Қаныққан және қынықпаған булар

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

1 1

Мерзімі


26.10.2013ж.


2

Сынып

8 «В»


3

Тақырыбы

Қаныққан және қынықпаған булар.


4

Мақсаты

Оқушыларды булардың түрлерімен таныстыра отырып, булардың табиғатта кездесетін орындары туралы білімдерін толықтыру.


5

Міндеттері


  1. Ауда ардайым кезесетін су буы және бу түзілгенде ішкі энегрияның өзгеру бағытын түсіндіру.

  1. Оқушылардың қаныққан және қанықпаған булар туралы білімдерін толықтыра отырып, сыни ойлау, нақты тұжырым жасай білу, өз ойын ашық жеткізе білу дағдыларын дамыту.

  1. Оқушыларды ұйымшылдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.


6


Күтілетін нәтижелер


Қаныққан және қанықпаған бу түрлерімен танысады, табиғатта ауа қабаттарының булану мөлшерлерін түсінеді.


7

Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер

«Физика және астрономия». «Әдістемелік нұсқау». «Оқыту әдістемесі».

Интернет материалдары


8

Сабақта қамтылатын модульдер

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер


9

Әдістері

Шаттық шеңбері.

«Миға шабуыл»

«Иә» және «Жоқ» ойыны

«Топбасшылар тапсымасы»

Кері байланыс «Интервью парағы»

Бағалау


10

Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

11

Ұйымдастыру кезеңі


Шаттық шеңберін құру арқылы арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып өз көңіл күйлерін ауа райымен байланыстырып айтады.

12





Үй тапсырмасы


Миға шабуыл

  1. Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

  2. Булану және кебу құбылыстарына мысал келтір?

  3. Конденсация құбылысын қалай түсінесіңдер?

  4. Егер стакандағы суды жылы бөлмеден 00С суық жерге ауыстырса, онда ол булана ма?

  5. Жайылған кір мен шабылған шөп неге жел болғанда тез кебеді?

  6. Өзенге шомылып жағаға шыққанда, салқынды сеземіз. Неліктен?

  7. Неге жаңбыр жауғанда күн лезде салқындайды?

«Иә» немесе «Жоқ» ойыны. Оқушылар қойылған сұраққа «Иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Жауабы дұрыс емес болған оқушыларға неге деген сұрақ қойылады.

  1. Сұйықтың газ тәрізді күйге өтуінің екі тәсілі бар? (Иә)

  2. Сұйықтың төменгі қабатында орналасқан молекулалар сұйықтан ұшып шыға ала ма? (Жоқ)

  3. Булану жылуды жұтумен қатар жүреді (Иә)

  4. Кебу жылдамдығы сұйықтың тегіне байланысты бола ма? (Иә)

  5. Булану сұйықтың орналасқан ауданына байланысты емес? (Жоқ)

  6. Сұйықтың температурасы неғұрлым жоғары болса, булану соғұрлым тезірек жүреді? (Иә)

  7. Ашық ыдыстағы сұйықта конденсациялану жүре ма? (Жоқ)

  8. Спирт суға қарағанда тезірек кебеді? (Иә)

  9. Май суға қарағанда тезірек кебеді? (Жоқ)

  10. Сұйық тек жоғары жағынан кебеді? (Иә)


Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, ойын жинақтап, тақырыпты естеріне түсіреді.





13





14

15

16

Жаңа сабақ





Кері байланыс

Үйге тапсырма

Бағалау

Тақтадан булануға қатысты суреттер көрсетіледі оқушылар сол суреттер бойынша өз ойларын аңгімелеп айтып береді. Сол суреттердің ішінен қаныққан және қанықпаған буларға қатысты суреттер қатыстысын көрсетіп. Тақырыпты түсіндіремін.

Топтардың ішінен топбасшыны сайлап, әр түрлі деңгейдегі есептерді өз тобындағы оқушылардың деңгейлеріне қарай таратып береді.

Әр оқушынын тапсырмасы әт түрлі қайталанбайтын болады. Топбасшы сол тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексереді.

Тобындағы оқушылардың тапсырманы қаншалықты деңгейде орындағандары туралы айтып, оқушыларды бағалайды.

«Білім ағашы»

Қаныққан және қанықпаған булар.

Атмосферадағы булануға байланысты эссе жазып келу.

Бағдаршам әдісі бойынша бағалаймын.


Оқушылар суреттерге қатысты өз ойларын айтады.


Топбасшылар өз тобындағы оқушыларға тапсырмаларды таратып, тапсырмалардың орындауларына қарап бағалайды.


«Білім ағашына» кері байланыс парағын жапсырады

.


© 2010-2022