Сабақ тақырыбы: «Оптика» тарауын қорытындылау

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнінің оқытушысы: Игликова Л.Е.

Сабақтың тақырыбы: «Оптика» тарауын қорытындылау.

Сабақтың эпиграфы: «Сөйлемеген бала ойлай да алмайды»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • тақырып бойынша алған білімдерін нақтылау және бекіту;

  • теориялық материалдары меңгеру деңгейлерін бақылау;

  • деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында білімдерін бақылау;

Дамытушылық: Өтілген материалды қортындылай білу арқылы тапсырмаларды шешу біліктілігін дамыту.

Тәрбиелік: топпен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың типі: Қорытындылау, жүйелеу сабағы.

Оқыту әдісі: Топтық және интерактивті оқыту.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, психология

Сабақтағы өзіндік жұмыс түрлері: Сұраққа жауап беру, есептер шығару, тест тапсырмаларын орындау.

Сабақтың материалды - техникалық көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакаттар, лазерлік-оптикалық прибор


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу:

- Оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын қадағалау

- Журнал толтыру және оқушыларды түгелдеу

- Сабақ мақсатын хабарлау

-Төрт топқа топқа бөліп отырғызу (топ аттарын білу), (Оптика, толқын, жарық , линза)

ІІ. Психологиялық әзірлік

Оқушылар, сіздер бүгінгі физика сабағында , яғни «Оптика» тарауы бойынша меңгерген білімдеріңді қысылмай, еркін сөйлеп, сұраққа толық жауап беру арқылы көрсетуге тырысыңыздар. Гүл адамның өмірдегі орны, сенімділігі, нәзіктігі. Сонымен қатар гүл арқылы жағымды қарым-қатынасқа бастау бола алады. Енді мен сіздерге гүл бейнесін көрсетемін. Сол гүл бейнесін алу үшін ең бірінші сенімділік қажет.

Сенім керек сергелдеңнен өту үшін,

Сенім керек мақсаттарға жету үшін,

Сенім керек жеңістерге жетелейтін

Сенім керек армандарға еркелейтін.

Сіздердің барлығыңызда сол гүл бейнесін алуға тиістісіздер!

Қазір өздерің үй тапсырмасын тексеріп, сабақ барысында бөлінгендей төрт топ болып білім сайысына түсесіңдер.

ІІІ. Алдымен ой сергіту арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық?

IV. «Балық аулау кезеңі»

Бұл кезеңде оқушылар көптеп балық ұстау керек. Мұндағы балықтардың ерекшеліктері бар. Әр балықтың артында сұрақтар жасырылған. Ал оқушылардың міндеті осы сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинау. Топтан кез келген 1 оқушы шығып жасырылған сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап 2 ұпай. Егер, жауап қате немесе толық болмаса сол топтың келесі оқушысы жауап береді. Ол кезде жауап 1 ұпайға бағаланады.

V. Кім жылдам?

Бұл турда төрт топ кезектесіп ұяшықтағы сандарды таңдайды. Әр санның артында тапсырмалар жасырынған, егер тапсырма дұрыс шықса сол тапсырманың ұпайы (5 ұпай) таңдаған топқа беріледі, ал тапсырма дұрыс болмаса ешқандай ұпай берілмейді.

VI. «Тәжірибелер елінде»

Айтсаң - ұмытамын,
көрсетсең есімде қалады,
ал өзіме жасатсаң - түсінемін" деп-оқушылар тәжірибе көрсетеді. Тәжірибе орындалып болғаннан кейін электронды оқулық арқылы осы тәжірибеге сәйкес видеоматериал көрсетіледі.

VII. Енді жалпы тарау бойынша «Естігенімді ұнатамын, көргенімді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін» ұстанымын алға қойып, оқушылар тарау бойынша не білді, кане сұрайық? Топ басшыларын ортаға шақырамыз.

Білім мен біліктілікті бекіту: «Оптика» сөзіне ассоциация құрастыру.

Үйге тапсырма: Қайталау, 11- жаттығу есептерін шығару

Сабақты қорытындылау: Сонымен, бүгінгі сабағымызда оптика, жарық толқындарының шағылу және сыну заңдарымен негізгі қасиеттерін пайдаландық. Енді оқушылар сабақ соңында «Менің бейнем» тренингін жүргізейік.

Бағалау: Жарыс қорытындысын шығарып, топты марапаттау, жинаған ұпайларын хабарлап, белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

:

© 2010-2022