Мен қалай жетістікке жетемін? Коучинг

Раздел Физика
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

М.Әуезов атындағы орта мектеп















Тақырыбы: Мен қалай жетістікке жетемін?

Түрі: Коучинг





















Мусатай Гулшат Мейрамбекқызы

Мен қалай жетістікке жетемін?

Коучинг жоспары

Коучинг тақырыбы: «Мен қалай жетістікке жетемін?»

Мақсаты: Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылар,ата-аналар,ұстаздар күнделікті ой талқыларды дамып келе жатқан жас буынға көмектесу тұжырымды ойларымен бөлісу,.

Күтілетін нәтиже: Еліміздің ертеңі - білімді, саналы ұрпақтың қолында

екенін айқындау.

Қосымша материалдар: презентация,маркер,стикер,парақтар,постер

Коучинг барысы:

Өзіңді ұдайы қадағалап,ұстай білу керек,өзіңді өзің тәрбиелей білу керек. Н.Крупская

Іс-шаралар

Уақыты

Коучингке қатысушының іс-әрекеттері

Сәлемдесу

кіріспе

2 минут

Мұғалім тыңдаушыларға сәттілік тілеп,жағымды ахуал тудырады Коучинг сабағымызды алдымен танысу тренингімен бастасақ.

Топқа бөлу

3 минут

«Оқушы», «Ата -ана», «Ұстаздар»

«Үш кеме» ойын.

(ой қозғау)

1.Сұрақ: Жетістікке қалай жетеміз? (Әр топ постер құрып қорғайды)

2. «Оқушы» тобы: Әлі де үлгеремін деген сөз іс бабында жиі айтылады.

(мағнасын түсіндіріңдер,

әңгіме құраңдар).

«Ата-ана» тобы: «Сынық құмыра». Бейне ролик

(өз ойларын ортаға салады)

«Ұстаздар» тобы: (мәтінмен жұмыс)

Сергіту сәті

5 минут

«Сенімділік» жаттығу

«Сенімділік» жаттығу (сергіту сәті)

Өтілу барысы: Ақ қағазды шеңбер бойымен жүргіземіз.Қатысушылардың біреуі сурет салуды бастайды,келесі адам бір нәрсе қосып, жалғастырады, солай жалғаса береді. Суретті түрлі-түсті фломастермен, қарындаштармен салады.Сурет бір бетке ғана салынады. Тақырып сенімділік болғандықтан, сурет салушылардан кейін қағазда орын азая береді, ол сенімсіз қатысушыны қысылып - қымтырылуға әкелуі мүмкін. Қатысушы басқа біреудің суретін бұзып алуға жасқанады.

Анализ кезінде аяқталған суреттің әдемілігі ескерілмейді.

Қатысушылардың сезімдері мен көңіл -күйлері жайлы әңгіме жүргізіледі.

Сұрақтар:

-Сурет салу барысында қандай әсер алдыңыз?

-Сіз суретке өз үлесіңізді қостыңыз ба ?

-Егер жоқ болса неге ?

-Өзіңіз салғыңыз келген суретті қостыңыз ба?

№1.Әкесі үлкен қызынан (17 жаста) сенбі күні үй жұмысына көмектесіп, аулаға кілемдерді, кілемшелерді шығарып, үлкендерге болысуды сұрады. Қызы отырған диваннан қинала көтеріліп,таяуда ғана сатып алған көйлегін кие бастады. Шешесінің жөн ескертпесіне қызы: «Қайдағы бір кілемшелерге бола өз абыройымды кетіре алмаймын. Мені жолдастарымның бірі көріп қалуы мүмкін».

Ерсілеу болса да, қызы өздегенін істеді. Былай қарағанда «Ұсақ түйек», «Түкте емес».

Сұрақ: .....Егер де сен өзіңді ата -ананың орнына қойып қарасаң, осы жағдайда не істеген болар едің ? Қайдағы бір көйлек үшін өз жүйкеңді де, қызыңның жүйкесін де жұқартуға бола ма ?

Білімді, саналы ұрпақ - болашаққа негіз болмақ.Топта бір -бірімізге сенім білдіріп бір кемедегі теңізшілер тәрізді бірлесе жұмыс жасассақ биік жетістікке жетеміз деп ойлаймын.

Смайликтер. Кері байланыс.1.Коучинг бойынша қандай сұрақтарыңыз бар?

2.Коучинг қызықты өтті ме?

Бүгінгі коучингке келіп өз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін көп рахмет!

© 2010-2022