны топтың басшысы береді.Топпен қорытынды жасалып болған соң,жаңа сабаққа көшемін.

4. Жаңа сабақ

Сонымен біздер үш физикалық шамамен таныстық.Олар ток күші,кернеу,кедергі.Бұл шамалар өзара байланысты.Тізбекте ток күші көп болса,өткізгіш ұштарындағы кернеуде көп болады,яғни ток күші кернеуге тура пропорционал.Ал бір шаманың екінші шамаға тәуелді болатынын анықтау тәжірибелерінде ,басқа шамалардың тұрақты болуын қадағалау керек,егер олай болмаса ондай тәуелділікті анықтай алмаймыз.Сондықтан ток күшінің кедергіге тәуелділігін анықтау үшін,өткізгіш ұштарындағы кернеудің тұрақты болуын қамтамасыз етеміз.

Тәжірибе: Ток көзі ретінде гальваниэлементі немесе аккумулятор алынған.Кедергілері әртүрлі өткізгіштер алып,осы тізбекке оларды кезек-кезек жалғастырамыз.Сонда тәжірибе кезінде өткізгіш ұштарындағы кернеу тұрақты,оны вольтметрдің көрсетуінен көріп тұрамыз.Сонда нәтиже мынадай:

Тәжірибе

Кернеу (В)

Кедергі(Ом )

Ток күші (А )

№1

2

1

2

№2

2

2

1

№3

2

4

0.5

Бұл кестеден өткізгіш ұштарындағы кернеу бірдей екенін,ал кедергі көбейген сайын ток күшінің азайғанын байқаймыз,яғни кедергі неше есе артса, ток күші сонша есе кеміген,бұдан мынадай қорытындыға келеміз: Өткізгіштегі ток күші өткізгіш кедергісіне кері пропорционал болады.Сонымен тізбектегі ток күшінің тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуге және сол бөліктің кедергісіне тәуелділігін 1827 жылы неміс ғалымы Ом ашқан.Сондықтан сол ғалымның құрметіне Ом заңы деп атайды.Физика ғылымының ең негізгі заңдарының бірі.Ом заңы былай оқылады: Тізбек бөлігіндегі ток күші ,осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал ,оның кедергісіне кері пропорционал болады.

(Power Point бағдарламасы арқылы жасалған слайд арқылы көрсетіледі).

5. Ом заңына есептер шығару.

Оқулықтағы 27-жаттығудың №1 есебі.

6. Қорытындылау.

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы қорытындыланады.

7. Бағалау.

Сабаққа қатысып отырған оқушыларды және топпен жұмыс жасағанда белсенділік көрсеткен оқушылар,есепке шыққан оқушылар түгел бағаланады.

8. Үйге тапсырма.§38 27-жаттығудың №3.4



© 2010-2022