Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану. Баяндама

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып,  сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғал...      Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Болысова Тұмар Болысқызы

I санатты физика пәнінің оқытушысы

М.Тынышпаев атындағы ҚазККА

Ақмола көлік колледжі



Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану

Білім - адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттердің бірі- ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып студенттерге терең білім мен тәрбие беру.

Әр пәнді оқыту кезінде сабақты қазақ халқының тұрмысы,әдет- ғұрпы,үлгілі дәстүрлерімен шебер ұштасып,студент бойында ұлттық мақтаныш,ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру,оны бүгінгі күн талабына сай мазмұнды да,пәрменді жүргізуге күш салу- пән мұғалімдерінің басты парызы.Ұлттық ерекшеліктер ұғымын жалаң тұрғыда емес,физикалық құбылыстарға үйлесімділікпен енгізу,яғни физикалық ұғымдарды ұлттық таным- талғам арқылы танудың маңызы зор.

Физика сабағында студенттерге қазақ халқының мәдениеті мен салт- дәстүрін оқып үйрету бір- бірінен бөліп алуға болмайтын үш міндетті атқарады.Олар-

білім беру,оның тәрбиелік мәні,танымды кеңейту міндеттері.Физиканы оқытуда бұл міндеттерді жүзеге асыру студенттердің логикалық ойлауын,өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының дамуына себебін тигізеді,оқу процесін жандандырып,жаңа тақырыпты жеңіл түрде меңгеруіне мүмкіндік береді. Сондықтан бүгін сіздермен физиканы халық даналығымен байланыстыра өткізген сабақтарымның үлгісі туралы айтқым келеді.

Ата- бабаларымыздан ұрпақтан -ұрпаққа мұра болып келе жатқан бай қазыналарымыздың бірі -киіз үй. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы,ішіне жарық жақсы түседі,ауа алмасуы талапқа сай, жел дауылға көп шайқалмайды, берік,төбесі күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді.Салқын болуы конвекцияға байланысты.Киіздің жылу өткізгіштігі нашар,сондықтан аптап шілдеде сая,ызғырықта жылы баспана болған.

«Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы» деген тақырыпты өткенде сан ғасырлар бойы өмірмен бірге жасасып,біте қайнасып,өзінің айшықты бояуын солғындатпай,ұрпақтан- ұрпаққа мирас болып келе жатқан бай қазыналардың бірі киіз үйді қолдандым.

Сабақтың үй тапсырмасын сұрау кезеңінде үй тапсырмасының сұрақтары киіз үй бөлшектерімен байланыстырылса, ал жаңа сабақты бекіту кезеңінде де «Эрудиттер», «Аналитиктер», «Зертханашылар», «Тарихшылар» ауылына да киіз үй тігілді.

Халқымыздың әдет -ғұрпы,ұлттық мінез бітістері,сезімдері,ойлары мақал- мәтелдер мен қанатты сөздер арқылы ұрпақтан- ұрпаққа тарап,тәрбиелік мәні бар дәстүрге айналып отыр.Осындай халқымыздың дана сөздері ұрпақ тәрбиесінде үлкен роль атқарады.Халқымыз жеті киелі сан деп санаған. Мысалы,жеті жарғы,жеті ата,жеті шелпек,аптаның жеті күні,жеті қарақшы ,

«Болар бала жеті жастан бас болар», «Жетіге келгенше жерден жеті таяқ жерсің».«Жарықтың дисперсиясы және поляризациясы» деген тақырыпты өткен кезде ақ жарықтың жеті түстен тұратынын қасиетті осы жеті санымен (жеті қазынамен) байланыстырдым.

Физика сабағында студенттің зейінін арттыруға,сабырмен тыңдай білуге,өзін- өзі ұстай білуге баулитын,тәрбиелейтін мақал- мәтелдерді қолданған да тиімді.

«Қисық ағаштың көлеңкесі де қисық» мақалының физикалық мағынасы жарықтың түзу сызық бойымен таралуын ұғындырады. «Аузы күйген үрлеп ішеді» мақалының тәрбиелік мәні жіберілген қатені екінші рет болдырмау,жіберілген қатеден қорытынды жасау,физикалық тұрғыдан-ыстық нәрсені үрлесек кебу құбылысы болатындығын түсіндіреміз.

