Практикалық жұмыс: Механикадағы күштер 7 сынып

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Темірғалиева Марал Сүндетқызы

Көктау жалпы білім беретін негізгі

мектебінің физика пәні мұғалімі

Қостанай облысы. Арқалық

қаласы. Көктау ауылы

Күні: 21.01.16ж 7 сынып

Сабақтың тақырыбы:
Практикалық жұмыс: Механикадағы күштер

Сабақтың мақсаты:
Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін бақылау, бағалау, білім-білік дағдыларын қалыптастыру,ой-өрістерін дамыту.

Білімділік мақсаты: оқушыларға механикадағы күштер туралы жете түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың бөлімдері:

  • I. Үй тапсырмасын қайталау

  • I I. Механикадағы күштер

  • I I I. Есептер шығару

  • I V. Тест тапсырмаларын орындау

  • V. Формулалар жарысы(өз орнын табу)

  • VI. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасын қайталау

  1. "Физика" қай елдің сөзінен шыққан, мағынасы қандай?

  2. Табиғат құбылыстары дегеніміз не,табиғат құбылыстарына нелер жатады?

  3. Диффузия дегеніміз не? Мысал келтіріңіздер

  4. Заттың күйлері қандай және оларға тән қасиеттер қандай?

  5. Механикалық қозғалыс деген не?

  6. Инерция деген не?

  7. Күш деген не?

Механикадағы күштер

Ауырлық күші F=mg

Тіректің реакция күші N=mg

Серпімділік күші Fсерп=kx

Үйкеліс күші Fүйк=µN

Нормаль қысым күші N=mg

Теңәрекетті күш FR=F1+F2

FR=F2-F1

1-есеп.

Массасы 20 кг денеге әрекет ететін ауырлық

күшін анықтаңдар (g=9,8H/кг).

2-есеп.

12-жаттығу №7

Массасы 2 кг денеге Ай бетінде әрекет ететін

ауырлық күшін табыңдар

3-есеп.

13-жаттығу №3

Массасы 40кг баланың Айдағы салмағын

анықтаңдар. Айдағы gАй = 1,6 Н/кг.

4-есеп

Салмағы 0,98 кН дененің массасын анықтаңдар

5-есеп

Серіппе 20 Н күш әрекетінен 10 мм-ге ұзарған. Қандай күш

әрекетінен серіппе 15 мм-ге ұзаратынын есептендер

6-есеп

Серіппе 4 H күш әрекетінен 0,02 м-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар

7-есеп

10-жаттығу №4

Гук заңы орындалатын жіңішке спираль серіппе тірекке

вертикаль бекітілген және 160 Н күш әрекетінен 72 мм-ге

ұзарған. Серіппеге қосымша 120 Н күш түсірілді.

Серіппенің ұзаруын табыңдар.

7-есеп

Массасы 60 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш

жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.

8-есеп

14-жаттығу №4

Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық бетте

бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

9-есеп

Бір түзу бойымен денеге 2Н және 3Н күштер әсер етеді.

Осы күштердің теңәрекетті күші: 5Н, 1Н тең болуы

мүмкін бе? Қандай жағдайларда?

1. Ауырлық күшін өлшейтін құрал?

А) манометр

В) спектрометр

С) динамометр+

Д) ареометр

Е) барометр

2. Жылдамдықтың 72 км/сағ-пен берілген мәнін м/с-пен өрнектендер:

А) 7200 м/с

В) 20 м/с+

С) 200 м/с

Д) 72000 м/с

Е) 3600 м/с

3 Жылдамдықтың формуласы?

А) ʋ=s/t+

В) s=ʋ*t

С) ʋ=t/s

Д) t=s/ʋ

Е) s=t+ʋ

4. Дененің салмағын белгілейтін физикалық шама?

А) Н

В) F

С) P+

Д) N

Е) m

5. Өлшеуіш құралдарға жатпайтыны:

А) сызғыш

В) манометр

С) ареометр

Д) тұтқа+

Е) динамометр

V. Формулалар жарысында оқушыларға кеспе түрінде формулалар беріледі де, олар өз орындарын табады.

Физикалық атауы

Формуласы

1

Заттың тығыздығы

t=s/ϑ

2

Ауырлық күші

Fүйк=μ*Ν

3

Уақыт

ρ=m/V

4

Үйкеліс күші

Ν=mg

5

Нормаль қысым күші

Fа=mg

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма:

§25-§32. 11-жаттығу №3,№4



© 2010-2022