«Заттың тығыздығы» қайталау сабағы

7 сыныпта «Заттың тығыздығы» атты қайталау ашық сабағын өткіздім.Бұл сабақта оқушыларды әртүрлі кезеңдерге бөлінген тапсырмалармен қызықтырдым. Осы сабаққа призентация да қосымша жүргізілді. 1-кезең «Көршіңді бағала» үй жүмысын қайталау үшін берілген тапсырма.2-кезең «Зерттейік, бағалайық, талқылайық» яғни әр топқа үш тапсырмадан беріліп топпен жұмыс орындалды. Мысалы, құрал жабдықтар беріп тығыздығын тап?, массасын анықта дегендей.Келесі кезей «Дұрыс жолды таңдай біл!»  Оқушылар шапшаң өлшем бі...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7 «А»

Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы тақырыбын пысықтау.

Сабақ мақсаты:

  1. білімдік: тығыздық ұғымын енгізу; заттың массасы мен көлемі бойынша заттың тығыздығын анықтауды үйрету; әртүрлі күйлердегі заттардың тығыздықтары әртүрлі екенін түсіндіру;

  2. дамытушылық: оқушылардың тығыздықтың практикалық мағыздылығын білімде көрсету; есеп шығаруға, зерттеуге, салыстыруға, қорытынды шығара білуге дағдыландыру;

  3. тәрбиелік: еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар: таразы, сызғыш,әртүрлі заттар (білеушелер), интерактивті тақта.

Сабақ түрі: аралас (топпен және жеке)

Сабақ барысы: Слайд №1

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеу, сабаққа әзірлігін тексеру. Слайд №2

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

(Тәуелсіздік қарсаңында өтілген сабақ болғандықтан төрт жол өлеңмен, жылы сөздермен оқушылар назарын аулау)

Әр топ басшысына және менің көмекшіме бағалау кестесі беріледі, орындалу тәртібі түсіндіріледі.

ІІ. Өткенді қайталау.

Көршіңді бағала ( тапсырмамен парақтар таратылады, белгілі уақыттан кейін көршісімен алмасып бағалайды.5-ұпайдан ) Слайд №3


  1. Заттың тығыздығы дегеніміз -

  2. Заттың тығыздығы мына формуламен анықталады: ρ=__________

3. Мына шамалардың өлшем бірліктерін жаз:

[m]=_______

[V]=­­­­­­_______

[ρ]=_______

4. Сәйкес тығыздық бірліктерін жаз:

1 г/см3 = ______________ кг/м3

1000 т/м3=_____________ кг/м3

0,01 кг/см3= ____________кг/м3

5. Бірдей шелектердің біріне ауыз су, екіншісіне теңіз суы толтырылған. Бұлардың массалары бірдей бола ма? ______________________________________

ІІІ. Негізгі бөлім: Слайд №4

Бір адам - самал,

Екі адам - амал,

Үш адам - жамал,

Төрт адам - қамал.

Тапсырма №1

Зерттейік, бақылайық, талқылайық. (10-ұпай) Слайд №5

І топ: Ағаш білеушенің тығыздығын табу керек. Оқушылар ағаш білеуше, таразы, сызғыш көмегімен тапсырманы зерттеп, есептеп, талдап берулері керек. Жауабы құрғақ қарағай шығатындығын кестемен салыстырады.

ІІ топ: Минзурка көмегімен көлемі әртүрлі денелердің тығыздығын табады.

Оқушыларға минзурка,тас, жүктер әртүрлі салмақтағы т.б, жіп беріледі. Жауабы қандай қатты заттар екендігі дәлелденуі керек.

ІІІ топ: Сурет көмегімен есептейді

«Заттың тығыздығы» қайталау сабағы

Әр топ тапсырма орындау барысында бір оқушы өлшеу керек, келесі мәндерін тақтаға жазу керек, кейінгі оқушы есептеп ұығарулары керек. Есептің жазылу реті қатаң тәртіппен болу керек.Және қосымша сұрақтармен қорытынды жасалады.

Тапсырма №2 Слайд №6

Есептей білесің бе? (10 ұпай)

Топтағы әр оқушы жылдамдыққа есептеулері керек, дұрыстығын слайд арқылы тексеріп өздерін бағалайды.

Болат шардың 125 см3 көлемдегі массасы 800г . Бұл шар бүтін бе, әлде қуыс па?

«Заттың тығыздығы» қайталау сабағы

Жауабы: шар қуыс

ХЖ бірден келтіріп шығарады немесе уақытты үнемдеу үшін жауабын тауып, артынан келтіреді.

Тапсырма №3 Слайд №7

Дұрыс жолды таңдай біл! (5 ұпай)

Оқушылар алдында шашылған сұрақ, шама, өлшем бірліктер ұсынылады. Белгілі сандар бойынша шапшаң орналастырулары керек.

Тапсырма №4 Слайд №8,9

7,2 т =

7200 кг

2 г =

0,002 кг

500 мг =

0,0005 кг

40 см3=

0,00004 м3

0,2 л =

0,0002 м3

100 мл =

0,0001 м3

72 км/ч =

20 м/с

80 см =

0,8 м

15 мин =

900 с

ІV.Үй жұмысы:

§24 оқу, өлшем бірліктерді жаттау, рафенат қанттың тығыздығын табу.

VІ. Қорытындылау. Көмекшім екеуіміз жалпы ұпайларын есептегенше әр топ сөзжұмбақ шешеді. Слайд №11,12

VІІ.Бағалау. Рефлексия менің E-mail өз пікірлеріңді жолдайсыңдар.

© 2010-2022