Разработка урока по теме Жұмыс және қуат

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


«Физика сабақтарында мультфильм көріністерімен оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту»

Балманова Гүлназ

№ 182 мектеп

Қазіргі қоғам жылдам өзгеруде. Ал бұл өзгерістер білім беруде жаңа талаптар мен міндеттер қоюды талап етеді.Осыдан білім берудің негізгі мақсаты- педагогтар мен оқушылардан білім мен білік дағдының сабақтастығының болуын көздейді. Кез-келген тұлға өз бетінше мәліметтерді іздеп таба алатын , терең ойлайтын, салыстыратын , пайымдай дын ,яғни сыни ойлайтындай қасиеттер дарыту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Сапалы білім және саналы тәрбие беруден оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ақыл-ой белсенділігін дамытуымыз керек. Себебі, тек білімді де тәрбиелі ұрпақ қана ел егемендігін баянды етеді, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлесін қоса алады.

Мен мектебімде физика пәнінен балаларға дәстүрлі сабақтар беріп келдім.Күнделікті сабақтарыма дайындаламын, балаларға тәтпіштеп түсіндіремін, практикалық тапсырмалар беремін, жұмыстарын тексеремін,бағалаймын, тақырыпқа байланысты сұрақтар беріп қоямын. Оқушыларым оқыған тақырыпты қайта айтып береді, үлгіге қарап жеңіл және орта қиындықтағы есептерді шығарады ,ал кішкене қиыншылық кездесе қалса, мұғалімнен көмек күтіп қалады.НЕГЕ? Өйткені оқушыларым сыни ойлануды білмейді екен. Осыны өзіме жаңалық деп аштым. Кембридж университетімен бірге жасалынған бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейін менің санам өзгерді.Мен сабақтарыма басқа қырынан қарай бастадым.

Дәстүрлі сабақтардан арылу үшін , қалыптасып қалған жағдайды өзгерту үшін курстан алған жаңалықтарды оқу үдерісіне енгізуге жаңа қадамдар жасауыма тура келді. Сабақтарыма жеті модульді ықпалдастыра бастадым, соның ішінде сыни ойлау модулін пайдаланғасын сабақтар интерактивті түрде өтетін болды. Оқушыларда қызығушылық пайда болды: топпен жұмыс жасай бастады, бір-бірлеріне үйрете бастады, өздерінің пікірлерін жеткізе білетін дәрежеге жетті және көзқарасын қорғайтын болып дамыды.

Мен физика сабағына мультфильм үзінділерін жинақтап , тақырыпты игерту үшін физикалық құбылыс немесе эксперименттерді түсіндіруге оқушыларды сыни ойлауға итермеледім. Мұндай мультфильмдердер көрінісі мұғалімге білім үрдісін ұйымдастыруда ұлкен көмекші құрал рөлін атқарады .

Мысалы оқушыларды сыни ойландыру үшін бір сабақ жоспар үлгісін келтірейін :

Сабақтың тақырыбы : Механикалық жұмыс пен қуат

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «жұмыс » және «қуат» ұғымымен таныстыру және оларды қолдану жүйесін түсіндіру

Негізгі материал: Механикалық жұмыс, жұмыс бірлігі, дененің қозғалыс бағытына түсірілетін күштің параллель немесе перпендикуляр болған жағдайларда жұмысты анықтау ;

Сабақтың нәтижесі: Оқушылар «жұмыс » және «қуат» ұғымымен танысады және оларды қолданудың жүйесін түсінеді

Пайдаланатын модульдер: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу ,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;

Пайдаланатын стратегиялар: миға шабуыл,ЖИГСО әдісі, «жұптас-ойлан-бөліс», топтық бағалау

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Сергіту сәті -«Қара жорға» биі.

Психологиялық тренинг: «Жылы алақан» ойыны(балалар шеңберге тұрып бір -біріне сабақтан не күтетіні және бір-біріне не тілейтіні жайында айтып шығады ). Стикер түсімен балаларды 3 топқа бөлу.

2. Сабаққа қызығушылықты ояту .

МРазработка урока по теме Жұмыс және қуатұғалім: Ештеме істемеу - бекер уақыт жіберу. Үлкен еңбек еткен адам ғана бақытты. Егер де хоббиің жұмыспен сай келсе ,онда бұл адам бақытты. Кім жұмыс істегісі келсе ,уақытты табады ,жұмыс істеуге құнттайды,Сол жұмыстан рахат табады. Кім жұмыс істегісі келмесе - жалқаулығының себебі пен дәлелін іздейді. Пьер Буас айтқандай «Жастар өздерінің болашақта не жұмыс істеу керек екенін айтады, қарт адамдар бұрын қандай жұмыс істегенін баяндайды, ал ақымақтар әлі де не жұмыс істегісі келетінін айтып армандап отыра береді.»

3. Жаңа материалды зерттеу

Сұрақ №1: Балалар, сіздердің ойыңызша «жұмыс »деген не? Бұл сөзге көзқарастарың қандай? «Жұмыс жасау», « жұмыс атқару», «жұмыс істеу» деген сөздердің мағынасы қандай? Тек ақша төлеген үшін нәрсені жұмыс дейміз ба? Мысалдар келтіріңдер.

