Жүйелі жұмыс қашан да жемісті

Кез келген ұлтта болмасын ұрпақ тәрбиесі ежелден-ақ ел болашағын  айқындап берер өзекті мәселенің бірі болып келгені ақиқат. Өйткені , елдің нұрлы болашағы сонау бағзы заманнан-ақ жас ұрпақтың білімдарлығы  және парасат пайымымен өлшеніп келген ғой. Осы орайда ұлы ойшыл Платонның «Бала тәрбиесі мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс» -деген даналық сөздері еріксіз ойға түседі. Қазіргі қиын  кезеңде білім саласынан өзге өткір проблемалардың молдығына қарамастан, өзінің стратегиялық...             Ұстаз – білім саласындағы басты тұлға. Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің  сөзімен айтқанда «Мектептің тынысымыз соққан жұмыскер жүрегі іспетті. Ұстаз еңбегі үнемі жаңарып, жасарып тұратын шығармашылық  құбылыс».
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүйелі жұмыс қашан да жемісті

Физика -эксперименттік ғылым. Эксперименттік оқыту тәсілін жүзеге асыру үшін мектеп физика кабинетінің оқу материалдық базасы жеткілікті болуы қажет. Техникалық оқу құралдарының кеңінен қолданылуы жалпы ақпараттық қоғамның даму кезеңінде оқу процесінің негізгі заңдылығын сақтайды. Жақсы жабдықталған кабинет жалпы мектепке арналған физикалық бағдарлама мен стандарттық сәйкестердегі мұғалім мен оқушылардың білімділік және тәрбиелік міндеттерін шешуге зор мүмкіндік беріп қана қоймай, сыныптан тыс, элективті және факультативтік сабақтардың жүйелі өтуін қамтамасыз етеді. Қазіргі заманғы техникалық оқуды физиканы оқыту процесіне енгізу әдіс- тәсілдерді сабақтың құрылымына сауатты қолдану барысында ғана жүзеге асады. Физика пәнінің мұғалімі берілген құралды қолдану кезінде ғана оның қолдану аясын нақты анықтай алады. Жалпы мектепке арналған мемлекеттік стандартты енгізу, ҰБТ- ге ауысу, жаңа оқулықтарды кіргізу -мектептегі физика кабинетінің оқу материалдық базасының өзгеруіне әкеледі.

Сондықтан мұғалім тек қана өз пәнінің оқыту технологиясын ғана біліп қоймай, өз жұмыс орнындағы құралдың құрылысын, қолдану мақсатын, жұмыс істеу принцптерін білуі қажет.

Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру ережесіне айрықша назар аударылып отырғаны аян. Баланың дарындылығы мен білімге құштарлығын арттыру - ұстаз бойындағы құдыретті күш. Ендеше берілетін білім сапасы да мұғалім шеберлігіне байланысты болмақ. Ал, қазіргі жаңаша оқыту технологиясы мұғалімдерді жақсы нәтижеге жеткізетін құрал екенін сабаққа қатысу барысында байқап жүрміз. Оқытудың жаңа технологиясы жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Нәтижесінде оқушының интелектуальды дамуының жоғарлануы, белсенділіктің артуы, мұғалім мен шәкіртінің өзара қарым -қатынасының жауапкершілігі көрінеді. Өйткені, оқушы да, оқытушы да белсенді шығармашылықпен жұмыс жасайды. Иә, жүйелі еңбек қашанда жемісін бермек. Білім беру мазмұны жаңартылған сайын әрбір пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері туындауда. Педагог қауым жаңа білімді шертуде сан түрлі әдіс- тәсілдерді іздестіруде. Көбіне жаңа технологияларды сараптап, тиімділері таңдалуда. Физика сабағында оқушылардың материалдарды дұрыс ұғынуы, пәнге деген танымдық қызығушылығының артуы, білімнің берік қолданылуы мұғалімнің сабақ өткізудегі шеберлігіне, әртүрлі әдіс -тәсілдерді орнымен қолдана білуі жолындағы ізденімпаздығына байланысты.

Оқушылардың өздік іс- әрекетіне де еркіндік беру керек. Жиырма жылдан аса тәжірибемнен түйгенім, оқушыны өздігінен жұмыс істеуге үйрету, өзіндік көзқарасын қорғауға талаптандыру педагог қауымның қызметін жеңілдетеді. Оқушының пікірін асықпай тыңдай білу және олардың берілген тапсырманы өздігінен аяқтауына шыдамдылық таныту ұтымды тәсілдердің бірі. Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық зәру мәселесінің бірі. Оқушы қабілеті дегеніміз- оның педагогикалық ықпалы аясындағы білім беру әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. Оқушыларға физика пәнінен тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Физика пәнінен дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтереді. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Бұл жерде сапа ұғымы кітаптың шығарылуы, бағасы, көркемдік безендірілуі емес, оның ішкі құндылығы, мән- мағынасы мен мазмұнына қатысты. Бұл тұрғыда әр түрлі қарама- қарсы пікірлер туындауы мүмкін. Оқушылардың білім сапасын арттыру мәселесінде жарастықпен ой бөлісіп, пікір таластыру, білім жарастыру арқылы ұлағатты істің өрге басуына бірлесіп үлес қосу. Физика кабинетінде компьютер интернет желісіне қосылған, интерактивтік тақта көмегімен 7-11 кластар аралығында электрондық оқулықтар пайдаланамын. Барлық кластарда физика курсы бойынша плакаттар қолданамын.



© 2010-2022