Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік.: Оқушыларға тұрақты магнитер дегеніміз не, оның қасиетері, жердің магнит
өрісі, аспан денелерінің магнит өрісі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, ақыл ойын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ізденушілігін, қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі түсіндіру
Сабақтың түрі аралас
Сабақтың көрнекілігі магнит, плакат, глобус

Сабақтың барысы Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
№1 карточка
1 Газдардағы электр тогы дегеніміз не?
2 Плазма дегеніміз не?

№2 карточка
1 Вакуумегі электр тогы дегеніміз не?
2 Термоэлектрондық эмиссия деп нені айтамыз?
3 Кемтік дегеніміз не
4 Шалаөткізгіштердегі электр тогы дегеніміз не?
5 Шалаөткізгіштер дегеніміз не?
6 Шалаөткізгіштерге қандай және қанша химиялық элемент жатады?

Есептер шығару.
1. 12В кернеуге есептелінген электр шамының қуаты 36 Вт. Шамның кедергісін және ток күшін табыңыз.
2. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2В, ток күші 0, 5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?
Сөзжұмбақтар шешу. КЕРНЕУ және КЕДЕРГІ

Жаңа сабақ
Тұрақты және қарапайым магниттер деп магниттелуін ұзақ уақыт сақтайтын денелерді айтамыз. Мұндай денелерге табиғи магниттік теміртас жатады.
Тұрақты магниттердің қасиеттері
Магниттің әртүрлі бөліктері әртүрлі магниттеледі, ең көп магниттік тартылу күші магниттік полюстер деп аталатын магниттің ұштарында болады.
Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар
Солтүстік: N
Оңтүстік: S
Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.
Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.
Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.
Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады.
Аномалия - ауытқулық
Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы.
Оқушыларға тапсырма
Сызба бойынша магнит таяқшаларының тартылуын көрсетіңдер.
Темір ұнтақтарын пайдаланып күш сызықтарының кескінін алыңдар, суретін салыңдар.
Сабақты бекіту
1. Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді

© 2010-2022