Физикадан сыныптан тыс сабақ

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ӨҚӘ «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп - гимназиясы» КММ



















«Қызықты екі ғылым...»

(Коучинг сабақ)

(8-10 сыныптар)

















Өткізген физика пәнінің мұғалімдері:

Муртазалиева А.А

Шакенова С.С

Өскемен, 2014 жыл

«Қызықты екі ғылым...» тақырыбы бойынша коучинг жоспары

Күні

Сағат

Сабақ тақырыбы:

«Қызықты екі ғылым...»

Жалпы мақсат:

Оқытудың тиімді әдістері және тапсырмалары арқылы оқушылардың физикадан және информатикадан білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Алған білімдерін пысықтауға, қолдана білуге, өз ойын айтуға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтиже:

Тиімді әдістер мен тапсырмаларды орындап, өздеріне деген сенімділіктің ұшқыны ұялайды;

Түйінді идеялар:

Көшбасшылықты дамытудың бір жолы - сыни тұрғыдан ойлану.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Суреттер, үлестірмелі қағаздар, түрлі-түсті қаламдар, бейнетаспа, слайдтар, компьютер.

Дерек көздері:

Интернет желісі, БАҚ

Тапсырмалар

Ой қозғау, постер, кластер, тренинг, тәжірибе, эксперимент



Сабақ бойынша коуч пен оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Қайырлы күн құрметті көрермен!

Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.

Тәрбиелі,білімді боп әрқашан

Өс, өркенде, қанат жайып кемелден.

Қатысушылар мен көрермендер өз орындарында отырады

  1. Топтың атын құрастыру, қорғау

3 мин

Түрлі түсті фигуралар арқылы 4 топқа бөлу

(Қатысушыларды топқа бөліп отырғызу)

Топтарына ат қойып, қорғайды. (постер)

2. Мақал- мәтелдің мағынасын ашу

4 мин

А) Мақал- мәтелде қандай физикалық ұғым, құбылыс, шама... көрсетіліп тұр?
Б) Мақал- мәтелдің лексикалық мағынасы қандай?

Топтар өздері таңдаған ұяшықтан шыққан мақалдың мағынасын ашып береді

3. Эксперименттік тәжірибе

10 мин

Топтарға тәжірибе жасауға қажетті заттарды таратып беру

Өздеріне берілген заттарды пайдаланып қандай физикалық заңды, құбылысты түсіндіруге болатынын көрсетіп, қорғау

4. Логикалық есеп

3 мин

Үлестірме қағаздарын тарату

Үлестірме қағазда берілген тест сұрақтарына жауап беру.

5. Сергіту сәті

3 мин

Әр түрлі әуендер ойнатылады.

Оқушылар әуенді тыңдап, онда қандай физикалық құбылыс жайлы айтылғанын табады.

6. А. Физика есептерін Паскаль
бағдарламасында жазу

Б. Көрермендермен ойын

15 мин

Үлестірме қағазда физика пәні бойынша есептер берілген

Activ Ote құралын пайдаланып көрермендерге қызықты тест сұрақтарын беру

Компьютерде есептің бағдарламасын құрып, шығару

Тест тапсырмаларын шешу.

7. Рефлекция «Аялдама» 5 мин

1 Аялдама: «Ақпарат»

Не білдіңіз?

2 Аялдама «Сезім және интуиция»

Коучинг сабақ сізде қандай сезімдер туғызды?

3 Аялдама «Позитив»

Коучинг сабақтың қандай жетістіктерін атап көрсетесіз?

4. Аялдама «Креативтілік»

Коучинг сабақтан өзіңе қандай ақпарат алдың?

Әр топ әр аялдамаға барып өз ойларын білдіріп, жазады

















© 2010-2022