Қазақ әдебиет. Шоқан Уәлиханов

Қазақ әдебиеті Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік. а) Ш. Уәлихановтың еңбектеріне қысқаша шолу жасау;  ә) орыстың аса көрнекті ақын, жазушылары мен ғалымдарының Шоқанды мойындауына зер салу, олардың айтқан пікірлеріне талдау жасау;  б) ғалымның орыс достарына айтқан өз көзқарасын, азаматтық позициясын, биік мұратын, асыл идеясын ашып шығу. 2. Дамытушылық : а) оқушыларды достыққа, адалдыққа деген сенімін қалыптастыру; ә) ізденушілігін арттыру; б) адамдардың бір-бі...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Шоқан Уәлиханов

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. а) Ш. Уәлихановтың еңбектеріне қысқаша шолу жасау;

ә) орыстың аса көрнекті ақын, жазушылары мен ғалымдарының Шоқанды мойындауына зер салу, олардың айтқан пікірлеріне талдау жасау;

б) ғалымның орыс достарына айтқан өз көзқарасын, азаматтық позициясын, биік мұратын, асыл идеясын ашып шығу.

2. Дамытушылық : а) оқушыларды достыққа, адалдыққа деген сенімін қалыптастыру;

ә) ізденушілігін арттыру;

б) адамдардың бір-біріне деген шексіз құрмет сезімін бағалауды үйрету;

в) өткен тарихқа үңілуді және оған қызығушылық ынтасын дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушылардың бойына тарихқа құштарлық сезімін сіңіріп, интернационализмге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, суреті, зерттеу еңбектер, қанатты сөздер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Сабақтың мақсатын ашу

4. Жаңа сабақ

Оқушылардың назарын төмендегідей сұрақтарға топтастыру, мағлұматтар беру.

1) Ш.Уәлиханов- қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклоры мен этнографиясын зерттеуші, ағартушы ұлы ғалым;

2) Шоқанның хаттары

3) Шоқан туралы орыс ғалымдарының еңбектері

4) Ш.Ш.Уәлиханов шығармашылық мұрасының ұлттық тарихымыздағы маңызы

5) Ғылыми очерктері мен күнделіктеріндегі жазушылық- публицистік, суреткерлік шеберлік белгілері;

6) Шоқан Уәлихановтың ағартушылық, демократтық көзқарастарындағы философиялық- материалистік дүниетаным сипаттары.

5. Оқулықпен жұмыс.

а) оқу, сөздікпен жұмыс

ә) Жоспар құру:

1. Өмірі мен қызметі

2. Қоғамдық, әдеби қызметі

3. Ғылыми және ағартушылық істері

4. Мәңгі өшпес жарық жұлдыз

5. Ш.Уәлихановтың хаттары

6. Сабақты қорыту.

1) 19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық деңгейде дамуына Шоқанның қосқан үлесі.

2) Орыс қоғамының Қазақстанға ықпалы, орыстың прогресшіл мәдениетінің әсері, демократтық, ағартушылық идеялардың қанат жаюы.

3) Қазақ халқының рухани, мәдени даму жолына Шоқанның ықпалы.

4) Орыс ғалымдарының , ақын, жазушыларының Шоқанды бағалауы, құрметтеуі, бас иуі, оның қазақ мәдениеті мен әдебиетіне әсері, т.б.

7. Үйге тапсырма:

1 деңгей. Шоқан туралы орыстың атақты ақын, жазушылары, ғалымдары пікірлерінен конспект жасау.

2 деңгей. Шоқан және оның өмір сүрген кезеңі туралы жалпы шолу жасау.

3 деңгей. Шоқанның орыс достары, олардың лебіздері туралы реферат жазып келу.

8. Бағалау.

9. Қорыту.


Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты:

1) Білімділік: Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау;

Ыбырай өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу.

2) Дамытушылық: оқушының дүниетанымын арттыру, ақын көзқарасын түсіне білуге баулу, білім дағдыларын қалыптастыру.

3) Тәрбиелік: Оқушылардың оқуға, білімге деген қызығушылығын арттыру, өз ойын тұжырымдауға және өзгенің пікірін сыйлауға үйрету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, талдау-жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: Портреті, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру

2. Үй жұмысын тексеру

3. Сабақтың мақсатын ашу

4. Жаңа сабақ

116 бетте.

Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)

1. Оқулықпен жұмыс. Сөздік талдау.

2. Жоспар құру:

а) Өмірбаяны

ә) Өлеңдері

б) Әңгімелері

3. Түсіндіру

5.Бекіту.

1. Ыбырай «қазақ хрестоматиясын» қандай мақсатпен құрастырды?

2. Жастарды оқуға, білімге шақыру мақсатында жазылған қандай өлеңдерін білесіңдер?

3. «Өнер- жігіт көркі» дегенді қалай түсінесіңдер?

4. Табиғатты суреттеуге арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?

5.Ыбырайды неге «балалар әдебиетінің атасы» дейміз?

6. Сендерге қандай әңгімесі ұнады?

6. Үйге тапсырма

1 деңгей: Бір өлеңін жаттау

2 деңгей: Жоспар бойынша мазмұндау

3 деңгей: Берілген тақырыптардың біріне шығарма жазу

1. Ы.Алтынсарин- педагог

2. Ы.Алтынсарин- жазушы

3. Ы.Алтынсарин- аудармашы

4. Ы.Алтынсариннің табиғат лирикасы.

7. Бағалау

8. Қорыту


© 2010-2022