Сабақтың тақырыбы: §13. Ньютонның үшінші заңы

Сабақтың тақырыбы:  §13. Ньютонның үшінші заңы Сабақтың білімділік мақсаты: Ньютонның үшінші заңын тәжірибе жасап отырып, түсіндіру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс пайдалана білуге үйрету. Сабақтың дамытушылық  мақсаты:  Оқушылардың өздігінен ойланып жұмыс істеу қабілетін арттыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап. Сабақтың жүру барысы: І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен сәлемдесу.      ... а 4м/с2 ? 0,4 м/с2 ? 0,1 м/с2 5 м/с2 m 5кг 3 кг 200 кг 10 т ? ? F ? 6 Н ? 20 кН 20 Н 1      кН 12.   Есеп:    № 146 Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін тап. Шешуі: F= mа=mʋ/t=(0,5кг*10м/с)/0,02с=250Н ІІІ. Жаңа материал енгізу.     Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады: Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:                                             F1=-F2 Әрекет және қарсы әр...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: §13. Ньютонның үшінші заңы

Сабақтың білімділік мақсаты: Ньютонның үшінші заңын тәжірибе жасап отырып, түсіндіру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ үстінде ұқыптылыққа, өздеріне деген сенімділікке, уақыттарын дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өздігінен ойланып жұмыс істеу қабілетін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Кинематика қандай тарау?

  2. Динамика қандай тарау?

  3. Қозғалыстың қандай түрлері бар?

  4. Үдеу қандай шама? Түрлерін ата.

  5. Ньютонның бірінші заңы.

  6. Ньютонның екінші заңы.

  7. Күш қандай шама?

  8. Күштің түрлерін ата.

  9. Есеп: №141

Массасы 4 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 2 м/с2 үдеу алады. Массасы 10 кг денеге дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?

Шешуі: m1/m221 а2=(m1а1)/m2=(4кг*2м/с2)/10кг=0,8м/с2


  1. Есеп: № 144

Реактивті ұшақтың массасы 60 т, двигателінің тарту күші 90 кН болса, ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалған?

Шешуі: а=F/m=90000Н/60000кг=1,5м/с2

  1. Есеп: № 143

    а

    4м/с2

    ?

    0,4 м/с2

    ?

    0,1 м/с2

    5 м/с2

    m

    5 кг

    3 кг

    200 кг

    10 т

    ?

    ?

    F

    ?

    6 Н

    ?

    20 кН

    20 Н

    1. кН

  2. Есеп: № 146

Массасы 0,5 кг допты ұрғанда 0,02 секундтан кейін 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Соққының орташа күшін тап.

Шешуі: F= mа=mʋ/t=(0,5кг*10м/с)/0,02с=250Н

ІІІ. Жаңа материал енгізу.

Ньютонның үшінші заңы былайша тұжырымдалады: Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелердің бір-біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама-қарсы:

F1=-F2

Әрекет және қарсы әрекет күштері әртүрлі денелерге түсіріледі. Сондықтан олар ешқашан теңеспейді және оларды теңәрекетті күшпен алмастыруға немесе қосуға болмайды. Бұл екі күштің тағы бір ерекшелігі - олардың табиғаты қашан да бір. Егер F1 серпімділік күші болса, онда F2 де серпімділік күші болады.

Күштер бір денеге түсірілген жағдайда ғана олар теңеседі деп айтуға болады, мысалы, тіректе жатқан денеге Fа ауырлық күші және үстел тарапынан ол күшке қарама-қарсы бағытталған серпімділік күші (тіректің реакция күші) әрекет етеді.

Бұл күштер тең және қарастырылып отырған денеге түсірілген. Бұл күштердің тендігі Ньютонның екінші заңының салдары болып табылады және олар үшін N+Fа теңдігін жазуға болады. Бұл жағдайдағы дененің үдеуі нөлге тең, ал бұдан F=-N болады да, дене тыныштық қалпын сақтайды.

Бұл күштердің табиғаты әртүрлі болғандықтан, "әрекет" және "қарсы әрекет" күштері бола алмайды. Ал әрекет және қарсы әрекет бір ғана өзара әрекеттесуді, мысалы, дененің тірекпен әрекеттесуін сипаттайды: тіректің N реакция күші модулі бойынша дененің тіректі кысып басатын күшіне, яғни P салмағына тең. Әрине, бұл күштер әртүрлі денелерге түсірілген және қарама- қарсы бағытталған.

Сонымен, біз Исаак Ньютон тұжырымдаған қозғалыстың негізгі үш заңымен таныстық. Олар айналамызда болып жатқан алуан түрлі механикалық қозғалыстар үшін бірдей. Алайда Ньютонның екінші және үшінші заңдары тек инерциялық санақ жүйелерінде және материялық нүктелер ретінде алынуы мүмкін баяу қозғалыстағы денелер үшін ғана орындалады. Ал жарық жылдамдығына жуық жылдамдықпен қозғалатын денелер үшін релятивтік механика заңдары орындалады.

ІV. Жаңа материалды пысықтау :

  1. Мысалдар келтір.

  2. Тәжірибе жаса.

V. Есептер шығару.

1. Есеп: № 139

  1. Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с2 үдеу

береді? Шешуі: F11=F22 F2=F1а21=(60Н∙2м/с2)/0,8 м/с2=150Н

2.Есеп: № 140

Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу

береді. Тарту күшін 60 кН-ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай

үдеу береді?

Шешуі: F11=F22 а2=F2а1/F1=(60000Н∙0,5м/с2)/15000Н=2 м/с2

VІ. Оқулықпен жұмыс.

VІІ. Өзбеттік жұмыс.

№ 9(Б). Массасы 2 т автомобиль орнынан қозғалып, 10 с ішінде 100 м жол жүрді. Тарту күшін тап.

VІІІ. Сабақты қорытындылау.

Ньютонның үш заңын айту.

ІХ. Қайталау: Тест жұмысы.

1. Физика зерттейді...
А) физикалық құбылыстарды.
Ә) химиялық құбылыстарды.
Б) табиғат құбылыстарын.
В) жердегі өмір жағдайын.

2. Астрономия пайда болды:
А) қызығушылықтан.
Ә) уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін.
Б) адамдардың тағдырын болжау үшін.
В) физикадан.
Г) жаңа материалды алу үшін.

3. Төмендегі құбылыстардың механикалық құбылыстарға
жататыны:
А) жапырақтың сарғаюы.
Ә) найзағайдың жарқырауы.
Б) автомашинаның қозғалысы.
В) судың қайнауы.
Г) картоптың бүлінуі.

4. Кез келген затты құрайтын молекулалардың бір-бірімен әсерлесуі:
А) тебіледі.
Ә) тартылады.
Б) аз қашықтықта тартылады, ал үлкен қашықтықта тебіледі.
В) аз қашықтықта тебіледі, ал үлкен қашықтықта тартылады.
Г) молекулалар бір-бірімен әсерлеспейді.

5. 100⁰С-де қандай температура
қабылданған?
А) қалыпты жағдайда судың қайнауы.
Ә) ащы судың қайнауы.
Б) будың конденсациясы.
В) судың булануы.
Г) қалыпты атмосфералық қысымда судың қайнауы.

Х. Үйге тапсырма: §10-13. Ньютонның үш заңы. № 11(4,5)

ХІ. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022