7 сынып бойынша бақылау жұмыс жинағы

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 1 бақылау жұмысы

Тарау: Физика - табиғат туралы ғылым. Зат құрылысы. Қозғалыс.

І - нұсқа

А деңгейінің есептері

1. Берілген кестеге төменде келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты, құбылысты білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: қорғасын, күннің күркіреуі, рельс, алюминий, қарлы боран, Ай, спирт, қайшы, сынап, қар көшкіні, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, қайнау, мылтықтың атылуы, судың тасуы.

2. 1. «Физика» деген сөз нені білдіреді, қай тілден келген?

2. Физикалық денелерді атап шық.

3. Молекула деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

4. Диффузия сөзін қалай түсінесің?

5. Заттың үш күйін атап шық.

3. Ұзындығы 1,2 м, ені 9 см және қалыңдығы 0,05 м тік бұрышты білеушенің

көлемін тап.

В деңгейінің есептері

1. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 8300; 816200000; 0,00527; 0,000000029.

2. Диаметрі d=1 мм металл сымды қарандашқа қатарластырып орағанда N=40 м орам болған.Сымның ұзындығы неге тең?

3. 8 кг керосин сыятын құтының көлемі неге тең?.

С деңгейінің есептері

1. Автомашина бензин құтысының сыйымдылығы 30 л. Оған толтыра құйылған бензиннің массасын есепте.

2. Автомобиль 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен, ал келесі 27 км жолды 54 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобиль қозғалысының орташа жылдамдығы қандай?

3. Трактор алғашқы 5 минутта 600 м жол жүрді.Тура осындай жылдамдықпен қозғалып, ол 0,5 сағ ішінде қандай жол жүреді?







II нұсқа

А деңгейінің есептері

1. Берілген кестеге төменде келтірілген сөздердің ішінен физикалық денелерді, затты, құбылысты білдіретін сөздерді теріп жазыңдар: қорғасын, күннің күркіреуі, кітап, алюминий, тұман, су, ағаш, сынап, су тасқыны, үстел, мыс, тікұшақ, мұнай, булану, мылтықтың атылуы.

2. Ұзындығы 30 мм сым темірді қарындашқа қатарластырып 30 орам ораған. Сымның диаметрі қандай?

3. Ұзындығы 650 мм,ені 600 м және биіктігі 150 мм параллелипед пішінді дененің көлемін табыңдар

В деңгейінің есептері

1. Мына сандарды стандарт түрде жаз: 75000; 525300000; 0,000329; 0,0000000561.

2. Мұзжарғыш кеме тәулігіне 250 г уран пайдаланады. Уранның тығыздығы 18,7 кг/м³ болса, оның көлемі қандай?

3. Велосипедші 1,5 м/с жылдамдықпен 150 м жол жүрді. Осы қашықтықты ол қанша уақытта жүреді?

С деңгейінің есептері

1. Автомашина 1500 м жолды 36 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Автомашинаның жолды жүріп өтуге кеткен уақытын тап.

2. Велосипедші алғашқы 0,5 сағатта 10 км жол жүрді. Келесі 12 минутта ол 25 км/сағ жылдамдықпен қозғалды. Ол соңғы 9 км жолда 18 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Велосипедшінің барлық жүрілген жолдағы орташа жылдамдығын табу керек.

3. Көлемі 10 см3 болаттың массасы 78 г. Көлемі 20 см3 болаттың массасы неге тең?


№2 Бақылау жұмысы


Тарау: Денелердің өзара әрекеттесуі.


I- нұсқа

А деңгейінің есептері

1.Массасы 20 кг ағаш білеушені үйкеліс коэффициенті 0,25 тақтай еденнің бетінде тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін жұмсалатын күш (g=10м/с)
2. Массасы 30 кг шойын кесектің ауырлық күшін табыңдар.

3. Қатаңдық коэффициенті 100 Н/м серіппені 0,01 м-ге созатын күш


В деңгейінің есептері

1. Болаттан жасалған серіппе 120Н күштің әсерінен 15 мм-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығы қандай?

2. Көлемі 18,75 л керосиннің салмағын есепте.

3. Көлемі 20 л суға әрекет ететін ауырлық күшін анықта.

