Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:02.03.2016ж.

Пәні: Физика

Сыныбы: 7 «А», «В»

Сабақтың тақырыбы: §45.Денелердің жүзу шарттары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Су ішінде денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті ескере отырып, денелердің жүзу шарттарын анықтау

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрістерін, танымдық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушыларды бір -бірін тыңдай білуге, құрметтеуге, бәсекеге қабілетті болуға, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: математика

Күтілетін нәтиже: Денелердің жүзу шарттары туралы білетін болады. Когнитивті қабілеттері артады.

Сабақтың идеясы: Кеме неліктен батпай су бетінде жүзіп жүреді? сынды сұрақтарға жауап алу

Көрнекі құралдар: Таратпа қағаздар, презентация, видеоролик. Су,тұз,мензурка,жұмыртқа,картоп(тәжірибе)

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта және оның құрал-жабдықтары

Пайдаланылатын әдебиеттер: Р.Башарұлы,У.Тоқбергенова,Д.Қазақбаева (7 сыныпқа арналған оқулық.2013ж) Ақпарат құралдары

Негізгі терминдер мен ұғымдар: Архимед күші,ауырлық күші, тығыздық,жүзу шарттары

Сабақтың технологиясы мен әдістері: ДОТ,ПОТ,Шаталовтың тірек-сызбалар негізінде оқыту технологиялары элементтері, иллюстративті - түсіндірмелі, сұрақ-жауап,ой қозғау.

Сабақтың өту формасы: Жеке, топтық жұмыс

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру Сабаққа назар аударту 3 топқа бөлу

  2. Үй тапсырмасын тексеру (8 мин)

Блиц-турнир

Архимед күші

1.Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді? (Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді)

2.Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті қалай атаймыз? (Архимед күш)

3.Архимед күшінің формуласы қандай? (F = ρcg Vд)

4.Архимед күші қандай шамаларға тәуелді? (ρc-сұйықтың тығыздығы және Vд-дененіңк өлеміне)

5.Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады? (жоғары)

Қысым

  1. Қысым дегеніміз не?

  2. Қысым қатты денелерде қалай беріледі?

  3. Газдың қысымы неден пайда болады?

  4. Сұйықтардағы қысымның өрнегі?

  5. Қатынас ыдыстарға мысалдар келтір

Атмосфералық қысым

  1. Атмосфералық қысымның пайда болу себебі неде?

  2. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігіне не алынады?

  3. 1 мм сын.бағ. неше Паскальға тең?

  4. Қалыпты жағдайда атм. қысым мәні неге тең?

  5. Атм. Қысымды өлшейтін құрал?

  1. Жаңа білім беру (15 мин)

Кейбір денелер сұйық бетінде жаңқа тәріздіқалқып жүрсе, екіншілері батып кетеді, ал үшіншілері сүңгуір қайық тәрізді оның ішінде жүзіп жүре алады. Ендеше шыны ыдысқа су толтырып, оның ішіне мұз кесегін саламыз.

Проблемалық сұрақ: Неліктен мұз суға батып оның ішінде жүзеді? (Оқушылар тығырыққа тіреліп,өз ойларын айта бастайды)

Судың ішінде қандай күштер денеге әрекет етеді? Иә, тік төмен бағытталған ауырлық күші және тік жоғары бағытталған Архимед күші.

Дененің сұйық бетіне қалқып шығу кезінде оның суға батқан бөлігі азая бастайды, сондықтан да ығыстырушы күш те кеми береді. Денеге әрекет етуші ауырлық күші өзгермейді. Ығыстырушы күш ауырлық күшімен теңескен кезде, дененің әрі қарай қалқып шығуы тоқтайды.

Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары

Егер ауырлық күші Архимед күшіне тең немесе жақын болған жағдайда, дене сұйыққа батып,оның ішінде жүзіп жүреді:Fa=FA Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары

Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады. FaДененің жүзу шарттары сабақ жоспарыFA

Дененің жүзу шарттары сабақ жоспарыДененің жүзу шарттары сабақ жоспары

Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі. FaДененің жүзу шарттары сабақ жоспарыFA

Дененің жүзу шарттары сабақ жоспарыДененің жүзу шарттары сабақ жоспарыСонымен,егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сқйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен дене материалы тығыздықтарының арақатынасына байланысты болады: Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары = Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары

Дененің тығыздығы сұйықтың тығыхдығынан неғұрлым аз болса, оның сұйыққа соғұрлым аз бөлігі батады. Ал, егер дене материалының тығыздығы сұйық тығыдығына жақын болса,дененің көбірек бөлігі сұйық ішінде болады. Мысалы, мұздың тығыздығы 900 кг/м3, ал судың тығыздығы 1000 кг/м3. Бұдан Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары = Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары мұздың оннан тоғыз бөлігі су ішінде болады.

