• Преподавателю
  • Физика
  • 8 cынып. Физика сабағы. Тақырып: Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер

8 cынып. Физика сабағы. Тақырып: Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер

Мұғалім: Баязитова Айсулу АмангельдиновнаФизика пәнінің мұғалімі«№2 Новоишим орта мектебі»Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы СҚО Сынып: 8Пән: физика Тақырып: Денелердің электрленуі. Электрзаряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.Мақсаты: Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштік, элетр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер, электроскоп.Дамытушылық: сабақ жадығаттарын талдау барыс...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8 cынып.Физика сабағы.Тақырып:Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Мұғалім: Баязитова Айсулу Амангельдиновна

Физика пәнінің мұғалімі

«№2 Новоишим орта мектебі»

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы СҚО

Сынып: 8

Пән: физика

Күні: __________

Тақырып: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Мақсаты:

Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштік, элетр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер, электроскоп.

Дамытушылық: сабақ жадығаттарын талдау барысында оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу мәдениетін дамыту, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.

Көрнекі құралдар: Электронды оқулық,жеке карточкалар, электроскоп, таяқшалар.

Сабақ жоспары:

I. Ұйымдастыру кезеңі,

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру «Школьный физический эксперимент» электронды оқулық бойынша

ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту. Жеке карточкалар бойынша сөздік жұмыс.

IV. Қорытындылау

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Денелердің электрленуі.

Янтарь - еІektrоп - "электрон" деген грек сөзі.

Денелердің электрлену кұбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде гана байкалады.Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу аркылы электрлену деп аталады

Қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара өрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Денелердің осы " қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік өрекеттесу кабілетіне ие болуы - олардың электрленуі деп аталады.

Бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір бірінен тебіледі.

Зарядталған шыны жөне эбонит таяқшалары өр түрлі ма-териалдардан жасалғандықтан, олар түрліше электрленеді. Оларда өр аттас зарядтар пайда болады. Демек, өр аттас электр зарядтары бір-біріне тартылады деп ұйғарым жасауға болады.

8 cынып.Физика сабағы.Тақырып:Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған.

Қоршаган ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жуйесін ощиауланган немесе тщыцталган деп атайды. Бұл жүйедегі электрлену кұбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:

q 1 + q 2 + q 3 +….. + q n = const

ЭЛЕКТРОСКОП. ЭЛЕКТРОТКІЗГІШТЕР ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТОГЫН ОТКІЗБЕЙТІНДЕР

I. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады. Металл корпус ішіне пластмасса тығын аркылы ұшына жұка қағаздың екі кішкене жапырақшасы бекітілген металл таякша өткізіледі.

8 cынып.Физика сабағы.Тақырып:Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.8 cынып.Физика сабағы.Тақырып:Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Электр зарядтарын өткізу қабілеттілігіне қарай заттар шартты түрде: электрөткізгіштер және электр өтқізбейтіндер болып бөлінеді. Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды өткізгіштер деп атайды. Оларға - адамның, малдың денесі, ылғал жер - жатады. Барлық металдар, тұздар және кышқылдардың судағы ерітінділері электр зарядтарын жақсы өткізеді.

Электр зарядын өткізбейтіндерге немесе диэлектриктерге - пластмассалар, фарфор, шыны, эбонит, плексиглас, органикалық шыны, янтарь, резеңке, маталар, керосин, май, ауа, газдар жатады. Оларды окшаулагыштар (грек тілінен - оңашалану) деп атайды.

460. Зарядталған электроскоптың кішкене шарына қол тигізу арқылы разрядтаған. Осы кезде электроскоптың өзегінде ток жүреді деп айтуға бола ма?

461. Зарядталған электроскопты қосатын өткізгіште электр тогы қай кезде пайда болады? Өткізгіш арқылы қандай зарядталған: бөлшектер орын ауыстырады? Қай бағытта ?

8 cынып.Физика сабағы.Тақырып:Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.

Үй жұмысы: №5-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма

Карапайым электроскоп дайындап, оның көмегімен өр түрлі денелердің электрлену кұбылысын зерттеңдер.



© 2010-2022