Сабақ жоспары Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия. (7 сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Сабақ тақырыбы: Энергия. Потенциалдық және кинетикалық энергия.

Мектеп: "Жаңақала мектеп-гимназиясы"

Күні:

Оқытушының аты-жөні: Мақсотова А.М

СЫНЫП: 7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Жалпы мақсаты:

Энергия және оның түрлерін түсіндіру. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету.

Оқу нәтижелері

(міндеттері):

  • Жаңа тақырыптың мағынасы мен мазмұнын түсінеді.

  • Өз пікірін жеткізу арқылы берілген тапсырманы орындай алады.

  • Оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе және талдай алады.

  • Кейбір оқушылар топтың көмегімен берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

(А)

Энергияның формулаларын, өлшем бірліктерін білуге тиіс.

Энергияның айналу және сақталу заңдарын, есеп шығару жолдарын түсінуге тиіс.

Күнделікті өмірде энергияны қалай алуға болатыны туралы ойлауға тиіс.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

(В)

Оқушылар үшін оқу нәтижелері (С)

Сабақта қолданылатын әдістер:

оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс), сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (миға шабуыл), Блум таксономиясы, формативті бағалау, АКТ пайдалану (презентацияғ бейнежазба)

Мұғалімнің жазбалары:

Сабақтың кезеңдері

Бөлінетін уақыт

Тапсырмалар

Ресурстар

Ұйымдастыру

2 мин


"Киіз үйдің" бөліктерін құрастыру арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар топқа бөлініп топ басшысын таңдап алады.

Киіз үй бөліктері

Білу

5 мин




Үй жұмысын тексеру.

Мұғалім үй тапсырмасын оқушылардан "Серпілген сауал " әдісі бойынша сұрап шығады.

Оқушыларды ынталандыру сөздерімен бағалайды.

доп

Түсіну

5 мин

Топпен жұмыс Миға шабуыл - «Суреттер сөйлейді».

Дене қозғалысының түрлері бейнеленген суреттерді көру арқылы окушылар түрлі жағдайдағы денелердің қозғалысын түсіндіреді. Күлегештер арқылы формативті бағалайды

Үлестірмелі материалдар

күлегештер


3 мин

Энергия тақырыбына байланысты бейнефильм көрсету. Бейнефильм арқылы оқушылардың алған білімдерін толықтырып жинақтаймын.

Интерактивті тақта, презентация

Қолдану


10 мин

Топпен жұмыс. Деңгейлік есептер шығару.

І топ

  • Жер бетінен 3,5м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.

  • Массасы 60 кг денеге 1200Дж энергия шамасымен қандай биіктікке шығаруға болады?

ІІ топ

  • 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6кг дененің кинетикалық энергия неге тең?

  • 20 м/с жылдамдықпен қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400Дж болса,оның массасы?

ІІІ топ

  • Тік жоғары 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған массасы 400 г дененің ең жоғарғы көтерілу нүктесіндегі кинетикалық энергиясы.

  • Массасы 12 кг денені 6 м биіктікке көтрілдегі потенциалдық энергиясы қандай болады?

ІV топ

  • Массасы 20 кг денені көтергенде 4000 Дж жұмыс жасалса, дене көтерілген биіктік қандай болады? g = 10 Н/кг

  • 20 м/с жылдамдық қозғалған дененің кинетикалық энергиясы 400 Дж болса, масссасы неге тең?

Күлегештер арқылы формативті бағалайды.

Үлестірмелі материалдар

Талдау


3 мин

Шаманы таны.

1.Энергия.

2.Потенциалдық энергия

3.Кинетикалық энергия

4.Жұмыс

Күлегештер арқылы формативті бағалайды.

Интерактивті тақта

Жинақтау

10 мин

Топпен жұмыс.

Топтарға тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Сол бойынша постер жасап, қорғау тапсырылады.

І топ. Адамның тұтынатын тағамы, оның жұмсайтын энергиясының сәйкес келуі. (презентация жасау)

ІІ топ. Энергия жалпы тіршілік көзі. (энергияның қолданылуын постермен қорғау)

ІІІ топ. Венн диаграммасы. (Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың ұқсастығы).

IV топ. 5 жолды тұжырым.

1. Зат есім. Не?

2. Сан есім. Неше?қанша?

3. Сын есім. Қандай?

4. Етістік. Не қылды, не істеді?

5. Тақырыптың синонимі немесе зат есімнің синонимі.

Топтар бірін-бірі "Сыйлық" беру арқылы, яғни жақсы тілек айтып бағалайды.

Флипчарт, маркерлер, суреттер

Үйге тапсырма

1 мин

§ 53 оқу. 30- жаттығуды есептерін шығару. Топтарға «Балама энергия көздері» тақырыбына шығармашылық жоба жазып келу.

оқулық

Бағалау

1 мин

Мұғалімнің формативті бағалау негізінде суммативті бағалауы.

Рефлексия

5 мин





"Білім ағашы" суретіне сабақтан алған әсерлерін түрлі -түсті стикерлерге жазып іледі.

Қызыл алма - тақырып түсінікті болды.

Жасыл алма - әлі де оқуды қажет етмін.

Сары алма - сабақтан мүлдем ештеңе түсінбедім.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту - көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

Дифференциялды оқыту өз бетінше жаттығулар кезінде мұғалім қолдауының алмасуы арқылы іске асады.

Күлегештер арқылы формативті бағалау. Мұғалімнің ынталы сөздері арқылы және өз-өздерін бағалайды

Математика пәнімен пәнаралық байланыс бар. Презентация, Activ Studio бағдарламасы қолданылады.Интерактивті тақтаны 10 - 15 минут қолданады.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:



© 2010-2022