Физика пәні 7-8 сынып Кеш қалмаңыз! тақырыбында интеллектуалды сайыс

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: "Кеш қалмаңыз!" (интеллектуалдық сайыс сабақ)
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Физикаға деген қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілетін және ораторлық шеберлігін ойын арқылы дамыту;

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, жауапкершілікті сезіну және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Қатысушылар: 7-8 сынып оқушылары.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, карточкалық тапсырмалар, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта

Түрі: Физикадан интеллектуалды сайыс

Типі: Сайыс түрінде

Топтар : «Ньютон»,«Паскаль»

Сабақтың өту барысы: 1.Кіріспе бөлімі
Сабағымызды бастамас бұрын әділ-қазыларды сайлап аламыз.
1. Кіріспе бөлімі.

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

дей келе
Назарларыңызға "Кеш қалмаңыз! " атты сайысымызды ұсынбақпыз. Құрметті сайыскерлер, бүгінгі сайысымыз 2 кезеңнен тұрады. Солармен танысып өтейік.

Сабақтың кезеңдері.
І тур. " Сәлем сөздің анасы" топтардың сәлемдесуі .
II тур ."Физика біздің айналамызда" физикалық жұмбақтарға жауап беру.
III тур ."Өрмекші" формулалар эстафетасы

ІV тур. " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .
V тур. "Ғажайып алаң" үй тапсырмасын көрсету. VІ тур. "Қызықты логикалық есептер".

VІІ тур. Қорытынды.
І тур. " Сәлем сөздің анасы" топтардың сәлемдесуі 1 - топ - «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 - топ - «Паскаль»
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз». II тур ."Физика біздің айналамызда" физикалық жұмбақтарға жауап беру. 1. * Ол кез келген адамда болады, біреуде аз, біреуде көп; * Ол шама векорлық емес, скаляр шама. * Ол кімде үлкен болса, сол адам диетаға отырады. ( жауабы: масса) 2.* Ол өзен секілді ағады, тек бір бағытта; * Оны кері бұруға болады, тек ертегіде ғана; * Оны сағатпен өлшейді. ( жауабы: уақыт) 3. * Ол барлық дені сау адамда бар, балалар мен әйелдерге қарағанда, ер адамдарда көп; * Ол ауру адамдарда әлсіз болады, ол зат емес және сақталмайды; * Ол векторлық шама, ол бізге шкафты жылыту үшін ғана керек. ( күш) *Ол үшін энергияның сақталу заңы бұзылады; * Онсыз бір аяқпен жүре де, қасықты қолымызға ұстай да алмаймыз; *Ол аз болғандықтан, тірі балықты қолымызға ұстай алмаймыз; (үйкеліс) 4. * Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді: * Жүрегінің қуаты 2,2 Ватт, ғұмырында 40 тонна тамақ жейді; * Жердегі ең ақылды кім? ( адам) 5. * Адам организмде бар зат; * Заттың үш күйінің бірі; * Жерде онсыз өмір жоқ. (су)

IIІ тур ."Өрмекші" Формулалар эстафетасы

Формуладан формула шығарып, өрмек салу керек.

Паскаль тобына массаны есептеу формуласы: m=ρ V

Ньютон тобына тізбек бөлігі үшін Ом заңы: I = U / R

ІV тур. " Бәрін білгім келеді" текшелердегі сұрақтарға жауап беру .

Табиғат 10 20 30 40 Техника 10 20 30 40 Құбылыс 10 20 30 40 V тур. " Ғажайып алаң" (іс-қимылдармен фомула мен құбылысты көрсету)
VІ тур. "Қызықты логикалық есептер". Ньютон тобына: №1 1л су 100градуста қайнаса,2л су неше градуста қайнайды?
Жауабы:Сондай градуста
№2 Электричка сағатына 70 км жылдамдықпен келе жатыр. Түтін қай бағытта және қандай жылдамдықпен бұдақтап шығып жатыр? №3 Қатардағы 3 парафин шамның біреуін өшіріп тастасаң, қанша шам қалады? Паскаль тобына:
№1 5 жұмыртқа 4 минутда піссе, 100 жұмыртқа неше минудта піседі.
Жауабы: Сондай №2 Биіктігі бірдей 2 ағаштың басында 2 торғай бірдей жылдамдықпен қандай жерге түседі? №3 Оқушы тізесін бүгу арқылы 5 рет отырып тұрды. Сонда атқарған механикалық жұмысы қанша? VІІ тур. Қорытынды. "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" . Марапаттау Еңбектеніп сайысқа келгендер де - бос емес! Білім алып, іздену ешқашан да кеш емес! Сынақтар мен болашаққа дайындалып, Уақытты үнемдеуден кеш қалмаңыз!

Физика пәні 7-8 сынып Кеш қалмаңыз! тақырыбында интеллектуалды сайыс

Физика пәні 7-8 сынып Кеш қалмаңыз! тақырыбында интеллектуалды сайыс

Физика пәні 7-8 сынып Кеш қалмаңыз! тақырыбында интеллектуалды сайыс

© 2010-2022