Дененің жүзу шарттары сабақ жоспарыВидеоролик Почемучка?



  1. Жаңа тақырыпты бекітуге арналған тапсырмалар орындау (15 мин)

  1. Әр топқа тапсырма Тәжірибе жүргізу,іздену, қорғау (5 мин)

1-топқа: суы бар ыдыс,тұзды суы бар ыдыс, 2 асылған жұмыртқа

2-топқа: суы бар ыдыс, пластилиннен кеме, кішкене фольга бөлігі

3-топқа: суы бар ыдыс, кішкене ағаш жаңқасы, кішкене темір зат

  1. «Көкпар» ойыны (3 мин ) сұрақтар беріледі (саны шектеулі). Дурыс жауап берген оқушы қой суретін алып . отырады. Қой суреті соңғы сұраққа тез дұрыс жауап берген оқушыда қалады. Қой суретінің иесіне дайындаған сыйлығы бар.

  1. Сұйық ішінде денеге қандай күштер әрекет етеді?

  2. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең болса, онда дене ...

  3. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен үлкен болса, онда дене ....

  4. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене ...

  5. Архимед күші неге тәуелді?

  6. Неге өзен суына қарағанда теңіз суында жүзген жеңілірек?

  7. Адам көзін жұмып ұйықтай ала ма? (Иә)



  1. «Білім минуты» жеке тапсырмалар ( топтағы әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі, орындалған тапсырманы А3 қағазға жабыстырып топ атын жазып мұғалімге тапсырады) (7 мин)

1)Физикалық диктант

  1. Архимед заңы: сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың ______ тең ығыстырушы күш әрекет етеді.

  2. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен үлкен болса, онда дене _____

  3. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші мен архимед күші теңгерілген болса, онда дене _________

  4. _________- бұл Архимед күшінің өрнегі.

  5. 1 Н _______ _______ өлшем бірлігі.

  6. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене суға ____ ______



2)Кестедегі бос орындарды толықтыр



  1. Fa=FA


    FaДененің жүзу шарттары сабақ жоспарыFA

    1. FaДененің жүзу шарттары сабақ жоспарыFA


      Сұйық ішінде әрекет ететін күштер

      1. Архимед күшінің формуласы


        Архимед күші осы шамаларға тәуелді

        .

        3)Ойлан, тап!

        Шамалар

        Белгіленуі/ өлшем бірлігі

        Формуласы





        4)Қатесін тап

        1. Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары=ρ 2. F=Дененің жүзу шарттары сабақ жоспары 3. B=ρ*V

        4.F=ρgV 5.p=ρgS 6. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен үлкен болса, онда дене су бетінде қалқып жүреді.

        5) Иә Жоқ



        1. «Эврика!» таптым! деген мағынаны

        білдіреді

        1. Архимед күші жоғары қарай бағытталады

        2. Архимед күші тығыздыққа тәуелді емес

        3. Суға қарағанда тұзды судың тығыздығы көп

        4. Суда жүзгенде ығыстырушы күш әрекет етпейді

        5. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед

        күшінен кем болса, онда дене суға батады

        6)«Полиглот»

        Тапсырма: Архимед күші және денелердің жүзу шарттары тақырыптарындағы негізгі термин сөздерді теріп жазып, оларды орыс тіліне аудару

        5.Қорытынды.

        6.Бағалау (Бағалау кестесі бойынша)

        Оқушының аты - жөні:

        Үй тапсырмасы

        Жаңа сабақ

        Қорытынды баға

        Тәжірибе

        «Көкпар»

        «Білім минуты»

        1


        2


        3


        4


        5


        6


        Рефлексия. Оқушылар өз ұсыныс - тілектерін айтады.

        7.Үйге тапсырма: Денелердің жүзу шарттары 24 -жаттығу



        © 2010-2022