Методические материал по физике, ХХІ гасыр кошбасшысы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»
Мақсаты: ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділіктерін арттыру, білімдерін көтеру, мектеп көшбасшысын анықтау

Көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта, зал сайысқа сай әзірленген.

Сахна сыртынан 21 ғасыр көшбасшысы өтетіндігі хабарланады.

Ұлжан: Welcome to our congratulations!

Райхан: Добрый день, дорогие зрители, учителя и ученики!

Ұлжан:

Армысыңдар, құрметті қонақтар
Ағайын мен халайық
Көпшіл болған ер дана
Достары көп ер бала
Өнерліден үлгі алып,
Салдырар сәнді мол қамал
Өнерлімен дос болсаң,
Қиялыңды қорғайды - демекші, бүгінгі ХХІ ғасыр көшбасшысы атты интелектуалдық ойынымызды бастаймыз!

Райхан:

«Асыл тастан, өнер жастан» деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі күні сіздердің алдарыңызда арада 3-4 ай шамасында мектеп қабырғасынан ұшар түлектеріміз өздерінің 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздары мен алтын орда төрінде алған білімдерін сараптау мақсатымен білім сайысына түспекші. Ендеше осы сайысқа қатысатын ойыншыларымен таныстырып өтейік.

Ұлжан:

11 «А»

Райхан:

11 «Ә»

Ұлжан:

11 «Б»

Райхан:

11 «Б»

Ұлжан:

11 «В»

Райхан:

11 «В»

Ұлжан: Қатысушыларымен танысып болсақ, ХХІ ғасыр көшбасшы сайысының кезеңдері

1 кезең - Кім тапқыр?
2 кезең - Дода

3 кезең - Бәйге
4 кезең - Ақтық мәре


Райхан: Ендеше сайысқа қатысатын түлектерімізбен дайын болсақ, алғашқы кезеңімізді бастаймыз.

Ұлжан: Бүгін біз 11 сыныптар арасында мектебіміздің көшбасшысын анықтағалы отырмыз. Тәуелсіз мемлекетіміздің алғашқы көшбасшысы, еліміздің тірегі Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің көшбасшы болу жолындағы ерекше қабілеттері сипатталатын кинодан үзіндіні назарларыңызға ұсынамыз.

Райхан: Біздің бүгінгі көшбасшыларымыз еліміздің тірегі болсын!

Ұлжан:: Ойынымыздың бірінші кезеңі «Кім жылдам?» деп аталады, ендеше ойынның шартымен таныстырып өтейік. Жалпы 6 қатысушымызға ҚР-на және Президентімізге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақ қойылғаннан кейін кім ең алғашқы болып смайликті көтерсе, сол қатысушының жауап беру мүмкіндігі бар. Әрбір жауап берілген сұраққа бір ұпайдан беріледі. Смайликті кім бірінші көтергендігін бақылайтын арнайы бақылаушыларымыз бар. Қатысушыларымыздың арасында ең аз ұпай жинаған қатысушымыз ойыннан шығады.

  1. «Президент» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?( алдында отырған)

  2. Президенттің «Тарих толқынында» кітабы қай жылы шықты? (1999 ж Атамұра баспасы)

  3. Н.Ә.Назарбаевтың туған өлкесі? ( Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)

  4. Президент күні қай күн? (6 шілде)

  5. Н.Ә.Назарбаев қай жылы Президент болып сайланды? (10 желтоқсан 1991)

  6. Н.Назарбаев қай жылы дүниеге келген? (1940ж 6 шілдеде)

  7. Алғашқы президентіміздің өмірбаяны туралы киносы «Балалық шағымның аспаны» авторы? ()

  8. Назарбаев атындағы университет қай жылы ашылды? (2009 жылы)

  9. Тұңғыш президентіміздің негізгі мамандығы ? (металлург)

  10. Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? (1991ж 1 желтоқсанда)

  11. Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі қай жылы ашылды? (Астанада, 2008 жыл)

  12. Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы қай жылы жарияланды?( 2003 ж)

  13. Н.Ә.Назарбав Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің нешінші төрағасы болды? (13-ші)

  14. Алғашқы рет ҚР - ң Гимні ретінде « Менің Қазақстаным» әні қай жылы қандай мерекеде орындалды? ( 2006ж. 10 - қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде )

  15. Н. Ә. Назарбаевтың сүйікті спорт түрі ( теннис)

  16. Қ. Р - ң тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 ж. 16 - желтоқсан)

  17. Заң шығару міндеттерін жүзеге асыратын орган қалай аталады? ( Парламент)

  18. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?( 1989 ж. 22 - қыркүйек)

Райхан: Қатысушыларымыздың арасында ең аз ұпай ойыншымыз - .......... Сіз бүгінгі сайысымызда аз ұпай жинасаңызда, ҰБТ-дан 125 ұпай жинауға тілектеспіз.

Ұлжан:

Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі - демекші сайысымыздың ІІ бөлімі «Дода» деп аталады. Ойыннын шарты мынадай: өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Ұяшыққа назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ таңдағыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы ала аласыз, 30 балл орташа деңгейдегі сұрақтар. Ал, ең күрделі сұраққа дұрыс жауап беру арқылы 40 балдан жинақтауға болады. Ұпайы аз ойыншы бастасын. Әр қатысушы 2 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар. 2-кезеңде ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.

