Қысым тақырыбына есеп шығару

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Қысым тақырыбына есеп шығару

Мектеп: Үстірт орта мектебі


Күні: 29.01.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ордабаев Мансур

Сыныптар: 7-сынып

Оқушылар саны:

Сыныпта жоқ оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:

Қысым тақырыбына әр деңгейде есеп шығарып үйрету.

Өткен сабақ материалдары:

Қысым, Паскаль заңы, Паскаль шары

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспарланған іс әрекеттер

Ресурс

0-15 мин

Қысым тақырыбын қайталау барысында тест алу

2 нұсқа таратпалары, слайд

15-30 мин

Қысымға байланысты суреттерді логикалық тұрғыда ойлап талдау

Интернет желілері

30-80 мин

"а" тобынан 5 есеп,"б"тобынан 7 есеп ,"с" тобынан 3 есеп шығару

Б.Қ Рахашев "Физиканы оқып үйренейік" 1-том

80-85 мин

Рефлексия

85-90 мин

Ұй тапсырмасы тақтадағы есептер.

Бағалау



А тобының есептері

1-есеп: Шынжыр табанының ауданы 1,5 м2 массасы 60т танктың жерге түсіретін қысымы.

2-есеп: Ауданы 50 см2 цилиндр пішінді 2л су құйылған ыдыстың түбіне түсіретін қысымы.

3-есеп: Салмағы 200 Н кілемнің еденге түсіретін қысымы неше? Кілем ауданы 4 м2

4-есеп: Массасы 50 кг, аяқ киімінің табандарының ауданы 500 см2, адамның еденге түсіретін қысымы

5-есеп: Еденге 10 кПа қысым түсіретін, массасы 50 кг адамның аяқ киімінің табанының ауданы

Б тобының есептері

1-есеп: Қар үстінде тұрған шаңғышының массасы 45 кг. Оның әр шаңғысының ұзындығы 1,5 м, ал ені 10 см. Шаңғышының қар бетіне түсіретін қысымы

2-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен жоғары қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы

3-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге 2 м/с2 үдеумен төмен қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы

4-есеп: Массасы 5 кг, табанының ауданы 100 м2 куб тіреуімен бірге бірқалыпты төмен қарай қозғалғанда, оның тіреуге түсіретін қысымы

5-есеп: Массасы 5,4 т трактордың әр табанының ауданы 0,75м2. Шынжырларына түсіретін қысымы

6-есеп: Массасы 175 кг, әрбір бәтеңкесінің табанының ауданы 410 м2 астронавтың ұшар алдындағы Жерге түсіретін қысымы түсіретін қысымы

7-есеп: Салмағы 45 кН асфальт төсеуге арналған каток жерге 300 кПа қысым түсіреді. Каток тірегінің ауданы

С тобының есептері

1-есеп: Суға тамаша сүңгитін адам 20 м тереңдікте жүр. Осы тереңдіктегі теңіз суының гидростатикалық қысымы (Қысым тақырыбына есеп шығару

2-есеп: Азов теңізінің ең терең жеріндегі (14 м) судың гидростатикалық қысымы (Қысым тақырыбына есеп шығару

3-есеп: Мұнай толтырылған цистернаға 4м тереңдікте, ауданы 30 см2 шүмек бекітілген. Мұнайдың шүмекке түсіретін қысым күші (Қысым тақырыбына есеп шығару

Үстірт орта мектебі





САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы:Қысым тақырыбына есептер шығару











Бейнеу 2016 ж

© 2010-2022