Сурет №1

Жауабы: Күнделікті өмірде «жұмыс» деп адамдардың түрлі жұмыс істеу әрекетін айтады. Мысалы дене жұмысы,ақыл жұмысы,шығармашылық жұмыс. (Сур. №1).

Физикада бұл терминнің басқа мағынасы бар : күштердің әрекеті бағытымен байланысқан физикалық шама

Сұрақ №2: Жұмыс- бұл адамның қоғамдағы күн көріс көзі. Жануарлар жүмыс атқара ма? Басқа физикалық денелер ше?

Жауап:Бұл сұраққа жауап беру үшін «жұмыстың» кәдімгі «денелердің әсерлесу» ұғымынан айырмашылық шарттарын анықтап алу керек.

Тәжірибе №1: Тіректе жатқан денеге бір күшпен әрекет етеді. Дене орын ауыстырмайды. Жұмыс атқарыла ма?

Жауап : Күштің әрекетінен дене орын ауыстырмаса , жұмыс атқармайды .

Тәжірибе №2: Тіректе жатқан денеге бір күшпен әрекет етеді. Дене күштің әсерінен орын ауыстырды. Бұл жағдайда жұмыс атқарыла ма?

ЖРазработка урока по теме Жұмыс және қуатауап : Жұмыс атқарылады.

Сұрақ №3: Ғарыш кемесі инерция бойынша қозғалып келеді. Жұмыс атқарыла ма?

Жауап : Жұмыс атқарылмайды ,өткені кемеге ешқандай күштер әрекет етпейді (сурет № 2)

Тәжірибе №3: Оқушы сөмкесі парта бетінде немесе парта қапталында тұр. Мұғалім сыныпта бір қалыпты жылдамдықпен қозғалып жүр. Сөмкеге қатысты мұғалім жұмыс атқара ма?

Сурет № 2

Жауап: Жұмыс атқармайды, өйткені сөмкеге мұғалім қолымен күш түсірілмейді.

Тәжірибе № 4: Оқушылар өздерінің сөмкелерін қолдарына алып бір биіктікке көтереді. Оқушылар жұмыс атқара ма?

Жауап : Жұмыс атқарады,

өйткені сөмке қолдың күші әсерінен орын ауыстырады.

Разработка урока по теме Жұмыс және қуатТәжірибе №5: Оқушылар бір орында қозғалмай сөмкелерін қолдарына ұстап тұр .Бұл жағдайда жұмыс атқарып тұр ма?

Жауап: Иә, себебі оқушылардың қолдарының бұлшық еттері жиырылғаннан, вертикаль бағытта периодты микроқозғалыстар жасап тұрады. Бұл кезде оқушылардың қолы жұмыс атқарады . Мысалыға , №3 суретте қасқырдың штангы көтерсе жұмыс атқарады.

Сурет № 3

Сұрақ №4: Келтірген мысалдар мен тәжірибелерден қорытынды жасаңыздар. «Қандай жағдайда жұмыс атқарылады,қандай жағдайда жұмыс атқарылмайды?»

Қорытынды: Күштің әрекетінен дене тек қана орын ауыстырған жағдайда ғана жұмыс атқарылады. .

СРазработка урока по теме Жұмыс және қуатұрақ № 5: Бремен музыканттардың қайсысы арбаға қатысты жұмыс атқарады? Қайсысы жұмыс атқармайды ? Неге? (сурет №4)

Жауап: Жұмысты тек Есек қана атқарады, себебі басқа музыканттардың әрекет ететін салмақ бағыты арбаның орын ауыстыру бағытына перпендикуляр

Сурет № 4

Тәжірибе № 5: 1Н салмағы бар денені 10 см биіктікке көтереді, кейін осы денені 50 см биіктікке көтереді. Қай жағдайда көптеу жұмыс атқарылады? Неше есе?

Жауап: екінші жағдайда 5 есе артық жұмыс атқарылды ,өйткені дене 5 есе көп қашықтыққа орын ауыстырды.

Тәжірибе №6: 1 Н салмағы бар денені 10 см биіктікке көтереді, кейін 4 Н салмағы бар денені 10 см биіктікке көтереді. Қай жағдайда көп жұмыс атқарылады? Қанша есе ?

Жауап : Екінші жағдайда атқарылған жұмыс 4 есе артық, себебі орын ауыстыру үшін денеге әрекет еткен күш 4 есе көп болды.

Тәжірибе №7: 1Н салмағы бар денені 10 см биіктікке көтереді,кейін 3 Н салмағы бар денені 40 см биікке көтереді. Қай жағдайда көп жұмыс атқарылады? Неше есе?

Жауап: Екінші жағдайда ,12 есе артық.

Сұрақ № 6: Осы айғақтарға сүйене отырып жұмысты табу әдісін тұжырымдап көріңдер? .

