План урока па теме Газдардагы электр тогы /8класс/

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Күні: 24п.02.2014

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты

§48. Газдардағы электр тогы.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік жайлы мағлұмат беру

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік тің күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Топта бағалай білуге баулу

Күтілетін нәтиже

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтік жайлы мағлұмат алады

  • Газдардағы электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Электронды сәулелік түтіктің күнделікті өмірде және өндірістерде, есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

  • Топта бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Қыздырғанда газ атомдарының не молекулаларының жылдамдығы артады. Соған сәйкес олардың кинетикалық энергиясы да артады. Осындай атомдар не молекулалар соқтығысқанда олардан электрондар үзіліп шығып, газда бос электр зарядтары - электрондар мен оң иондар түзіледі. Мұндай процесс газдың иондану деп аталады.

Электр тогы жоқ кезде газдағы электрондар мен иондар хаосты қозғалыс жасайды. Олар соқтығысқан жағдайда қайтадан бейтарап молекулалар түзілуі ықтимал. Осы процесті рекомбинация деп атайды.

Егер иондалған газда электр өрісін тудырса, онда иондар мен электрондар реттелген қозғалысқа келеді де, тізбекте электр тогы пайда болады.

Газдардағы электр тогы дегеніміз -электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы болып табылады.

Егер иондалған газда электр өрісінің кернеулігін артырса, онда электр өрісінен екпін алған электрондар бейтарап молекулалармен соқтығысып, электрондарды жұла, оларды бейтараптайды. Ал, олар өз кезегінде электр өрісінен екпін ала газдың басқа молекулаларының иондалуын тудырады. Электрондар мен иондар санының тасқын тәріздес артуы байқалады. Газдың осындай иондалуы екпінді иондалу деп аталады. Екпінді иондалу нәтижесінде тізбектегі ток күрт өседі.

Егер иондалған газда екпінді иондану есебінен еркін электрондар мнн иондардың саны күрт өссе, онда мұндай газ плазма деп аталады.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (қатты, сұйық, газ)

1.3 Топ ережесі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут) волейбол ойыны арқылы сұрақтар қою?

  1. Электролиз жайлы не білесіңдер?

  2. Электролит жайлы не білесіңдер?

  3. Фарадей заңы

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут) /лездеме /3 конвертте сөз жасырылады/

  1. Газ , электр, ток

ІҮ. Жаңа сабақ- «Газдардағы электр тогы» /видео арқылы түсіндіру/

Ү. Топтық жұмыс (15 минут)

1 топ- буклет жасау /Табиғатта кездесетін электр тогы-Кемпірқосақ/

2 топ- постер қорғау /Газдардағы электр тогының пайда болуы/

3топ- Презентация /Газдардың адам өміріне зияны/


ҮІ. Жеке жұмыс Физикалық диктант

1.Иондану - сыртқы энергияның әсерінен газ молекулаларының оң иондарға және бос электрондарға бөлінуі

2.Тәуелді разряд- газ арқылы токтың өтуі тәуелді разрядқа мысал бола алады

3.Тәуелсіз разряд-тұрақты әрекет етуші сыртқы ионизатор жоқ кезде пайда болатын разряд

4.Плазма- оң иондардың, бос электрондардың және бейтарап молекулалардың қоспасы


Бақылаушының бағалау парағы


Оқушының есімі

Үй тапсырмасы

Кестемен жұмыс

Топтық жұмыс

Жеке

жұмыс

1


2


3




ҮІІ. Үйге тапсырма

1.Тақырыпты оқып келу.

2. «Мединицналық кварцтың адам денсаулығына әсері» эссе жазу

ІХ. Кері байланыс /Нысана/ (3 минут)


© 2010-2022