Ом заңы ашық сабақ 8 сынып

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ом заңы ашық сабақ 8 сыныпОм заңы ашық сабақ 8 сыныпОм заңы ашық сабақ 8 сыныпОм заңы ашық сабақ 8 сынып Темірғалиева Марал Сүндетқызы

Көктау жалпы білім беретін негізгі

мектебінің физика пәні мұғалімі

Қостанай облысы. Арқалық

қаласы. Көктау ауылы


Күні: 21.01.16ж

Физика. 8 сынып

Сабақтың тақырыбы : Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі:Тізбек бөлігіне арналған Ом заңының формуласын , тұжырымдамасын беру ,физикалық мағынасын түсіндіру, Өз жетістіктерін сезініп, сын көзбен қарауға үйрету.
    2. Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қасиеттерін шығармашылық қабілетін күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, пайдалана білуге баулу. Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп, ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

    3. Тәрбиелігі: Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; еңбекке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Жұмбақ шешуді сабақтың кейбір тұстарында пайдаланып, оқушыларды пайымдауға, ойлануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі : Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың түрі : ашық сабақ

Көрнекіліктер : слайд, деңгейлік тапсырмалар, сканвордтар

Сабақтың әдісі : Түсіндірмелі-мысалды, теориялық-практикалық, интерактивті .

Сабақтың барысы :

1.Ұйымдастыру бөлімі.

Үй тапсырмасын сұрау .

  1. Ток күші деп нені атайды ? Ол нені сипаттайды ?

  2. Электр заряды және уақыт арқылы ток күшін қалай өрнектеуге болады ?

  3. Ток күшінің бірлігі қандай ? Қандай құралмен өлшейді ?

  4. Электр кернеуі деп нені атайды? Өлшем бірлігі қандай ?

  5. Кернеуді қалай өлшейді ?

Топтық жұмыс «Блум таксономиясы» (7 минут)

1

Білу

Электр кернеуі дегеніміз не?

2

Түсіну

Электр кернеуінің формуласын жаз?

3

Қолдану

Ток көзін электр тізбегіне қосқанда 10Кл заряд өткенде 0,02Дж жұмыс істейтін болса , тізбектегі кернеу қандай болған?

4

Талдау

Электр кернеуінің кіші және үлкен өлшем бірліктерін салыстыр?

5

Жинақтау

Күнделікті тұрмыста электр кернеуінің қолданылуына мысал келтір?

6

Бағалау

Электр кернеуін білудің маңызы қаншалықты?

1

Білу

Ток күші дегеніміз не?

2

Түсіну

Ток күшінің формуласын жаз?

3

Қолдану

Электр шамы арқылы 10 минут ішінде 300 Кл заряд өтеді. Электр шамының ток күші неге тең?

4

Талдау

Ток күшінің кіші және үлкен өлшем бірліктерін салыстыр?

5

Жинақтау

Электр тогы бізге қалай жетеді және қолданылуына мысал келтір?

6

Бағалау

Ток күшін білудің маңызы қаншалықты?

Шартты белгілерді өз ретімен қою 3 минут

Ом заңы ашық сабақ 8 сынып

2.Жаңа сабақ.

II Жаңа материалды түсіндіру.
-1827ж Неміс физигі Г. Ом
Георг Симон Ом - неміс физигі. Ол 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің негізгі бағыты электр, оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп, 1827жылы электр тізбегінің негізі заңын ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді. Георг Ом 1854жылы 7 шілдеде қайтыс болды.
Пропорционалдық k коэффициенті өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді екендігін, бірқатар тәжірибелер нәтижесінде осы тәуелділікті ашып, k коэффициентінің орнына оған кері R = 1/ k шамасын алып, оны өткізгіш кедергісі деп атады.
Г. Омның құрметіне кедергі оммен (Ом ) өлшенеді.
1 Ом - ұштарының арасындағы кернеу 1 В болғанда, бойына 1 А ток өтетін өткізгіштің кедергісі.
I= k U= U/R
Бұл тізбек бөлігі үшін Ом заңының математикалық өрнегі.
- Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындағы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал.
Өткізгіштегі ток күшінің кернеуге тәуелділігі вольтамперлік сипаттама деп аталады.
Кедергіні өзгертуге болады. Ол үшін реостат деген құрал қолданылады.

