Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

Раздел Физика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ШҚО. Семей қаласы. Шәкәрім атындағы облыстық үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің физика пәнінің мұғалімі Нуртазина Айгуль Болысхановна№26 жалпы орта білім беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі

Мусалиева Рукен Гаукербекқызы.

7 сынып. Физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты

өзгеруі. Манометрлер.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруін түсіну, атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымды өлшейтін құралмен танысу;

дамытушылық: атмосфералық қысым, Торричелли тәжірибесі мен қысым өлшейтін құралды біле отырып, байланыстыра отырып дамыта оқыту;

тәрбиелік:білімге деген құштарлығын анықтау;

Көрнекілік: барометр, суреттер, интерактивті тақта, электронды оқулық;

Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (физика, биология)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау

І.Толықтырушы тест

1.Жер бетінің ауа қабаты (атмосфера)

2.Атмосфера -газ, сондықтан өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады (Паскаль заңы бойынша)

3.Жер бетіне және ондағы барлық денелерге түсіреді.(атмосфералық қысым)

4. Атмосфералық қысымды анықтаған ғалым (Торричелли)

5. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал (барометр)

ІІ.Ауызша есептер шығару.

І. Бала жапырақты аузына тақап, ішіне тартқанда неге жыртылады?

ІІ.Егер бөтелкенің аузы суға батырылса, онда төңкерілген бөтелкеден неге су төгілмейді?

ІІІ. Барометр 1013Па қысымды көрсетіп тұр. Сынап биіктігі неге тең?

ІІІ. Жаңа сабақ

АФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақтмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі

атмосфера құрылымы биіктікке байланысты өзгеруі

қалыпты атмосфералық қысым альтиметр

(Физика)

1.Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ 2. Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ 3.Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

(1.ауа құрамы 2.ғарыш сәулелерден қорғайтын белдеу 3.Жер беті-ауа қабаты)

Ауа -әр түрлі газдардан оттегі, азот, аргон, көмірқышқыл газ, иісті газ, сутегі, азон, метан, гелий, неон, криптон, ксенон қосындысы. Олардың ішінде негізгі орынды азот пен оттегі алады.Басқа газдардың ең негізгісі, көмірқышқыл газ. Азот 78,8, оттегі20,94, көмірқышқыл газ 0,03, аргон және басқа газдар 0,95. Атмосфера -метеориттерді өртейтін және жердегі өмірді құраушы ғарыштық сәулелерден қорғайтын қорғаныс белдеуі.

Атмосфераның құрылымы өте күрделі. Оның негізгі қабаттары тропосфера, стратосфера, мезосфера, экзосфера. Тропосфера 10км биіктікке дейін, стратосфера 10 - 50 км, мезосфера 50-80 км, термосфера, 80-500км, экзосфера 500-800 км аумақты алып жатыр.

Бүкіл ауа қабаты жер бетінің әр шаршы сантиметріне 1 кг 33 г салмақ түсіреді. Орта бойлы адамның денесінің үсті шамамен 15000 см2 - дей болады екен. Сонда оған түсетін қысым 15 500 кг немесе 15 т - дан астам болып шығады. Есептеп көрсек. Адамның алақаны шамамен 150 см2 , ауа оған 150 кг салмақ қысым түсіреді. р = Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ , F = mg - формуласымен есептесек, адамның бір алақанына 10 5 Па қысым түсіреді, ал екі алақанға 2∙ 105 Па қысым түсіретіндігі шығады. Бұл - ересек екі адамның салмағы деген сөз. Біз мұндай қысымды сезбейміз. Өйткені біздің денеміздің ішкі қысымы сыртқы атмосфера қысымымен тепе - тең келеді. Біздің басымызға түсіп тұрған ауаның салмағын есептетсек - бұл бір тоннадан астам екен. Біз өзімізді ауамен басылып қалған сияқты сезінбейміз, себебі ауа қысымы жан - жаққа таралады. Теңіз деңгейінде ол шамамен 1 шаршы см-ге 1кг тең. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттары төменгі қабаттарына қысым түсіреді Жер атмосферасы әртүрлі газ молекулаларынан тұрады, бейберекет қозғалады. Тек төмен түсе алмайды, себебі бейберекет қозғалғандықтан жылдамдықтары өте аз. Сондықтан Жер бетінде қысым көп.

