Портфолио: В2 есебі Байтұрсынов Н. Б. (мұғалімдерге)

Бұл бағдарламаның негізгі принципі мұғалімдердің іс-тәжірибесін, педогикалық шеберлігін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. «Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзыр...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Байтурсынов Нурымжан Бакытжанович Мұғалім портфолиосы В2 есеп

№2 топ 3-деңгей

Қостанай қаласы 11.06.2013 жыл


В2 есеп

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша бір рефлексивтік есеп

Бұл бағдарламаның негізгі принципі мұғалімдердің іс-тәжірибесін, педогикалық шеберлігін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. «Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды» Қазіргі жеткен жетістігімізде қалып қоймай өркениетті елдердің іс-тәжірибесінен өзімізге ыңғайлап алғаның ешқандай оғаш нәрсе жоқ деп ойлаймын. Бұндай тәжірибе бұрында болған және болада береді, бұл дегеніміз дәстүрлі сабақтан бас тарту деген сөз емес. Қайта дәстүрлі сабақты , қазіргі заманауи сабақпен ұштасырып дамытып қазіргі өскелең ұрпаққа сапалы білім беру. Қазіргі біздің пайдаланып отырған бағдарлама тек қана Ұлыбритания ғана емес бүкіл әлемге танымал және өміршеңдігін көрсетіп отыр. Сондықтан біздің ұтыларымыздан ұтарымыз көп деп ойлаймын. Басында бағдарламамен танысқан кезде бізге осының не керегі бар деп ойлағам, бірақ оқығанды практикамен ұштастырған кезде өзімнің қателескінімді ұқтым және менің өмірлік қағидама сай келетінін түсіндім. «Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алынған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген».

Мен өзімнің сабақтарымда бірінші бетпе-бет кезеңінде танысқан бағдарламаның жеті модулінде қамтуға тырыстым. Менің география пәнінен 10 - сыныпта өткен Украина Республикасы тақырыбындағы сабағымда бағдарламаның бес бірдей модулін қарастырып кеттім, ал қалған екі модуль сабақ барысында элементтері байқалды. Олар:

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;

  2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

  3. Оқыту мен оқуда АКТ ны пайдалану;

  4. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

  5. Талантты және дарынды оқушымен жұмыс;

1. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» жеті модульдің барлығында қарастыруға болатындығына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «диалог арқылы оқыту» мен «қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз. Себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарастармен тығыз байланысты. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта оқушылардың сабақта мейлінше білім алуына әсер ету үшін диалогтық оқытуды қолдану керектігі айтылған». Шындығында да диалог арқылы оқу оқушылардың жан - жақты білім алуына жағдай тудырып қана қоймай олардың даму дәрежесіне үлкен қозғалыс тудырады. «диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуын және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтік шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді». Ал «Қалай оқу керектігін үйрену» оқушылардың оқуды өз бетінше жалғастырып кете алатынын, жауапкершілікті түсінуге және оны өз мойнымен көтере алатынын көрсетті.

2. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушы мен мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану», «метатану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сыни тұрғыдан ойлау - бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.

Менің түсінгенім, сыни тұрғыдан ойлауды география пәніне пайдаланған тиімдірек болады деп ойлаймын. Себебі география пәнінде суреттер,видеолар мен ауызша дәлелдерді қолдану сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда зор үлес қосады. Бұл сыни тұрғыдан ойлаудың басқа пәндерге сәйкес келмейді деген сөз емес, оқушылар тиісті пән бойынша қолданылатын дәлелдер туралы ойланатындай етіп тапсырманы өз пәндеріне бейімдеу керек болады. Сыни тұрғыдан ойлау мән-мәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқалы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сыни тұрғыдан ойлаудың бұл дағдылары бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация деп сипатталады. Мәселен, географияны үйренуде қолданылатын үрдістер мен дағдылар: суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалар сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыру. Осы жұмыстар барысында ақпараттық-коммуникациялық технологиясы компьютерді пайдалануға, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге балалардың әлемді тануға деген көзқарасын арттырады деп ойлаймын. Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде.
3. АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап қана қоймай ғылыми көзқарасын қалыптастырдым. Қашықтан оқыту кезінде өзім өткізген сабағымды оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім беріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арттырдым. Тәжірибе барысында өткізетін сабақтарыма алдын - ала шолу жасау үшін, Украина, Беларусь, Молдова, Әзірбайжан елдері жайлы қысқаша видео көрсеттім. Бұған дейін оқушылар АКТ жұмыс жасай біледі, сол себепті сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырманы орындауда еш қиындық кездескен емес.