Көшпелі халықтың аса бай өнерінің бұлжымас байрақ- туындай болған қасиетті домбыраны «Тербелістер» тақыбын өткенде баяндаймыз.Домбыра жалпы физикалық күрделі заңдылықтармен түсіндірілетін акустикалық аспап.Домбыра үш бөліктен тұрады.Біріншіден бас бөлігі,мойын бөлігі,шанақ бөлігі.Бас бөлігінде құлақтары,шайтан тиегіорналасады.Мойын бөлігінде пернелері,шанақ бөлігіндетиек,ойық,ілгек орналасады.Егер домбыраның ішегін қолымызбен шертсек белгілі бір үн естиміз,тербеліс туады.Тасада тұрып домбыраның да үнін ести аласың,ауада да тербеліс туды.Дыбыстардың осындай ауытқуы,кедергіні орағытып өтуідифракция деп аталады.

Ұлттық дәстүр элементтерін пайдаланып,сабақты түрлендіріп өткізу студенттерге ерекше әсер қалдыратыны сөзсіз.Қазақтың ұлттық киімінің өзі де физика ғылымымен тікелей байланысты.Біз бозбала мен бойжеткендерді оқытып, тәрбиелеп жатырмыз.Бойжеткендердің тұрмысқа шығуы ол табиғаттың заңы.Қазақ халқы қашан да бас киімге көп көңіл бөлген.Қыздар ұзатылғанда бастарына сәукеле кисе,ал әжелеріміз кимешек киген. «Инфрақызыл, ультракүлгін,рентген сәулелері» деген тақырыпты өткенде студенттерге жаулықтың физикалық мағынасын әңгімелеуге болады.Ежелден қазақ халқы көшпелі халық болғандықтан уақыттың көбін ашық аспан астында өткізген.Сәукеле де,кимешек те ақ матадан тігіледі.Ақ жаулық қазақ әйелдерінің басын,арқасын (омыртқа,жұлын ) кеудесін атмосферадағы түрлі сәулелердің,магнит,электр өрістерінің ,жылу алмасуының т.б зиянды әсерлерден қорғайды.Ерлердің жалпақ жиекті қалпағы адамның көзіне, бетіне күн сәулесінің тура түсуінен қорғайды.

Студенттердің физикадан өзіндік іс- әрекетін қалыптастыруда есеп шығарудың рөлі зор. Әрбір шығарылған есеп физиканың заңдары мен ұғымдарын студенттердің қаншалықты меңгергендігі жөнінде хабардар береді.

Есеп шығарған кезде де қазақтың өлшем бірліктерінің мағынасын түсіндіріп айтуға болады.Шақырым-1 километр,сүйем- бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы,құлаш- екі қол ұшы,табан,қадам,таяқ тастам жер,түймедей,ат төбеліндей,ат басындай,таудай,зілдей,қаңбақтай т.б

Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану.Баяндама

ТЖҚ 12/2 тобының физика сабағындағы оқу үлгерімі және білім сапасы

Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану.Баяндама




Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану.Баяндама



Физика сабағында халықтық педагогика элементтерін қолдану.Баяндама

Қорыта келгенде,ғасырлар бойы сақталып бізге дейін жеткен ата -бабаларымыздың ақылын ғылыми тұрғыдан талқылап,ұрпақтарымызға жеткізе білу ұстаздық парызымыз.Халқымыздың асыл мұрасын физиканы оқыту барысында негізге алу студенттердің ұлттық дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастырумен бірге,олардың ой - өрісін,пәнге деген қызығушылығын арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Педагогикалық энциклопедия.Түсіндірме сөздік.2002 ж

2.Әдістемелік журнал «Білімдегі жаңалықтар»

3. Выготский Л.С. Психология. - М., 2000.

4. Бегалиев Т.Б.Педагогика. 1999ж.

5.Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журнал «Физика және астрономия»

6. Сапарғалиева А.Оқушылардың оқу-зерттеушілік әрекетінің жоғары құзіреттілік, шығармашылық, жігерлілік және кәсібилікке бағытталуы. 2009ж.

7.Құлыбаева Д. Халықаралық типтегі мектептердің білім беру жүйесін басқарудың әдіснамалық негіздері.Алматы, 2010ж


© 2010-2022