Физика пәнінен сабақ жоспары (7 класс)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жанғалиева Құралай Т.Амандосов атындағы орта мектептің 1 санатты физика пәні мұғлімі

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 19,20 Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары жайлы мағлұмат беру

  • Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастарын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары жайлы мағлұмат алады

  • Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастарын күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Күнді бақылай келе, ғалымдар ертеден-ақ оның жұлдыздар арасында қозғала отырып, бір жылда аспан сферасының үлкен дөңгелегі бойымен бір айналым жасайтынын байқаған. Бұл үлкен дөңгелекті гректер эклиптика деп атаған. Шоқжұлдыздар жиынтығын зодиак белдеуі деп атайды.

Күннің аспан сферасы бойынша жылдық қозғалысын эклиптика деп атайды.

Физика пәнінен сабақ жоспары (7 класс)

21 наурыз - көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі.

23 қыркүйек - күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі.

Күн мен түннің көктемгі теңелу нүктесі Балықтар шоқжұлдызында, ал күзгі күн мен түн теңелу нүктесі Таразы шоқжұлдызында болады.

22-шілде -ең ұзақ күн -жазғы Күн тоқырау күні.

22-желтоқсан - ең қысқа күн-қысқы Күн тоқырау күні.

Күн өзінің маңайындағы планеталардың қозғалыс бағытымен өз осін айнала қозғалады.

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

1. Механикалық қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?

2. Санақ денесі деген не?

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

1. Күн туралы не білеміз?

2. Күн жүйесінде неше планета бар?

3. Күн жүйесі туралы қандай ғалымдардың пікірлерін білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

ҮФизика пәнінен сабақ жоспары (7 класс). Жұптық жұмыс (5 минут) Берілген суретті түсіндіру.

Физика пәнінен сабақ жоспары (7 класс)


Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (10 минут)

1

Білу

Күн жүйесінде неше планета бар?

2

Түсіну

Планеталардың Күннен қашықтығы жөнінде орналастыр?

3

Қолдану

Жер өз өсін және Күнді неше тәулікте айналып шығады?

4

Талдау

Геоцентрлік жүйе мен гелиоцентрлік жүйені салыстыр?

5

Жинақтау

Күнді сипаттап бер?

6

Бағалау

Адам баласы үшін Күн қаншалықты қажет?

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§ 19,20 Күннің жылдық қозғалысы.Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары


© 2010-2022