С деңгейінің есептері

1. Динамометр серіппесі 4 Н күштің әсерінен 5 мм ұзарды. Серіппені 16мм ұзартатын жүктің салмағын анықтаңдар.

2. Автомобильдің тарту күші - 3000 Н, ал қозғалысқа қарсы әрекет күші - 100 Н. Осы күштердің тең әрекетті күшін графикпен кескінде.

3. Берік жіпке ілінген көлемі 200 см3 алюминий цилиндрдің салмағы қандай? Осы салмақ қайда түсіп тұр?









II- нұсқа


А деңгейінің есептері

1. Массасы 2,4т ғарыш кемесіне, жер маңында әсер еткен ауырлық күші

2. Массасы 30 кг ағаш білеушені үйкеліс коэффициенті 0,25 тақтай еденнің бетінде тұрақты жылдамдықпен қозғалу үшін жұмсалатын күш

3. Автомобильдің тарту күші 3000 Н, ал қозғалысқа қарсы әрекет күші 100 Н. Осы күштердің теңәрекетті күші неге тең?

В деңгейінің есептері

1. Егер динамометрдің серіппесі 5 Н жүктің әсерінен 4 мм-ге созылған болса, онда салмағы 10 Н жүктің әсерінен ол қанша мм-ге созылады?

2. Шиыршық серіппенің ұзындығын 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күші пайда болады. Оны 2,1 см-ге ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

3. Массасы 5 кг дене 150 Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді? Үйкеліс коэффициенті неге тең?

С деңгейінің есептері

1. Жолдың горизонталь бөлігіндегі трактордың тарту күші 8кН. Трактордың қозғалысына кедергі күш 6 кН. Трактордың салмағы 40 кН. Осы күштерді графикпен кескіндеңдер(масштабы:1см - 4000Н).

2. 500 Н ауырлық күші әрекет ететін ыдыстағы судың көлемі қандай?

3. Екі арба әсерлескен кезде олардың жылдамдықтары 20 және 60 см/с-қа өзгерді. Үлкен арбаның массасы 0,6 кг. Кіші арбаның массасы неге тең?


№3 Бақылау жұмысы


Тарау: Қысым


I -нұсқа


А деңгейінің есептері

1. Адам суда 9 м тереңдікке дейін жүзіп бара алады. Осы тереңдікте адамға әрекет ететін судың қысымын есепте. Теңіз суының тығыздығы 1030 кг/м3.

2. Көлемі 10 дм3 гранит тас өзен түбінде жатыр. Оны суда, ауада көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

3. Көлемі 4 м3 бетон суға толық батырылған. Оған су тарапынан әрекет етуші Архимед күшін тап?

В деңгейінің есептері

1. Гидравликалық престің кіші поршеннің ауданы 10 см², оған 250 Н күш әрекет етеді. Ал үлкен поршень ауданы 200 см². Үлкен поршеньге әрекет ететін күштің шамасын есепте.

2. Керосинге батырғанда 160 Н күшпен кері итеретін мыс кесегінің көлемін анықтандар.

3. Күйтабаққа ине 0,27 Н күшпен әсер етеді. Егер ұшының ауданы 0,0003 см² болса, оның күйтабаққа түсіретін қысымы қандай?

С деңгейінің есептері

1.Қар үстінде тұрған шаңғышының салмағы 78 Н. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,95 м, ал ені 6 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымын тап.

2. Таразының бір табақшасында массасы 2,5 кг шыны, екіншісінде массасы 2,1 кг күміс кесегі жатыр. Егер өлшеуді ауада, суда жүргізсек, таразының қай басы ауыр болады?

3. Сынап құйған ыдысқа темір бұранданы салса, ол бата ма? Неге?









II- нұсқа


А деңгейінің есептері

1.Көлемі 6 м³ гранит бағанасының табан ауданы 1,5 м² болса, ол жер қыртысына қандай қысым түсіреді?

2. Биіктігі 0,5 м керосин қабаты ыдыс түбіне қандай қысым түсіреді?

3. Көлемі 8м3 темір бағананың табан ауданы 2 м2 болса, ол жер бетіне қандай қысым түсіреді?

В деңгейінің есептері

1. Көлемдері бірдей 100 м3 ағаш білеуше мен темір білеушеге суда әрекет ететін кері итеруші күштері бірдей ме?

