Эссе Мен жоғары мектеп оқытушысымын

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мен жоғары мектеп оқытушысымын »

Баланың жан дүниесі - өзінше бір әлем.Ал ұстаз - сол әлемді шартарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата -ананың сенімді көмекшісі.Менің осы ұстаздық ету мамандығына келуім кездейсоқ емес, бұл менің ата-анамнан дарыған тектілік қасиет. Өйткені менің ата-анам 43 жыл мектеп қабырғасында білім нәрін сусындатып,шәкірттер жүрегінен орын таба білген ұлағатты ұстаздар қатарында болса, одан қалса менен үлкен апаларымда осы жолда еңбек етуде. Сондықтан ұстаз болу менің бала кезімнен бергі арманымның бірі.
Ұстаздық жолымның бастау алғанына алты жылдай уақыт болса да, әр сабағымды алғаш өткізіп тұрғандай жауапкершілікті сезінемін. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, халқымыздың әдеп-ғұрпын, тарихын танып білуге талпындырсам, таңдап алған мамандығын құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем, менің мақсатымның орындалғаны деп білемін. Баламен жұмыс мұғалімнің өзін де ұстамдылыққа, ойланып сөйлеуге, ұстаздың ұлылығын көрсетуге бағыттайды екен.
Тәуелсіз еліміздің берік тірегі - білімді ұрпақ. Ендеше, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе - оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты, жан - жақты дамыған жеке тұлға даярлау - бүгінгі ұстаздар қауымының басты парызы екені баршаға аян. Ертеңгі болашағымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуы қазіргі қоғамдағы ұстаздарға байланысты. Оның ішінде маған да байланысты деп ойлаймын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да тәні де таза, білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге тиістіміз», - деген болатын.
Мен оқытушымын, ол деген - өзгені тәрбиелей жүріп, өзіңді тәрбиелеу, үйрете жүріп үйрену, өзгенің бақыты үшін аянбай тер төгу, өмір бойы іздену, оқу деп түсінемін. Ұстаз болу - жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық, кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бұл менің міндетім деп білемін.

6М011000 физика мамандығының магистранты

Кизагалиева А.К



© 2010-2022