Ток күші мен кернеуді есептеу (8 сынып)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ток күші мен кернеуді есептеу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Ток күші мен кернеуді, оның бірліктерін пайдаланып есептер шығарту.

ә) Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, өздігімен жұмыс істеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелік: Физика пәніне деген қызығушылығын, икемділігін, дүниетанымын арттыру.

Көрнекілігі; Амперметр, вольтметр, шам, ток көзі, кілт, таратпалы карточкалар

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 2- мин

1.Сәлемдесу,түгелдеу.

2.Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сыныпты топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау 5-мин

Физикалық диктант

Электр тогы- еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы

Электр тогының әрекеті- жылулық, химиялық, магниттік, физиологиялық

1Кулон-зарядтың өлшем бірлігі

Ток күші (I) - электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама.
1 ампер - ток күшінің өлшем бірлігі
Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал
Токтың жұмысы (А) - токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі - токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт - кернеудің өлшем бірлігі
Вольтметр - өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал.

а) Есептер шығару 15 -мин

№1.Тізбектің бір учаскесі арқылы 10Кл электр өрісі өткен кезде 10Дж жұмыс істейді. Тізбектің осы учаскедегі кернеуін анықта.

Карточка №2 Электр шамының қылсымынан 5 мин сайын 540Кл электр заяды өтеді. Шамдағы ток күші қандай болады?

Карточка №1

Тізбектің бір учаскесі арқылы 1Кл электр өрісі өткенде сол учаскеде 5Дж жұмыс істеледі. Осы учаскедегі кернеу қандай?.

Карточка №2

Электр лампасындағы кернеуі 6В. Осы лампа қылының көлденең қимасы арқылы 2Кл электр өрісі өткенде қандай жұмыс істелінеді?

Карточка №1

Электр шамы арқылы 10мин ішінде 380Кл электр мөлшері өтетін болса электр тогының шамасы неге тең?

Карточка №2

Тізбек бөлігінен 50Кл электр заряы өткенде 800Дж жұмыс жасалатын болса, онда кернеу неге тең?

б) Берілген приборлар бойынша амперметр, вольтметрдің көрсеткіштерін және бөлік құнын анықтау. 5-мин

в) Берілген сұлба бойынша алдарындағы берілген құралдарды пайдаланып электр тізбегін құрастыру. 5-мин

3.Сергіту жаттығуын жасату 3-мин

Сабақты бекіту: 4-мин

  • Шама

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

  • Шартты белгісі

Өлшейтін құрал

Формуласы

Ток күші

Электр кернеуі

Оқушылардың білімдерін бағалау 2-мин

Үй тапсырмасы: (шығармашылық тапсырма): 2мин

1. §36. Ток күші. Амперметр
§37. Электр кернеуі. Вольтметр. Электр тізбегі
2. 78-суреттегі шартты белгілерді жаттап алу
3. А.Ампер, В.Вольта өмірбаянына реферат жазу.

Кері байланыс парағы 2 -мин

Оқушының аты-жөні

Нені білдім?

Нені үйрендім

Нені білмедім?

Қорыта айтқанда: Жас ұрпақты тәрбиелеуде алға қойып отырған негізгі мақсаттарының бірі-қоғамға өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола алатын мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.







© 2010-2022