Физикадан Үйкеліс күші атты сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7а сынып

Сабақтың тақырыбы: §41,42. Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.

  2. Дамытушылық мақсаты: нақты сұрақ қойып, қойылған сұраққа дәл жауап бере білу қабілетін дамыту.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, жаттығулар орындау.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер, электронды оқулық, «Үйкеліс» кинофильм.

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру.

ІІ. ДК. Жаңа сабаққа дайындық.

  1. Күш. Күштің түрлері.

  2. Үйкеліс күші туралы не білнсің?

ІІІ. ДК. Жаңа сабақты түсіндіру.

  1. Үйкеліс күші.

  2. Үйкеліс күшінің түрлері.

  3. Техникада үйкеліс әрекетін қолдану.

  4. Жанасатын беттерге түсетін қысым.

Үйкеліс күші.Егерде сендер шкафты орнынан сырғытуға талаптансаңдар, онда оны істеу оңай еместігіне бірден көздерің жетеді. Шкафты қозғалтуға ол тұрған еден мен оның аяғының арасындағы әрекет бөгет жасайды.

Денелердің жанасқан жерінде туындайтын және олардың салыстырмалы қозғалысына кедергі жасайтын әрекетті үйкеліс, ал осы әректті сипаттайтын күшті үйкеліс күші деп атайды.

Үйкелістің үш түрін ажыратады: тыныштық үйкелісі, сырғанау үйкелісі және домалау үйкелісі.

1. Тыныштыќ үйкелісі. Блеуді көлбеу тақтайға қоялық. Тақтайдың еңке? бұрышы онша үлкен болмаған кезде білеу орнында қала алады. Оны төмен қарай сырғудан не ұстап тұр? Тыныштық үйкелісі. ҮФизикадан Үйкеліс күші атты сабақ жоспарыстелде жатқан дәптерді қолдарыңмен қысыңдар да оны жылжытыңдар. Дәптер үстелге қатысты қозғалады, бірақ сендердің қолдарыңа қатысты тынышuықта тұрады. Сендер ненің көмегімен дәптерді қозғалуға мәжбүр еттіңдер? Дәптердің қолмен тыныштық үйкелісі көмегімен. Тыныштық үйкелісі қозғалыстағы транспортер таспасында тұрған жүктердің орнын ауыстырады (40-сурет), баулардың шешілуіне кедергі жасайды, тақтаға қағылған шегені ұстап тұрады және т.б.Тыныштық үйкеліс күші әр түрлі бола алады. Ол денені орнынан қозғалтуға ұмтылған күшпен бірге артады. Бірақ кез келген екі жанасушы денелерде ол одан әрі бола алмайтын бір шама аз мәнге ие болады. Мысалы, ағаш тақтада тұрған ағаш білеу үшін ең көп тыныштық үйкелісі шамамен оның салмағының 0,6-сын құрайды.Денеге максимал тыныштық үйкеліс күшінен асып түсетін күш түсіріп, біз денені орнынан қозғаймыз және ол қозғала бастайды. Тыныштық үйкелісі сол кезде сырғанау үйкелісімен алмасады.

2. Сырғанау үйкелісі. Таудан сырғыған шана біртіндеп ненің салдарынан тоқтады? Сырғанау үйкелісінің салдарынан тоқтады. Мұзда сырғанап келе жатқан шайба өз қозғалысын неге баяулатты? Сырғанау үйкелісінің салдарынан.

Сырғанау үйкелісінің күші әрқашанда дене қозғалысының бағытына қарама-қарсы жаққа бағытталған.

Үйкеліс күштерінің пайда болу себептері қандай?1. Жанасатын денелердің беттерінің кедір-бұдырлығы. Тіпті тегіс көрінген беттер шын мәнісінде әрқашанда микроскопиялық тегіс емес (томпақ, ойыс) болады. Бір дененің екінші дененің бетімен сырғанаған кезінде бұл тегіс еместік бір біріне ілініседі де, қозғалысқа бөгет жасайды.2. Үйкелісетін денелердің түйісетін жерлерінде әрекет ететін молекулааралық тартылыс. Молекулалар (заттардың ұсақ бөлшектері) туралы 4-тарауда айтылатын болады. Қазір бір нәрсені - заттардың молекулаларының арасында өте аз қашықтықтарда тартылыс пайда болатынын меңгеру маңызды.Молекулалық тартылыс тек денелердің жанасатын беттерін жалтыратқан жағдайларда ғана көрініс табады. Мәселен, арнайы технология көмегімен вакуумда өңделген өте таза және тегіс екі металл салыстырмалы сырғанаған кездегі үйкеліс күші тегіс емес ағаш білеуін жерде орын ауыстырған кездегіге қарағанда айтарлықтай үлкен болады екен. Кейбір жағдайларда осы металдар бір бірімен "ұстасып" қалады да одан әрі сырғанау мүмкін болмайды.3. Домалау үйкелісі. Егерде дене бірінің бетінен бірі сырғымай, дөңгелек немесе цилиндрге ұқсас домаласа, онда олардың түйіскен жерінде пайда болған үйкелісті домалау үйкелісі деп атайды. Домалаған дөңгелек жол табанын бір шама жаншиды, сондықтан оның алдында әр уақытта жеңуге қажетті шамалы төмпешік болады екен. Домалаған дөңгелекке үнемі алдында пайда болатын төмпешіктен шығуға тура келеді, домалау үйкелісінің пайда болу шарты осыған саяды. Сол кезде жол неғұрлым қатты болса, домалау үйкелісі солғұрлым аз болады.

Бірдей жүктеме кезінде домалау үйкеліс күші сырғанау үйкесіс күшінен айтарлықтай аз болады. Бұл тіптен ертеде байқалған. Сондықтан ауыр жүктерді жылжыту үшін біздің ата-бабаларымыз олардың астына дөңгелейтін зат немесе бөрене қойған. Осы себептен адамдар көлікке дөңгелек пайдалана бастады.

ІV. ДК. Жаңа сабақты бекіту: Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу. Сұрақтар қою.

  1. Үйкеліс не себептен пайда болады?

  2. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?

  3. Техникада үйкеліс күшінің қолдануы.

  4. Үйкелісті қалай азайтуға болады?

V. ДК. Үй тапсырмасын тексеру. Өзін -өзі тексеру сұрақтарын ауызша сұрау.

  1. Есептерінің шығарылуын тексеру.

VI.ДК. Оқушылар білімін жан-жақты тексеру.

1. Өзін-өзі тексеру сұрақтар, үй тапсырмасын қайталау.

А) Дененің салмағы дегеніміз не?

Ә) неліктен денелердің Айға тартылуы, жердегіге қарағанда аз?

Ә) салмақсыздықтың себебі неде?

2. 18-жаттығуды шығару №1,2,3, есебі, бірінші есеп ауызша, 2,3 есепті тақтаға шығару.

19-жаттығуды №1,2,3,4 ауызша шығарады. Оқушылар жекелй оқып ауызша жауап береді.

А) Автомашинаның доңғалақтарын не себептен бедерлі етіп жасайды.

Ә) Жауыннан кейін тас жол неге тайғанақ болады?

Б) Жүргізуші жолдың шұғыл бұрылысына жақындаған кезде не істеуі қажет?

В) не себептен жүргізуші жауын-шашын күндері, көк тайғақта, қоңыр күзде көлікті жүргізу кезінде аса абай болуы керек?

3. Кітаптағы суреттер бойынша әңгімелесу , әр оқушының ойын тексереді.

VII.ДК.Үйге тапсырма. §41, 42. 18-19 -жаттығулар.

© 2010-2022