1648ж Паскаль тапсырмасымен Пьер Пюн-де Дом тауының етегі мен төбесіндегі қысымды өлшеп, биіктікке байланысты өзгеретінін анықтады. Паскаль Парижде, Нотр-Дам соборының етегі мен төбесінде, Сен-Жак мұнарасында, 90 баспалдақты үйде жасады.

Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін анықтау үшін қолданылатын құрал анероидты альтиметр деп атайды.Ұшқыштар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін альтиметр ұшақтарға қолданылады.

Манометр

Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақФизикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

аспап құрылысы қолданылуы түрлері

Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

жұмыс істеу принципі

трек схема және электронды оқулық арқылы оқушыларды қатыстыра отырып талдау.

1.Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ 2. Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ 3. Физикадан Атмосфералық қысым тақырыбына кіріктілген сабақ

1.Манометр атмосфераны қысымнан артық немесе кем қысымды өлшейтін аспап. Манометр (грекше манос- сирек ,тығыз емес, метерео-өлшеймін) деген сөзден шыққан. Атмосфералық қысымнан артық немесе кем қысымды өлшеу үшін қолданылатын металл- манометр.

2. Адамның қан айналым жүйесіндегі қысымын өлшейтін құрал сфигмометр (грекше сфигмос- жүрек соғуы) немесе сфигмотанометр деп аталады.

(Биология) 8 сыныпта

Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері.Қанның қантамырларымен қозғалуы. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері. Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді.

Қан қысымы.

Қан тамырлардың бойымен ағуы кезіндегі қантамырларына және жүректің қуыстарына қысымы түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғарғы қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры - қолқада болады. Жүректен алшақтаған сайын қантамырларда қан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғарғы және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм.

Ұсақ артериялар мен капиллиярларда 20-25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы вена қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді: а) жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы; ә) демалған және дем шығарғанда кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі; б)веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы; в)веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшық еттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуына мүмкіндік туады.

Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан ( қолдың қарынан) өлшейді. Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағынасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70-80 мм. Қан қысымы жоғарылған кезде болатын ауруларды гипертония (грекше «hyper» - үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония («hupo» - асты, төмен ) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы вегетативті жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы соқпақша мида орналасқан. Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын- оқтын серіппелі кеңейеді. (латынша «pulsus» - соғу, итеру) Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі - тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап бір минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді. Адам қартайған сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады, Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлар жарылуы мүмкін. Миға қан құйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ тартылып қалады. Бұл кезде қан қысымы 200мм-ден асады. Қан қысымы төмендесе, сынап бағанасы 70-80 мм төмен болады. Мұндай жағдайда, бас ауырады, жүрек айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті шаппайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді. Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе нәруызы бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтап, ашуланбау қажет.

3. Техникада сұйықтың, газдың, будың қысымын өлшеу үшін металл манометр қолданылады, оны Бурдон манометрі деп те атайды. (құрылысымен таныстыру)

IV. Бекіту

  1. Қысым өлшейтін құрал қандай сөздерден құралған?

  2. Сынапты барометр туралы не білдіңдер?

  3. Атмосфералық қысым өлшейтін құрал?

  4. Барометр- анеройдтың құрылысы, қалай жұмыс істейді?

  5. Барометр арқылы тағы да нені анықтайды?

  6. Атмосфералық қысымды өлшеу не үшін қажет?

  7. Атмосфералық қысымды таулы және жазық жерлерде неге әр түрлі?

  8. Ұшақ, парашютшілер туралы қысымға байланысты нені түсіндіре аласыңдар?

  9. Қалыпты атмосфералық қысым неге тең?

25-жаттығу, 26-жаттығу. 1.

V. Үйге тапсырма § 52-53. 26-жаттығу. 2.қайталау. § 43-50.



© 2010-2022