4. Әр сабақ бойында бағалау жүріп отырады. рлама барысбермеппін. Осы б ін. ді, сол себепті сабақ барысында оқушыларға берілген тапсырманы орындауд«Бағалау-одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин».Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады. Бағалау негізіне оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау болып екіге бөлінеді. Бағалаудың бұрынғы қағидаларына сүйеніп қалған біздер үшін оқыту үшін бағалау алғашында біраз оғаш көрінгені рас. Бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сабағымызда «бағалау» деген ұғым тек сабақ соңында болатын бағалау деп білдік. Негізінен оқыту үшін бағалау балалар оқыту үдерісінің қандай кезеңінде екенін, әсіресе олардың мықты және әлсіз жақтарының сипаты мен себептері қандай екендігі туралы алынған мәліметтерге басты назар аудартады.

Бағдарламаның екінші кезеңі қашықтықтан оқытуда 10 - сыныбындағы «Украина Республикасы» тақырыбында өткен сабағымда жұптық әңгімені басшылыққа алдым. Балалар алдыңғы сабақта алған білімдерін осы сабақта байланыстыра отырып, жұптық талқылау арқылы дәлелдемелерге сүйеніп, эмоцияға емес, себепке негізделу арқылы ойларын қорытты. «Украина Республикасы» тақырыбында сабағымды бастамас бұрын оқушылардың арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында оқушыларды жұптап алдым. Оқушыларды жұпқа бөлу үшін ТМД құрамындағы елдердің атауы мен астанасы жазып, оқушыларға тараттым, осыдан кейін оқушылар өз жұптарын тауып бірлесіп отырды. Мысалы: «Ресей» «Мәскеу»; «Қазақстан» «Астана»; «Украина» «Киев» «Молдова» «Кишинев», «Әзірбайжан» «Баку», «Армения» «Ереван» «Өзбекстан» «Ташкент»т.б. Сонда оқушылар алдымен топтарға бөлінді және елдердің атаулары мен астаналарын есте сақтап қалады. Сол себепті осындай жұпқа бөлуді қолдандым. Тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушыларға ТМД құрамындағы:

  1. Беларусь Республикасы;

  2. Украина Республикасы;

  3. Молдава Республикасы;

  4. Кавказ елдері, Әзірбайжан;

аталған елдерге байланысты жасаған фото слайдты көретіп алдым.Онда яғни аталған елдердің президенті, мемлекеттік туы, елтаңбасы, территориясы, ұлттық киімдері, тағамдары, елдің әсем, керемет аймақтарының суреттері және сол елдің әні қоса ойналды. Фотослайдты көргеннен кейін оқушылардың алған әсерлерін сұрағанымда Қасым Ернар Әзірбайжан елінің ұлттық биінің ұнайтының және шығу тарихымен бидің мағынасын айтса, Бейсенбай Нұрлан өзіміздің ұлттық биіміз қаражорғаның ол биден артықтығын және денсаулыққа пайдасы бар екенін айтып өтті. Аталған елдердің табиғатының әсем жерлерін көрген кезде, Ыбыраев Ерлібай бұндай жерлер біздің туған жерімізде де бар , атап айтар болсақ «екінші Швейцария» деп аталатын Көкше аймағын тілге тиек етті. Осы жерде әр оқушының өз ойы, өз пікірі бар екендігі анық байқалды. Сабағымның негізгі бөлігіне келген кезде оқушылардан «Украина Республикасы» тақырыбынан не білетіндерін білу мақсатында «білемін», «не білдім», «проблемалық сұрақтар» деген парақша тараттым. Оқушылардан жұбымызбен ақылдасып алдымыздағы парақшадағы «білемін» деген жеріне тақырыптан не білетініміз туралы жазайық деп тапсырма бердім. Сонда байқағаным жайшылықта бір-бірінің сөзін тыңдауға ықылас танытпайтын балалар тапсырма алғаннан кейін жұптарымен ақылдаса жауап парағына жазып жатыр. Әсіресе мені қызықтырған Ділдәбекова Гүлден мен Қайырбек Ербол жұбы болды. Бұрын бір-бірімен онша ашыла бермейтін олар жаңа сабаққа келгенде бірінің сөзін бірі тыңдап тақырыпты аша түсті. Муси Ақжол Украина мемлекеті жайлы білгенін айтса, Қобжанова Мәдина интернеттен оқыған қызықты мәліметтерімен бөлісті. Мені таң қалдырғаны олардың мәліметті кітаптан емес өздерінің көрген білгендерінен айтып жатқандағы болды. Жазып болғаннан кейін оқушылардан кәне балалар білетініміз көппе екен әлде білмейтініміз көппе екен деп сұрақ тастағанда, барлығы бір ауыздан білетініміз аз деп жауап берді. Олай болса тақырыпты өз бетімізше оқып жұптарымызбен ақылдаса келіп «не білдім» «проблемалық сұрақтар» деген парақшаны толтырамыз дедім. Тапсырманы оқи келіп балалар жұптарымен ақылдасып қалған парақшаны толтырады.

Екінші жұптасып талқылауда оқушыларға жалпылама ортақ сұрақ қойылды.

