Открытый урок по казахскому языку на тему Ана тілінің қызметі 5 сынып

Сабақ жоспары 1.  Пән аты:Қазақ тілі. 2.  Сыныбы: 5 3.Күні, айы, жылы: 4.  Тоқсан: І 5.  Мұғалім:  Сабақтың тақырыбы:  Ана  тілінің  қызметі  Сабақтың мақсаты: 1.                 Білімділік: оқушыларға қазақ тілінің қоғамдық қызметі мен маңызын нақты деректер келтіре отырып түсіндіру. 2.Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа           тәрбиелеу. 3.     Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын                                кеңейту. Сабақтың типі: Кіріспе саба...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім. Ашық буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

ашық буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: ашық буынды меңгеру, өз ана тілі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Қазақ тілінің болашағы» тақырыбында әңгіме жазу. 3- тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 - тапсырма. «Менің ана тілім» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақ құрайды

3. мәтін бойынша жоспар құрайды

4. мәтінді мазмұндайды

2 - тапсырма. «Менің ана тілім» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастыру.

- Сенің ана тілің қандай тіл?

- ... .

- Сен өз ана тіліңде еркін сөйлесе аласың ба?

- ... .

3 - тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық буынды табу.

а.б. а.б. а.б. а.б.

Үлгі: Ме -нің а-на ті-лім - ө - те бай тіл.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

1 - тапсырма (Мәтінді мазмұндау)

Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау


© 2010-2022