Қазақ тілі - 40: видео сұрақ
Математика - 40: логикалық сұрақ
Қазақстан тарихы - 40: видео сұрақ

Орыс тіл - 40 : видео сұрақ

Физика - 40:


Қазақ тілі - 30: Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі (жіктеу есімдік)
Математика - 30 : Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем? (аксиома)
Қазақстан тарих - 30: Қобыланды батыр қай ханның билік құрған тұсында өмір сүрген? (Әбілхайыр ханның)
Орыс тіл - 30: Какому падежу принадлежат предлоги: за, над, под, перед, с? (Творительный падеж)

Физика - 30: Дисперсия құбылысы дегеніміз не ?(Жарықтың спектрге бөлінуі)


Қазақ тіл - 20: Сөз құрамын зерттейтін сала? (Морфология)

Математика - 20: Үшбұрыштың 3 қабырғасы берілген 10,15,7, оның периметрін тап? (32)

Қазақстан тарих - 20: Рейхстагқа ең алғаш ту тіккен қазақ жауынгері кім (Р. Қошқарбаев)

Орыс тіл - 20: Какая буква в русском алфавите стоит на 23 месте? (Х)

Физика - 20: Қысымды қандай құралмен өлшейді ?(Барометр)

Райхан: Осымен 2-ші кезеңіміз де аяқталды. Ойынның шарты бойынша ұпайы аз 2 оқушы ойынды тастап кетеді. Сіздер білімдеріңізді көрсеттіңіздер, рахмет сіздерге. Өмірде сіздерге одан да басқа жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін.

Ұлжан:

Мәңгі бақи есте қалар

Ғажайып бір сайыс болсын

Білімдірек шәкірт озар

Қиынырақ сұрақ болсын деп біз енді сайысымыздың келесі кезеңі «Бәйге» келдік. Екінші кезеңде жиналған ұпай үшінші кезеңде сақталады. Үшінші кезеңде мектеп бағдарламасына сай 5 пәннен сұрақтар қойылады. Әр бір қатысушыға бір минутта 10 сұрақ қойылады. Бір сұрақ бір ұпаймен бағаланады. Бұл кезеңде ұпай аз 1 ойыншы шығады.

Райхан:

1-ші қатысушыға арналған:

1.«Вlue» сөзінің аудармасы (көк)

2. Азиада - 2011дің нышаны ретінде қандай жануардың бейнесі таңдалды? ( барыс)

3. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )

4. "Қараңғы түнде тау қалғып " өлеңінің әнін кім жазды? (Абай)

5. Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі( карта)

6. Экология апатқа ұшыраған теңіз (Арал)

7.Зоология ғылымы нені зерттейді?(Жануарларды)

8. Асқорыту орталығын реттейді: (Сопақша ми)

9. Сөйлемді толықтыр: People can take books from the .....

10. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы. (модем)

Ұлжан:

2-ші қатысушыға арналған:

1. Достық сөзінің ағылшынша аудармасы ( friendly)

2. Басты байлық ( денсаулық)

3. Дүние жүзіндегі ең биік шың (Эверест)

4.Экватор сызығы қиып өтетеін материк (Африка)

5. Туа біткен иммунитет: Табиғи

6. Қан қысымын өлшейтін құрал: Тонометр

7. Ұшақтың терезесі (иллюминатор)

8. «Нarmless» сөзінің аудармасы (зиянсыз)

9. Абайдың немере ақын інісі кім? (Ш. Құдайбердіұлы)

10. Сегіз биттен тұратын өлшем бірлік (байт)

Райхан:

3-ші қатысушыға арналған:

1. «State» сөзінің аудармасы

2. Екі дүркін әлем чемпионы атағын алған спорт шебері кім? (Илья Ильин)

3. Қазақстан мемлекетінің ең биік нүктесі: (Хан тәңірі)

4.Қазақстан жер көлемі бойынша әлем елдерінің арасында нешінші орында тұр? (9 орын)

5. Тамақты дұрыс пайдалану туралы ілім: Диетология

6. Итке эксперимент жасаған орыс биологы( И.П.Павлов)

7. Ең үлкен жұмыртқа салатын құс қалай аталады? (Түйеқұс)

8. Халқаралық тіл (ағылшын)

9. "Абай жолы" романын кім жазды?(М.Әуезов)

10. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)

Ұлжан:

Сонымен, осы кезеңде ең аз ұпай жинаған қатысушы ...... шығады.

Райхан:Көшбасшы өз ойын тек сөзбен емес, қимыл іс-әрекетпен түсіндіруі керек. Бұл кезеңде ортадағы шарлардың ішінде тек 4-інде ғана тапсырмалар бар. Шарлардың барлығын жарып, ішіндегі тапсырманы орындауы тиіс. Тапсырмада әртүрлі сөздер жазылған, осы өздерді ешқандай дыбыссыз, тек қимылмен көрсету керек.

Райхан:: ІV кезеңіміз бойынша көп ұпай жинаған қатысушы .....

Ұлжан:

Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.

Райхан: Жалпы сайыс бойынша бақылаушыларымыз ұпайларын шығарып болды. Бүгінгі біздің көшбасшымыз анықталды, ол

© 2010-2022