Урок физики Атомдар мен молекулалар

қабілеттерін қалыптастыру. 3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауғабаулу.Сабақтыңтүрі: жаңа сабақКөрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері,интерактивті тақта.слайдтар Пәнаралықбайланыс: жаратылыстану, биология, химияСабақтыңбарысы:I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру,назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не ?2. Табиғатты зерттеудің негізгі әд...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Заттар және атомдардың неден тұратындығын түсіндіру; олардың металдарда

белгілі ретпен орналасатынын нақты көрсететін электрондық микроскоп, иондық

проекторлар туралы кеңірек түсінік беру.

2. Бақылау мен тәжірибенің нәтижелерін түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау

қабілеттерін қалыптастыру.

3. Білімділікке, шыншылдыққа, өзін-өзі сыйлауға баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Көрнекіліктер: су, бояу түйіршіктері, интерактивті тақта.слайдтар

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, назарын сабаққа аудару, сабақ мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Табиғат құбылыстары дегеніміз не ?

2. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері.

3. Гипотеза дегеніміз не ?

4. Физика заңдары қалай ашылды ?

5. Қандай физикалық шаманы білесіңдер ?

6. Физикалық теория дегеніміз не ?

7. Физиканың негізгі мақсаты неде ?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Бізді қоршаған ортада сансыз мол әр түрлі табиғи заттар мен денелер бар. Қолдан жасалған көптеген жасанды бұйымдар да жеткілікті. Әлемдегі әр түрлі денелер, Жер бетіндегі, мұхиттар мен теңіздердегі сан алуан өсімдіктер мен жан-жануарлар қаншама ?! Міне, осындай «тірі» табиғат пен «өлі» табиғаттағы сан жетпес әр түрлі заттар мен денелер неден тұрады деген сұрақ туады.

Кез-келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады. Олар электрон, протон және нейтрон. Эксперименттік зерттеулер протондар мен нейтрондардың атомның орталық бөлігінде - ядросында орналасатынын көрсетті. Ал электрондар ядроны шыр айнала қозғалады да, атомның электрондық қабатшаларын түзеді.

Табиғатта, жасанды атомдарды қоспағанда, әр түрлі 92 атом бар. Олар бір-бірінен ядродағы протондардың санына қарай ерекшеленеді. 92 түрлі атомға 92 химиялық элемент сәйкес келеді. Ең жеңіл элемент сутегі атомының ядросында бір протон бар, оны айнала бір электрон қозғалады.

Атомдық бөлшектердің электрлік сипаттамалары әр түрлі. Мысалы, электронның электрлік заряды теріс, ал протонның заряды оң болып келеді. Нейтрондарда электр зарядтары сезілмейді. Протон мен нейтронның массалары бір-біріне тең деуге болады, ал олардың әрқайсысының массасы электрон массасынан жуықтап алғанда 1850 еседей үлкен.

Әр элементтің атомы-сол элементтің физикалық-химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.

Бір ғажабы: әлемдегі сан жетпейтін неше түрлі денелер мен заттардың барлығы да 92 химиялық элементтің атомдарынан тұрады.денелер мензаттар осындай санаулы ғана элементтердің атомдарының бір-бірімен байланысы арқасында түзілген.

Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан молекула түзіледі. Мысалы, су молекуласы үш атомнан: сутегінің екі атомынан және оттегінің бір атомынан құралған. Заттар молекулалардан тұрады. Әр заттың молекулалары бір-біріне ұқсамайды. Сондықтан олардың құрылымдары да, қасиеттері де түрлі-түрлі болады.

Әлемдегі заттардың 99 пайызы ең жеңіл екі элементтен: сутегі мен гелийден тұрады. Ғалымдардың пайымдауынша, ғарыш денелеріндегі 10 000 сутегі атомына гелийдің 500 атомы, ал қалған 90 элементтен бір ғана атом келеді.

Әр заттың молекуласы - сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі. Урок физики Атомдар мен молекулалар

Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады. Ұсақ бөлшектерді электрондық микроскоптар жүздеген мың есе үлкейтеді, ал иондық проекторлар миллиондаған есеге дейін үлкейте алады.

Молекуланың өте ұсақ бөлшек екенін сезіну үшін мына мысалдарға жүгінейік. Көлемі орташа алма Жер шарынан неше есе кіші болса, молекула да алмадан сонша есе кіші. Көлемі 1мм3 сутегі газында қалыпты жағдайда 27 000 000 000 000 000 = 2,7*1016 жуық молекулалар бар.

Қорыта айтқанда: жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері болып табылады. Әр түрлі заттардан денелер құралады.


IV. ЖБ жұмысы.

Урок физики Атомдар мен молекулалар

СУрок физики Атомдар мен молекулаларуретте су молекуласының моделі кескінделген. Су молекуласы қандай атомдардан тұратынын жаз:_____________________________________________

_____________________________________________________________________

_______________________________________________________

_____________________________________________________

V. Жаңа сабақты бекіту.

1. Атомдарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?

2. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады ?

3. Молекула дегеніміз не ?

4. Су молекуласының құрамы туралы не білесіңдер?

5. Табиғатта атомдардың неше түрі бар? Заттардың сан алуандығын қалай түсіндіруге борлады?

VII. Үйге тапсырма. § 14. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

VIII. Қорытынды. Бағалау.


© 2010-2022