Қорытынды: Жұмыстың бірлігі ретінде 1 м қашықтыққа 1 Н күштің әрекетінен орын ауыстыруды айтады. Механикалық жұмыс өткен арақашықтыққа және күшке тура пропорционал. А = F*S

СРазработка урока по теме Жұмыс және қуатұрақ № 7: Егер қоян массасы 40 кг қасқырды құдықтың 10 м тереңдігінен көтеріп шығарса қанша механикалық жұмыс атқарады?

Жауап: 1600 Дж.

Сұрақ №8 : 2 машина ағаштан отын дайындап жарды. Бір машина ағашты 1 апта жарды, ал екінші машина ағашты 2 -ақ күнде жарып ,отынға дайындап тастады. Қандай айырмашылық байқадыңдар?

Жауап: Бір жұмыс әртүрлі уақыта орындалады.

Сурет № 5 Бірлік уақыт аралығында қанша жұмыс атқарғанын қуат деген физикалық шама сипаттайды.

Сұрақ № 9: Келтірілген фактілерден қуатты табу әдісін тұжырымдаңдар .

ҚРазработка урока по теме Жұмыс және қуаторытынды: Қуатты табу үшін жұмысты уақытқа бөлу керек: N = A/t

Сұрақ № 10: Компрессордағы ауа ағыны қуаты қанша,егер массасы 60 кг крокодил Генаны 3 м биікке 0,5 с уақытта көтерсе? ( Сурет № 6)

Жауап: N = 3600 Вт

Ескерту : Жылқы күші - дені сау, мықты жылқының күшінен төрт есе көп күшті айтады. Стандартты жылқы күші 735,5 Вт -қа тең

Сурет № 6

4. Өтілген материалды бекіту(жұптас-ойлан-бөліс) :

Есеп №1: Винни-Пух талға мінген кезде жұмыс атқара ма?

Винни-Пух талға жоғары мінген кезде және еркін құлаған кезде ауырлық күші жұмыс атқара ма? Екі жағдайдағы ауырлық күштері жұмыстары бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар ?

Қай жағдайда ауырлық күші қуаты көп?

Жауаптар:

А) Винни-Пух жұмыс атқарады, себебі ол бір күшпен ірекет етеді,сол күштің ірекетінен орнынан қозғалады.

Б) Екі жағдайда да жұмыс атқарылады;

В) Винни-Пух жоғары көтерілгенде ауырлық күші жұмысы мәні теріс болады, ал құлаған кезде жұмыстың мәні оң болады

Г) Винни-Пух құлаған кезде ауырлық күші қуаты көп ,себебі құлау уақыты көтерілу уақытынан аз.

ЕРазработка урока по теме Жұмыс және қуатсеп №2: Шарикке ілінген Вини-Пухқа қандай күштер әсер етеді?

Пятачок мылтығына алып келген кезде қанша жұмыс атқарды? Емен мен Пятачоктың үйіне дейінгі арақашықтық 800 м.Пятачок жүгірген кезде 75 Н күш жұмсады .Пробка массасы 20 г.Емен биіктігі 60 м. Ұшып шыққан пробканың ауырлық күші жұмысы неге тең?

Жауаптар:

А) Ауырлық күші мен Архимед күші

Б) 120 000 Дж.

Сурет № 7

ВРазработка урока по теме Жұмыс және қуат) 0 Дж.

Есеп №3: Ханшайым бірдей жол бөлігін жаяу өтсе және жүгіріп өтсе бірдей жұмыс атқара ма?

Сурет № 8 . Екі жағдайда қуат бірдей болады ма? Трубадур ханшайымды қолымен көтеріп тұрса жұмыс атқара ма?

Жауаптар:

А) Жүгіру мен жаяу жүрудің бір-бірінен айырмашылығы бар ,себебі жүгірген кезде бір биіктікке секіріп көтеріліп жүгіреді. Бұл кезде ханшайым денесін биіктікке көтеріп жүкіргесін қосымша жұмыс атқарды. Жүкірген кезде қуат та көп болады. Сурет № 8

Б) Трубадур ханшайымды қолымен көтерген кезде жұмыс атқарады.

5.Бағалау : өзін -өзі бағалау,өзара бағалау, топтық бағалау ;

6. Рефлексия .

Қытай философы Сюнь-цзы айтқан екен «Жаңа туған нәрестелер бірдей жылайды,бірақ өскеннен кейін оларды әртүрлі мінез-құлықтар танытады,себебі тәрбиесі әртүрлі болады» .Сондықтан «Кім менің қатемді жөндесе- ол менің ұстазым, кім менің дұрыс іс-әрекетімді айтып отырса - ол менің досым, кім мені өтірік мақтаса -ол менің жауым».

7.Үй тапсырмасы.

Мультфильмнен сабаққа есептер мен жаттығулар дайындаған кезде оқушыларды алаңдататын артық жерлерін алып тастау кертек, және де артық алаңдататын дыбыстарды жою керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, І деңгей;

  2. Нұсқаулықтың қосымшалары;

  3. cpm.kz сайты;

  4. «Развитие критического мышления учащихся на учебных занятиях по физике», Гаряев А.В;

  5. интернет материалдары;

  6. 7 класс,физика оқулығы , «Физика және астрономия»;

© 2010-2022