Термодинамиканың екінші заны. Жылу қозғалтқыштары

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аққұм орта мектебі



«Физикалық бәйге»

(зияткерлік ойын)



Өткізген: Байниязова Г.А

Сыныбы: 8-9


2015/2016 оқу жылы



Сабақтың түрі: Физикалық кеш

Сабақтың өткізу әдісі: сайыс сабақ

Мақсаты : Әрбір оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге үйрету. Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, зеректікке тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың пәнге қызығушылықтарыңды арттыру,

сабақта алған білімдеріңді пайдалана білуге үйрету, білімдерін байқау-бақылау;

Дамытушылық: оқушылардың осы пәнге қызығушылығын тудыру, арттыру, білім дағдыларын дамыту, ізденіске ұмтылдыру;

Тәрбиелік: шапшаңдыққа, бірігіп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар,оқушылар, қадірлі қонақтар, «Жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер. Бүгінгі «Физика» апталығының 7-8 сыныптарға арналған «Физикалық бәйге» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділ-қазы алқасына бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем.

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.

2.

Сайыстың кезеңдері:

І тур «Таныстыру»

ІІ тур «Өткел»

ІІІ тур «Белес»

ІҮ тур «Ойлан тап!»

Ү тур «Сөз тапқанға...»

ҮІ тур «Асу кезең»

ҮІІ тур «Физика тілінде сөйлейік»

ҮІІI тур «Сергіту сәті»

ІX тур «Қорытынды»

Сайыстың шарты:

  1. Сайысқа 5 оқушыдан құралған 4 топ қатысады.

  2. Сайыс кезінде төрт топқа бірдей сұрақтар қойылады.

Сұраққа бірінші болып жауап берген топ ұпай жинайды (Дұрыс жауап 1 ұпай). Аз ұпай жинаған топ ойыннан шығады. Ойлануға - 30 секунд.

1. 8 - сынып

2. 9 - сынып

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпаз болу шарт сол.

Еңбек етіп жалықпай,

Сәтті сапар тілеумен.

Сайысты біздер бастайық,

Көрсетіңдер өнерді,

Қарап қалма жасқаны, -дей келе сайысымызды бастаймыз

І- кезеңіміз топтардың оздерін таныстыруы

Қарап тұрмай өткелден өтіңіздер,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіздер,

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,

Өткелден өтіп Белес турына өтіңіздер

Сайысымыздың ІІ-кезеңі - «Өткел». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге физика пәніне байланысты сөйлемдер беріледі. Ия, жоқ деп жауап беріледі, 1 сұрақ 1 ұпаймен бағаланады. Ал,мұқият болыңыздар:.

1.Заттың үш күйі бар.(иә)

2.Температураны өлшейтін құрал-динамометр.(жоқ)

3.Желді күні асфальт беті тез кебеді.(иә)

4.Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі-Джоуль.(иә)

5.Мылтық жылу қозғалтқышына жатады.(жоқ)

6.Мұз ерісе энергия шығарылады.(жоқ)

7.Массаның өлшем бірлігі-килограмм.(иә)

8.Заттың қатты күйінен сұйық күйіне ауысуы-кристалдану деп аталады.(жоқ)

  1. Жерді айнала қозғалған жасанды серіктерге жердің тартылу күші әсер ете ме?(иә)

  2. «Инерция»-ның қазақша баламасы әрекетсіздік пе? Иә

  3. Дене пішінінің, V көлемінің өзгеруі. Деформация деп аталады? иә

ІІІ кезең «Белес»

Адам - Алып таңғажайып ісімен,

«Белес» - ойын ой тастаған түсімен.

Зерделілер заманды алға жылжытсақ,

Физикалық заңдылықтар күшімен.

Бұл адамдар ардақтаған халықтар,

Физикада даңқы шыққан алыптар.

Қара, ойлан, зерек болсаң сайыскер,

Алыптарды әрқашанда танып қал.

