Танымдық ойын Қызықты физика

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:



Жунусова Айман Ибрагимқызы

ШҚО, Абай ауданы, Архат ауылы

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ

физика пәнінің мұғалімі



Танымдық ойын Қызықты физика


Танымдық ойыны





«Қызықты физика»

танымдық ойынының бағдарламасы

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен

жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге

қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін

қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта

алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша,

физикалық приборлар, калейдоскоп, оқушылардың

шығармашылық көрмесі, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: ойын сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:


  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

  2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

  4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

  5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

  6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

  7. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

  8. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Физиканың еліне

Батыл қадам жасайық,

Осылайша шабытпен,

Ойынымызды бастайық!

- Ойынға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Ойынға 2 топ қатысады.

  1. «Ойшылдар» тобы

  2. «Тапқырлар» тобы

І.ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

2-топ: «Тапқырлар» тобы

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!


  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап - 1 ұпай

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегіш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/

  2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/

  3. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/

  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/

  5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/

  6. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/

  7. Физика не туралы ғылым? /табиғат/

  8. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/

  9. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /тұңғыш адам ғарышқа ұшты/

  10. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/

  11. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/

  12. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/

  13. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/

  14. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға - 500 теңге ұтыс беріледі.

Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика

50 теңге 10 теңге 1 теңге

IV. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

- Жүргізуші 2 топқа арнап кезекпен кзек, бір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа - 5 ұпай

Берілетін приборлар:

Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика

Амперметр Вольтметр Реостат

Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика Танымдық ойын Қызықты физика

Катушка Электроскоп Трансформатор

1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/

2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/

3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/

4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/

5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/

6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/

V. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);


2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге - 10 ұпай.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

2. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

1. Бетін қағазбен жап.

2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

VI. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

Танымдық ойын Қызықты физикаТанымдық ойын Қызықты физикаТанымдық ойын Қызықты физика

Жауабы: МЫСЫҚ

VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

Жауабын тапқан топқа - 10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Евклид - файл - телеграф - килобайт - робот - дюим - процессор - монитор - тире - разряд - диск.


VIII. «ТІЛ - ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде - 10 ұпай, орыс тілінде - 10 ұпай, ағылшын тілінде - 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2 Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

4. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

5. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

Тапсырма: Сіздің қолыңызда - 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы - 50 теңге, сиыр - 10 теңге, қой - 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға - 500 теңге ұтыс беріледі.

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ


Р/с

Ойын шарттары

Ойшылдар

Тапқырлар

1

ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);

2

«КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);

3

«ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

4

«КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

5

«ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

6

СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

7

«ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

8

«ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Жалпы ұпайы



© 2010-2022