Физикалық альпинизм

Физикалық олимпиада туралы қысқаша эссе. Оның ішінде неліктен олимпиада өткізу қажеттілігі туралы ой жазылған және онда салыстырмалы түрде альпинизмен салыстыра отырып физикадан олимпиадаға қатысуға шабыт оятады деген ойдамын. Бұл қозғалыс оқушылардың физикаға қызығушылығын арттырады, бірлесіп оқуға үйретеді. Әсіресе мысал ретінде ойламаған кәдімгі күнделікте өтілетін жұмыстардың ертеңгі күні үлкен жемісті нәтижеге әкелетін көп оқушылар онша мән бере бермейді. Автордың пікірі бойынша осы мақалад...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физикалық альпинизм.


Жердегі ең биік таудың биіктігі - тоғыз километр, ал сегізмыңдық таулардың бар жоғы он төрт-ақ. Осының бәрін талқылап отырып, альпинизм мүмкіншіктеріне шек қоюға болады ма? Өздерің ойланып қөріңіздерші, Эверестен жоғарырақ тау жоқ сияқты, бірақ Эверестке бір-бірінен күрделі және қызықты бірнеше жолмен шығұға болады. Мәселен, оған қыс күндері шығуға болады немесе оттегісіз, немесе жалғыз бір өзің, немесе тағы басқа жолмен шықсаң болады. Бір сөзбен айтқанда, адамның іздену ой - өрісі сарқылмайтындықтан, альпинизмнің мүмкіншіліктері сарқылмайды.

Ал енді мектептегі оқу пәндерге көшейік, олар да сарқылмайды ма? Жылда өткізілетін пәндік олимпиаданың да өткізетін саны 14- ақ. Оқыту бағдарламасында олимпиадалық есеп шығару қарастырылмаған. Мәселен, дене шынықтыру сабағында мұғалім оқушыларға альпинизмнің элементтерін үйретпейді, себебі оқушыларға тауды немесе биік талды қайдан алсын, және олардың өмір қауіпсіздігіне кім жауапты болады. Болмаса физика сабағында мұғалім қарапайым есептерді шығаруды үйретеді, себебі олимпиадалық есеп шығаруға математика заңдары мен ережелерін түсіндіруге көп уақыт кетеді. Физикалық құбылыстар мен тәжірибелер, Архимед, Ньютон заңдары және т.б. заңдары мен анықтамалар - осының барлығы үш жүз жылдан бұрын белгілі болған. Сол уақыттан бастап, ұрпақтан - ұрпаққа бір белгілі білімді оқушыларға қайта - қайта оқытыла беріледі, бір қаладан екінші қалаға бара жатқан автоқөліктің жылдамдағын аңықтау оқушыға қызық па?

Сонда да барлық оқушылар болмаса да, бір топ оқушылар физика деген пәнге қызығұшылығын білдіріп, өтілетін ҰБТ-да осы пәнді таңдайтын оқушылардың саны көбейп бара жатыр. Нақтырақ айтқанда, физиканың барлық жолы төрт бөлімнен тұрады ( механика, электр, молекулалық және атомдық физика) және 500 - ден астам формуламен анықтамаларды жаттап алсаң, жеңіске жетуге болатын сенімділік пайда болады.

Дарынсыз оқушы жоқ екенін біз білеміз, кез келген оқушының ішінде қандай да бір «талант» отыр, яғни оның физикаға немесе математикаға, биологияға тағы басқа пәнге арнайы қабілеті бар.

Ендеше, ең маңызы - оқушының шынайы талантын табу. Сіз бізді дұрыс түсініңіз, сол талантты басқа біреу емес, оны баланың өзі табу керек.

Егер Сіздің столыңызда, математика және физика анықтама кітаптары мен есептер жинағы жатса, Әл-Фараби, Ньтонның, Т. Аубакировтың өмірбаяндары және жаңа технологиялар қызықтырса, онда көп ойланбай физикадан есептер шығара бастаңыз. Алдағы қиын есептерден қорықпа, себебі олардың жауабын кітаптапханада, ІNTERNET-те тауып алуға болады.

Өз қалауымен мектепшілік, аймақтық және аудандық олимпиадаларға қатыс. Қатаң ауа райына қарамастан, сабақтан тыс уақытта аудандағы кітапханадан, қасымыздағы «Сырдария» университетіндегі профессорлардан қосымша білім ал. Сөйтіп ІNTERNET желісінен Ресейлік физикалық олимпиадаларының жұмыстарымен танысып, өз пікірінді жаз.

Осының бәрін орындау кезінде ең басты мақсатыңды ұмытпа: ол ең биік «Білім шыңына» қөтерілу, яғни Назарбаев Университетіне оқуға тусу.

Бұл ең басты-мақсат. Оның маңызы - өзіңің келешек мамандығыңа дайындалу. Ол үшін ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастап көп есеп шығару керек. Әрине, осындай физикалық альпинизмге, ең биік шыңға жету үшін ең ақылды немесе ең тез есепті шығара алатын оқушы емес, жеңіске жетем деген қабілетті бар адам ғана қөтеріле алады.

© 2010-2022