2. Электр плиткасының жұмыс істеп тұрған кедергісі 55 Омға тең спиралы кернеуі 220 В желіге қосылған , спиралындағы ток күшін есептеңдер.

Берілгені : Шешуі :

т/к:

Оқулықтан есеп шығару: 1,2,3,4

ІІІ. Сергіту сәті. Жұмбақ шешу
1. Ток бар жерде біреу бар, өлшемі вольт, киловольт,
Ұмытып кетпе тағы бар, гектоват және мегават (Кернеу)
2. Бойындағы зарядты ұзақ уақыт сақтайды,
Реленің күшімен бүлдірместен баптайды. (Аккумулятор)
3. Пайдаланады мен жұрт отын және жарыққа,
Қызмет етемін әрқашан, түсіне білген халыққа. (Электр тогы)
4. Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп - кішкентай, күн көзін. (шам)
5. Мұз жарғыш жүзіп келеді,
Бауыры қызып келеді.
Абайла ойып түсер,
Ондайлар бұзық келеді (Үтік)
6. Жоғалмайды ешқашан, түрлендірсең егерде,
Басқа күйге ауысса, жұмыс істейді әрқашан (Энергия)

Есеп шығару

3. Егер тізбектің бөлігіндегі ток күші 100 мА, ал кедергісі 0,2 кОм болса, ондағы кернеу қандай ?

Берілгені : Шешуі :

т/к:

ІV кезең. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру кезеңі .

.Кестені толтырыңыз.

Физикалық шама

Белгіленуі

Формуласы

Өлшем бірлігі

Өлшейтін құрал





Сабақты бекіту.

V. Жаңа сабақты қорытып бекіту кезеңі.

«Вольт» атты сөзжұмбағы:

Кернеудің өлшем бірлігі қандай ғалымның құрметіне берілген./Вольта/

Ток кушінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан ғалым? /Ом/

Дененің электрленуін анықтайтын құрал? /Электроскоп/

Кернеуді өлшейтін құрал? /Вольтметр/

Ядро құрамындағы оң зарядталған бөлшек. /протон/

Сөзжұмбақ: «Вольт»

В


О


Л




Ь



Т




«Ампер» атты сөзжұмбағы:

Аса қажет өмірде халық үшін

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. /шам/

Кедергінің өлшем бірлігі?/Ом/

Ток күшін өлшейтін құрал не деп аталады? /амперметр/

Реостат құралы тізбектегі қандай шаманы өлшеуге арналған? /кедергі/

Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда,электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы не деп аталады? /кернеу/

А


М


П



Е



Р






VII бағалау.

Үйге тапсырма:§38 оқу.18- жаттығу. (5,6,7) Зертханалық жұмысқа дайындалу.



Деңгейлік тапсырмалар


І деңгей

1.Өткізгіштегі кернеу 35В болғанда,онда 0,7А ток күші болады. Осы өткізгіштің кедергісі неге тең?

2. Электрплиткасының жұмыс істеп тұрған кедергісі 55 Омға тең, спиралы кернеуі 220 В желіге қосылған, ток күшін есептеп шығарыңдар.


ІІ деңгей

1. Кернеу 3 В болғанда осы өткізгіштегі ток күші 0,5 А-ге тең болатынын біле

отырып,өткізгіштегі ток күшінің оның ұштарындағы кернеуге тәуелділігінің

графигін салыңдар

2.Егер тізбектің бөлігіндегі ток күші 100 мА, ал кедергісі 0,2 кОм болса,ондағы кернеу қандай болады?

© 2010-2022