Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым 7 класс

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың қысым туралы алған білімдерін одан әрі дамыту. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау, себебін түсіндіру, формуласын қорытып шығару.

Дамытушылығы: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Күнделікті өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушылардың ойын дамыту, яғни ой-өрісін, танымын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу және алған білімдерін өмірмен байланыстыратын шығармашыл тұлға тәрбиелеу ғылымға қызығушылығын арттыру.

Сабақтың құрал-жабдықтары: манометр, пластикалық бөтелке, су, ішіне поршень орнатылған шыны түтік.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: физикалық диктант, көрсете- түсіндіру, есептер шығару.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

«Біліміңді тексер» бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

  • Сурет бойынша әңгіме құрастыру «Молекула»

  • Тәжірибе жасау, дәлелдеу (ішіне поршень орнатылған шыны түтік, түбі резинкамен қапталған)

  • гидравликалық машина

Эстафеталық білім картасы

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Математикалық өрнегі

1

Ауырлық күші

Fa

Н

Fa=mg

2

Үйкеліс күші

Fүйк

Н

Fүйк=μΝ

3

Тығыздық

ρ

кг/м3

ρ=m/V

4

Серпімділік күші

Fcерп

Н

Fcерп=κх

5

Жылдамдық

υ

м/с

υ=s/t

6

Салмақ

Р

Н

P=mg

7

Қысым

Р

Па

P=F/S

Біз өткен тақырыпта гидравликалық машинадағы сұйыққа сыртқы күштер әрекет еткен кездегі қысымның берілуін қарастырғанбыз.

Алайда сұйықтың өз ішінде де қысым болады: сұйық ауырлық күшінің ықпалында болады да, сұйықтың төменгі қабаттарына оның жоғарғы қабаттарының салмағы әрекет етеді.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. ПАуырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым 7 классроблемалық сұрақ: Ыдыс ішіндегі сұйыққа қысым түсіретін қандай күш?

Қорытынды: сұйық қабаты неғұрлым төмен (терең) орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады.

  1. Оны тәжірибе жасап тексерейік. Манометрмен тәжірибені жасап көрсету.

сонда байқайтынымыз: құралды суы бар ыдысқа неғұрлым терең батырған сайын оған қысым көбірек түседі. Бұл сұйық ішіндегі қысымның тереңдік артқан сайын ұлғаятынын дәлелдейді. Егер судың орнына басқа кез келген сұйықты алсақ та нәтиже дәл осындай болады.

Ал газдарға келетін болсақ, бұл жағынан алғанда, олардың сұйықтардан өзгешелігі жоқ. Бірақ газдың тығыздығы сұйықтың тығыздығынан жүздеген есе кем, сондықтан ыдыстағы газдың салмағы өте аз. Сол себепті оның салмақтық қысымын көп жағдайда елемеуге болады. Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Тереңдік өскен сайын қысым ұлғаяды, ал теңіздер мен мұхит түбінде ең жоғарғы мәнге жетеді. Мысалы, 10 км тереңдіктегі судың қысымы 100 миллион паскальға жетеді. Осындай тереңдіктегі орасан зор қысымға қарамастан, ол жерлерде де кейбір әр түрлі рак тәріздес, моллюскалар, құрттар және терең суда болатын балықтар өмір сүреді. Бұл жануарлардың организмі үлкен қысымда өмір сүруге бейімделген, олардың ішкі қысымы да жоғары болады. Енді сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымды есептеуді қарастырайық. p = r g h

Қорытынды:

Алынған формуладан ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық бағанының биіктігіне және оның тығыздығына байланысты болатыны шығады.

Ауызша сұрақ:

№1. Цилиндр тәрізді әр түрлі екі ыдысқа массасы бірдей су құйылған. Судың ыдыстар табанына түсіретін қысым үші бірдей ме?

№2. Екі ыдыс берілген. Оның біреуіне су, екіншісіне керосин құйылған. Сұйықтардың деңгейі бірдей. Ыдыс табанына түсетін қысым бірдей ме?

ІV. Есептер шығару.

17 - жаттығу

1. Судың, керосиннің, сынаптың 0,6 м тереңдіктегі қысымын табыңдар.

V. Физикалық диктант.

1.Сұйыққа немесе газға түсірілген қысым осы сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Бұл кімнің қағидасы .

2. Мақтаны, қағазды, ағаш жаңқаларын т.б престеу үшін қолданылатын машиналар .

3. Газдың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы газ соқтығысуынан пайда болады.

4. Газдың көлемін кішірейтсе , оның қысымы , ал көлемін

ұлғайтса, қысымы .

5. Ауырлық күші әрекет еткен сұйықтың қысымы ыдыс табанының ауданына тәуелді болмайтыны, тек қана сұйық _______________және оның ____________байланысты болатыны шығады.

VІ. Сабақты қорытындылау.

Бағалау парағы.

Оқушының аты - жөні

Үй тапсырмасы

Проблемалық сұрақ

Есептер шығару

Физикалық диктант

Қосымша мәлімет

Ұпай

Баға

Білімді тексер

(сурет бойынша)

Эстафеталық білім картасы

Ауызша сұрақтар

Оқулық бойынша

22 - жаттығу


"3" - 3 - 5 ұпай

"4" - 6 - 8 ұпай

"5" - 9 - 10 ұпай

VІI. Үйге тапсырма беріледі.

© 2010-2022