Келесі кезеңіз - «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі.Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл. Осы турдан кейін ұпай аз 2-оқушы сайысымыздан шығады. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:

1. 1623-1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Коптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым. (Блез Паскал)

2. Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)

3. Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)

4. Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)

5. 1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон

6. ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәніде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571-1630 жылдары өмір сүрген ғалым кім болды ( Иоган Кеплер)

ІV тур «Ойлан тап!»

Келесі кезеңіміз"Ойлан тап!" кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа 4 жұмбақтан беріледі. Жұмбақты шешу арқылы өз қоржындарын толтырады. Әр жұмбақты дұрыс жауабы 5 ұпай. Дайын болсаңыздар бастаймыз. Ал,мұқият болыңыздар:

І жұмбақ:

Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)

Тетігін бассаң алаңсыз

Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

ІІ жұмбақ:

Жалғыз бағыт білері,

Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді6

Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

Батырмасын басасың

Қажет файлды ашасың. (тышқан)

Жоғалмайды ешқашан,

Түрлендірсек егер де.

Басқа күйге ауысқан,

Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

Ақпаратты қағазға шығарады,

Бұл құрылым қалай деп аталады? (принтер)

ІІІ жұмбақ

Туыстарын шетінен,

Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын,

Бауырына қысады. ( магнит)

Биологияда бұл паразит,

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпараттарды өлшейтін (бит )

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасақ,

Ньютонға ол келеді. (күш)

Экранның беті оның тұрағы

Қашан болса жыпылықтап тұрады. (курсор)

ІҮ жұмбақ:

Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)

Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. (Электр есептегш)

Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды ( сағат)

Бұтақ орнына мың бір инесі

Компьютер жаны мекені. (кактус)

Ү кезең «Сөз тапқанға»

Сайысымыздың ІV бөлімі «Сөз тапқанға...». Бұл бөлім бойынша сайыскерлеріміз өздеріне қойылған сұрақтарға таратылған әріптен басталатын сөз арқылы жауап қайтаруы тиіс. Ұпай саны топтардың ұшқыр ойларына, тапқырлығына байланысты қойылады.

7-кл (М,Б,Е)

1.Қыстыкүні пеш тұтанбай қалса, не істейсің?

2.Тонның жылуы несінен?

3.Жаздыкүні қандай киім киген дұрыс?

4.Қаз судан неге құрғақ шығады?

5.Газды су неліктен жабық ыдыста тыныш, ал тығынын ашқанда көпіршіп тасиды?

8-кл (Н,А,С)

1.Пеш мұржасының биік болғаны дұрыс па, әлде дұрыс емес пе? Неліктен?

2.Қыстыкүні қандай етіктен аяғың тоңбайды, тардан ба, кеңнен бе? Неліктен?

3.Үйді кесек кірпіштен соққан дұрыс па, әлде күйдірілген кірпіштен бе?

4.Неге судан шыққан балықты қолда ұстау қиын?

5.Неліктен спортшылар алақанын магнезиямен, шаңғы табанын конифольиямен сүртеді?

VI «Асу кезең»

Келесі кезеңіз - «Асу кезең». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге «Температура» сөзі беріледі. Сайыскерлеріміз осы сөзге кіретін әріптерден жаңа сөздер құрастыру қажет.Ең көп сөз құрастырған ойыншымызға 2 ұпай, одан кейінгі сайыскерімізге 1 ұпай беріледі.



ҮII тур «физика тілінде сөйлесейік»

Қанша қиын болса да,

Мағынасын ұғайық.

Ғылым тілін түсініп,

Шешпей оны қоймайық!

*** «физика тілінде сөйлесейік» сайысы бойынша берілген сөздердің физикалық сөздік атауын айту керек. Әр жауап 1 ұпаймен бағаланады..

Ал, олай болса сайыскерлеріміз дайын болса, бастайық.

