Статья ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ.


Жидекешов Е.А. физика және информатика пәні мұғалімі

Ақтөбе қаласы, №2 ЖОББМГ

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың

қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры

ұстаздардың қолында»

Н.Ә. Назарбаев.

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа ақпараттық жүйесін меңгеру. Оқытудың жаңа ақпараттық жүйесінің бірі - ақпараттық технология. Ақпараттық технологияның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті оқушы даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа жүйені және өмірде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

ХХІ ғасыр ақпараттық жүйе технологиясын қолдану ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми - технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда.

Физика сабағында ақпараттық жүйені пайдалану оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің бірі.

«Физика» оқу пәні ретінде өз білім саласында қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын алатын табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физика ғылымы адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы болып табылады. «Физика» пәнінің мақсаты - бұл оқушының ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық зеректік қабілетін дамыту, физиканың қазіргі қоғам өмірінде және жалпы адамзат мәдениетін дамыту, табиғатқа ғылыми көзқараспен қарау, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуде шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық мақсатын құрайды.

Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытудың ақпараттандыру жүйесі, яғни оқу үрдісінде жаңа ақпараттық жүйе технологиясын қолдану. Қазіргі кезде еліміздің білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізіліп отыр. Жаңа ақпараттық жүйемен білім беру оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемін күннен күнге арттырып, мазмұнын көрсету. Білім беру саласында жаңа ақпараттық жүйе технологияларын пайдалану бұл білім берудің сапасын арттыру, білім беру үрдісін жаңарту мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері.

Қазіргі білім беру жаңа ақпараттық жүйе технологиясын пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Үздіксіз жаңа жүйемен білім беру қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Бізге ерте заманнан белгілі болып келген ақпаратта жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады.

Статья ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ.

Оқытудың жаңа ақпараттық жүйесі бұл мұғалімнің ақпараттық жүйе технологиясын пайдаланудың тиімділігі:

  • оқушының өз бетімен жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • уақытты үнемдеуге;

  • оқушы білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде;

  • шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі

  • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді;

  • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Мұғалімнің сабағында жаңа ақпараттық жүйе тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Жаңа ақпараттық жүйені пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс. Оқушыларға білім беруде оқытудың ақпараттық жүйе технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқушылардыңөз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

Электрондық оқу құралы - бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы.

Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Оқушы білімі - бұл өзінің болашақ бағдары мен өмірде жеке тұлға болуға құзіреттілігін дамыту. Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік - бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру жәнеақпараттық - коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері - білім берудің жаңа нәтижелер. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол - оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.

Орта мектептің физика сабақтарында жетекші құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекше орын алады. Құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану физика пәнінен білімді сапалы меңгерумен қатар тәжірибеде қолдана алу қабілеттілігін дамыту мәселесін шешеді.

Жалпы білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал - жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету.

Қазіргі заманда болашақ мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажетдеп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Оқушы біліміне ақпараттық - коммуникациялық жүйе технологиясы оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастыру болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Физика және астрономия» журналы, 2012 жыл

  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

  3. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  4. "Информатика негіздері" журналы.




© 2010-2022