Массасы белгісіз жүктің массасын анықтау

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Физика.

Сынып: 7

Практикалық жұмыс

Сабақтың тақырыбы: «Массасы белгісіз жүктің массасын анықтау»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері:

1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту.

2. Өз беттерінше және жұптық жұмыс жасауға дағдыландыру.

3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету.

Құрал-жабдықтар: қатаңдығы белгісіз серіппе, сызғыш, массасы белгілі гирь, массасы белгісіз жүк.

Практикалық жұмыстың жоспары:

Критерийлер

Жоғары ұпай

А

Ғылыми зерттеу

Оқушы проблеманы анықтай алады, болжам жасайды және оны жоспар құра отырып, тәжірибе арқылы тексереді

5

В

Ақпаратты өңдеу

Оқушы ақпаратты өңдейді және жазады (кестені толтыру, графиктер тұрғызу, схемалар сызу)

3

Бағалау жұмысының шкалалары:

Критерий

Тексерілетін элемент

Ұпай


А (максимум 5 ұпай)

Оқушы төмендегі критерийдің ешқайсысына жетпеді

0

Оқушы жұмыстың проблеманы анықтап, болжам жасады

1

Оқушы жұмыстың орындалу барысына жоспар құрды

2

Оқушы өзі құрған жоспар бойынша физикалық шамаларды дұрыс өлшеді

3

Оқушы жүктің массасын дұрыс есептеді

4

Оқушы орындалған жұмыстың болжамын тексере отырып, дұрыс қорытынды жазды

5


В (максимум 3 ұпай)

Оқушы төмендегі критерийдің ешқайсысына жетпеді

0

Оқушы өлшеулер мен есептеулер үшін кесте тұрғызды

1

Оқушы аспаптық қателікті анықтады

2

Оқушы салыстырмалы қателікті тапты, абсолюттік қателікті ескере отырып жүктің массасын тапты және дұрыс жазды

3

БАРЛЫҒЫ:

8

Бағалау парағы:

Критерийлер бойынша ұпайлар

Ұпайлардың қосындысы

Баға

А

В







Ұпайларды бағаға аудару парағы:

Жинаған ұпайлардың қосындысы

Баға

7-8 ұпай

«5»

5-6 ұпай

«4»

3-4 ұпай

«3»

0-2 ұпай

«2»


© 2010-2022