Күш - динамо, динамис

Табиғат - физика

бостық - вакуум

су, ылғал - гидро

жайылу, таралу, сіңу - дифузия

зарядтың ең ұсақ бөлшегі - электрон

мүмкіншілік - потенция

Ауадағы жылудың тасымалдануы - конвекция

Бөліктерге бөлу және санмен жабдықтау - градуирлеу

Янтар - электр

әрекетсіздік - инерция

өлшеймін - метр, метро

заттың ең ұсақ бөлшегі - молекула, атом

тұрақты - const

майысу, иілу, бұрылу - деформациялану

ток өткізбейтіндер - диэлектриктер

бу, ауа - атмос

шар - сфера

сирек, тығыз емес - манос

үйкелу, жанасу - үйкеліс күші

ҮІ тур «Кім жылдам?»

Сынның да сыны бар ғой сыналатын,

Әр түрлі білім сырын ұға алатын.

Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,

Сыналып әр секундпен жүре алатын.

Келесі кезеңіміз «КІМ ЖЫЛДАМ?» кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 1 мин. ішінде 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауабы 1 ұпай. Ендеше ұпайы коп ойыншыдан бастайық. Дайынсын ба? Дайын болсаңыз бастаймыз. Ал,мұқият болыңыз:

1-топ: сұрақ

  1. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

  2. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

  3. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

  4. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

  5. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? (механика)

  6. Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 күн)

  7. Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

  8. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (механикалық қозғалыс)

  9. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)

  10. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? (Жетіқарақшы)

2-топ: сұрақ

1. Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (қатты)

2. Бірінші ұстаз (Аристотель)

3. Дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. (масса)

4. Астрономия не туралы ғылым? (аспан денелері)

5. Табиғи жарық көзіне не жатады? (Күн)

6. Бір зат молекулаларының екінші заттың молекулаларымен араласуы (Диффузия)

7. Температураны өлшейтін құрал (Термометр)

8. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы.(инерция)

9.Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)

10. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық шама.

(жылдамдық)

3-топ: сұрақ

1. Балқу температурасы төмен металл (Сынап)

2.Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

3.Фарадпен өлшенетін физикалық шама (сыйымдылық)

4.Зарядтың өлшем бірлігі (Кулон)

5.Вольтметрмен өлшенетін физикалық шама (кернеу)

6.Кедергінің өлшем бірлігі (Ом)

7.Металдар мен диэлектриктердің қасиеттерінен өзгеше, біршама электрлік қасиеттері бар және олардың арасында аралық орынға ие заттар қалай аталады? (шалаөткізгіштер)

8.Тұздардың, қышқылдардың және сілтілердің ерітінділері, сонымен қоса тұздар мен металдардың қорытпалары қалай аталады? (Электролиттер)

9.Будың сұйыққа айналу құбылысы (Конденсация)

10. Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (Электрон)

4-топ: сұрақ

1. Балқу температурасы жоғары металл (Вольфрам)

2. Ток күшінің өлшем бірлігі (Ампер)

3. Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі қалай аталады? (Конвекция)

4. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап (Электроскоп)

5. Ядроның құрамына кіретін оң зарядталған бөлшек (Протон)

6. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (Буланады)

7. Амперметрді тізбекке қалай жалғаймыз? (Тізбектей)

8. Электрсыйымдылығының өлшем бірлігі (Фарад)

9. Кернеуді өлшейтін құрал (Вольтметр)

10. Металдардағы еркін электр зарядын тасымалдаушылар (Электрондар

Көрермендермен жұмыс: «Физикалық терминдер»

Бұл сайыста оқылған сөздердің қай елдің сөзінен шыққандығын анықтау қажет.

  1. Электрон (грек)

  2. Инерция (латын)

  3. Орбита (неміс)

  4. Барометр (грек)

  5. Геоцентр (грек)

  6. Диффузия (латын)

  7. Планета (грек)

  8. Деформация (латын)

  9. Динамометр (Грек)

  10. Гидравликалық (грек)

Қорытынды

2030-дың біз барысымыз,

Болашаққа бастайды әр ісіміз.

Егемен елімізді көркейтетін,

Білім шыңына шығу-парызымыз.


© 2010-2022