Урок Линзаның оптикалық күші

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы Линза. Оптикалық күші. Сабақтың мақсаты: Жарықтың шағылу және сыну қасиетін линзаларға қолдану, линзалардың түрлері, қасиеттері,әртүрлі оптикалық құралдарда қолдану заңдылықтарын түсіндіру, оптикалық құралдардың жұмыс принципінен танысу және қолдана білуге үйрену.Оптикалық күш формуласымен танысу.
Дамытушылық:ойлау қабілетін дамыту, оптика - техникалық құралдармен жұмыс істеуге бейімдеу, білік - дағдыларын
қалыптастыру.Өнертапқыштыққа баулу.
Тәрбиелік: ғылым мен техникаға жақсы көзқарас қалыптастыру,ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ.

Сабақ типі:Семинар.

Көрнекіліктері:интерактивті тақта,электронды оқулық,дүрбі,микроскоп,спектроскоп,көзілдірік,осцилограф,компьютер,линзалар, тірек сызба.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.3топқа бөлу: 1),,ЛУПА"болжаушы топ
2),,Микроскоп"-зерттеуші топ
3),,Телескоп"-сараптаушы топ
Тапсырмалар:,,Қарлы кесек" Ойыны бойыншаСлайд-1-2 ...Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық,
Сегіз минут,шерікте жерге барып.

Әншейін құр жарқырап тұрып алмай,
Жылылық нұрмен бірге жүр қозғалып.
Бұл дүние жылуы жоқ нұрсыз болса,
Әлемнен кім жүре алар пайдаланып?
Дүние атаулы теп-тегіс мөлдір болса,
Көлеңке орнығады қайда барып...

"Тау басындағы ой"Шәкәрім

Слайд-3

Линза (лат. lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны

екі сфералық бетпен шектелген

денені айтады. Ортасы шетінен қалың болатын

дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын

ойыс линза болып ажыратылады. Осы линзалардың қимасы слайд-4

89, а (дөңес линза) және 89, б (ойыс линза)-суреттерде көрсетілген

Осы суреттерде линзалардың

шартты белгілері кескінделген.

Урок Линзаның оптикалық күші

Слайд-5

Дөңес және ойыс линзалардағы сәулелер

жолы әр түрлі. Дөңес шыны линзалар ауада

параллель жарық шоқтарын бір нүктеде

түйістіреді, сол

себепті оларды жинағыш (90, а-суретті қара) деп атайды.

Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын

шашыратады,сол себепті

оларды шашыратқыш (90, б-сурет) деп атайды.

Урок Линзаның оптикалық күші

Слайд-6

F - линзаның фокус орталығы.

Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші

соғұрлым көп болады, онда

ол жарықты күшті сындырады.

Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі бірлігі метрдің минус

бір (м -1) дәрежесі болады. Басқаша бұл бірлік

диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр - бұл фокус аралығы

1 м болатын линзаның оптикалық күші.

Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді жєне

де линзаның оптикалық күші деп аталады:

Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзалық фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есептелінеді (F > 0, D > 0). Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді (F < 0, D < 0).

Слайд-7 ,-8-9.

1)Жұмыс істеу принципі жарықтың шағылу заңына негізделген оптикалық құрал.

2)Заттың кескінін беретін оптикалық құрал.

3)Дененің ұлғайтылған кескінін беретін оптикалық құрал.

4)Кез - келген заттың ұлғайтылған кескінін беретін оптикалық құрал.

5)Жарықтың спектрін алуға мүмкіндігін беретін оптикалық құрал.

6)Жалтыр емес денелердің ұлғайтылған кескінін беретін оптикалық құрал.

7)Алыстағы заттардың ұлғайтылған пішінін беретін оптикалық құрал.

8)Барлық оптикалық құралдардың негізгі элементі.

С-10

1)колидоскоп.

  • 2)фотоаппарат.

  • 3)диапроектор.

  • 4)микроскоп.

  • 5)спектроскоп.

  • 6)эпидоскоп.

  • 7)бинокль

  • 8)шыны.

С-1

© 2010-2022