2. Өлшемі (3,5х1,5х0,2) м3 темірбетонды тақта толық суға батырылған. Тақтаға әркет ететін Архимед күшін есептеп шығарыңдар.

3. Табанының ауданы 300см2 кастролге 3,9 л су құйылса, столға қандай қысым түсіріледі.

С деңгейінің есептері

1. Гидровликалық машинаның кіші цилиндрінің диаметрі 5см, ал үлкен цилиндрінікі 60см. Бұл машина күштен қандай ұтыс береді?

2. Суға массасы 10 г мыс кубик және массасы сондай жұқа мыс пластина батырылған. Екі жағдайда кері итеруші күштер бірдей ме?

3. Суға толығымен батырылған денеге 3000 мН архимед күші әсер етеді.Егер осы денені бензинге батырса, қандай күшпен ығыстырар еді?


№ 4 Бақылау жұмысы


Тарау: Жұмыс. Қуат. Энергия


І - нұсқа

А деңгейінің есептері

1. Массасы 1000 т поезд 72 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда, кинетикалық энергиясын тап.

2. «Вольга» автомобилі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса, оның қуаты неге тең?

3. Рычагтың кіші иіні 5 см, ал үлкен иіні 30 см. Кіші иінге 12 Н күш әсер етеді. Рычаг тепе-теңдікте тұру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?

В деңгейінің есептері


1. Ат арбаға 400 Н күш түсіре отырып, 0,8 м/с жылдамдықпен, оны бірқалыпты тартып келеді. Ат 1 сағатта қандай жұмыс істейді?

2. Массасы 100 т ұшақ 200 м/с жылдамдық алып 10 км биіктікке көтерілсе, ұшақтың жермен салыстырғандағы механикалық энергиясы қандай?

3. Трактор соқаны 36 кН күшпен тартып келеді. Егер ол 15 минут ішінде 1,8 км жол жүрсе, оның қуаты неге тең?

С деңгейінің есептері

1.Қуаты 5 кВт, электр двигателін қозғалыс келтіретін механикалық күрек 144 т топырақты 10 м биіктікке 2 сағатта көтереді. Қондырғының ПӘК-ін тап.

2. Өзендегі су шығыны 500 м3/с. Биіктігі 10м плотинадан құлап аққан судың қуаты қандай?

3. Көлбеу жазықтықтың биіктігі 1,5 м, ал ұзындығы 12 м. Массасы 150 кг жүкті жазықтық бойымен көтеру үшін 230 Н күш керек болса, көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңдар.








II- нұсқа

А деңгейінің есептері

1. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясын тап.

2. Массасы 6 кг тас ,биіктігі 3 м үйдің төбесінен Жер бетінен 18 м биіктіктен құлайды. Ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

3. Ат арбаға 450 Н күш түсіріп, оны 0,5 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартса, ат 2 сағатта қандай жұмыс істейді?

В деңгейінің есептері

1. Массасы 50 кг бала сатымен 30 м биіктікке 10 минут ішінде көтерілген болса, баланың өндірген куатын анықта.

2. Қуатын 25 кВт-ға дейін арттыра отырып, насостың қозғалтқышы 110 м3 мұнайды 5 м биіктікке 10 мин ішінде көтерсе, қондырғының ПӘК-і қандай?

3. Иіндіктің кіші иінінің ұзындығы 5 см, ал үлкенінікі 30 см. Кіші иінге 12 Н күш түссе, иіндікті тепе - теңдік қалпына келтіру үшін үлкен иінге қандай күш түсіру керек?

С деңгейінің есептері

1. Серіппелі пистолеттің серіппесінің қатаңдығы 400 Н/м. Оқтың массасы 5 г. Егер серіппе 2 см-ге сығылса, оқ пистолеттен қандай жылдамдықпен ұшып шығар еді?

2. Кемеде салмағы 20000 Н трап ұзындығы 15 м көлбеу жазықтықпен судан шығарылып алынды және 4,5 м биіктікке көтеріледі. Трапты тартып алатын тростың керілу күші 10000Н. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін тап.

3. Тереңдігі 150 м шахтадан көлемі 200 м3 суды айдап шығару үшін қуаты 50 кВт сорғы қанша уақыт жұмыс істеу керек?

© 2010-2022