1. Украинаның географиялық орнының ерекшеліктерін Қазақстанның географиялық орнымен салыстыру? сауалы төңірегінде оқушылар жұптасып, әңгіме өрбітті. Жұптық талқылау кезінде оқушылардың жауап деңгейлері жеке жұмысқа қарағанда өзіндік танымдық әуелетімен ерекшеленді. Мысалы, Муси Ақжол мен Қобжанова Мәдина Украина аумағы ежелгі платформа негізінде қалыптасқан дүниежүзіндегі ірі жазықтардың бірі Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік - батысында орналасқан десе, ал Қойшыбай Ұлжанмен Ахметов Марат Қазақстан Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігінде орналасқанын айтып өтті. Оразай Абай мен Мыңжасова Айнұр аталған екі елдің де жер бедерінің жазық болып келуі шаруашылық әрекетке қолайлы әсер ететінін айтып өтті. Мен осы кезде оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, тиісті ақпаратты интернеттен алу арқылы қажеттісін қолдану керектігін айттым. Осы кезде жұптар бірлескен жұмыстарының сапасына баға беріп, ізденудің нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлай алатындығын аңғардым. Оқушыларға алдыңғы сабақта өз беттерінше ТМД құрамындағы елдерге байланысты мәліметтер жинап келу тапсырмасын берген болатынмын. Балалардың көбі кітапханадағы кітаптардан мәлімет жинап келсе, кейбірі интернеттен қарап жақсы мәлімет жинағанын байқадым. Соның ішінде Қасым Ернардың үйде интернетті жақсы пайдаланатыны көрініп тұрды. Берілген тақырыпқа байланысты материалдарды көбірек жинақтап, аталған елдерге байланысты жеке - жеке презентация көрсетілімін жасап келді оны интерактивті тақтадан сынып оқушыларына таныстырды. Сабақ барысында мен оқушыларды тақтаға шығарып презентация ішінен сұрақтар қойып, оларды талдауға нұсқаулық беріп отырдым.

Сабақтың басында оқушыларды жұпқа бөлген кезде Берденова Ақботаны бағалаушы ретінде сайлап, жұптың жұмысын қадағалауға тапсырдым. Бағалаушы сабақ барысында барлық жұптың сабақтың басынан бастап қорытындыға дейінгі жұмысын бағалайды. Бағалаудың негізгі шарты бойынша бірінші жұпқа қойылған бағаға екінші жұп өз пікірін білдіруі керек, мысылы қарсылығы немесе құптауы. Сабақтың соңында бағалаушы Берденова Ақбота барлық жұптың жұмысын қорытындылай келе өзінің тұжырымдамасын айтты. Ең бірінші бағалаған жұбы Ділдәбекова Гүлден мен Қайырбек Ерболдың жұбы болды, Берденова Ақботаның қойған бағасы екеуіне де бес болды және оны дәлелдеп кетті. Ділдәбекова Гүлден мен Қайырбек Ерболдың жұбына бағалаушының қойған бағасына екінші жұп яғни Муси Ақжол мен Қобжанова Мәдина жұбы қойылған бағаның әділ болғанын айтып шамалы толықтырулар енгізді. Осылайша бүкіл жұпты кезекпен бағалап шықты. Осының ішінде Оразай Абай мен Мыңжасова Айнұрға қойған бағалаушының бестігіне Қойшыбай Ұлжан мен Ахметов Марат айтар сыны болды. Олардың ойынша жұпқа қойылған бағаның әділетсіз және көтермеушілік болғанын айтып, өз пікірлерін білдірді. Неге баға әділетсіз деп ойлайсыңдар дегенде Қойшыбай Ұлжанмен Ахметов Марат өз пікірлерін нақты дәлелдеп берді деп ойлаймын. Бағалаудағы менің рөліме келетін болсақ алдымен бағалаушының, жұптардың бағалауына назар аудардым, содан кейін барып бағаланған жұпқа пікір айтатын жұпты бақыладым. Бағалаушының жұптарға қойған бағасына қарсылық білдірген жұптың сабақты қаншалықты меңгергені өз пікірлерін білдірген кезде байқалып тұрды. Осылайша жұптар бір-бірін бағалау арқылы сабақты қаншалықты меңгергенін, қаншалықты түсінгенін аңғардым. Жұптарды бағалау арқылы бағалаушының да сабақты қаншалықты меңгергенін байқау маған қиын болған жоқ. Бағалаудың осы түрі арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын, диалог арқылы бір-бірімен ара қатынасын қалыптастырып, сабақты қорытындылап кеттім деп ойлаймын.

Қорыта келе айтарым, мен осы модульдерді қолданған кезде сабағым дәл бұлай сәтті өтеді деп ойламаппын, себебі мұндай сабақтарда топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірін тыңдап үйрену арқылы өз бетімен ақпаратты игереді. Жалпы бағдарламаның мұғалім және оқушы үшін берері көп екенініне сенімім мол болды. Менің сенімім алдамады оқушылармен осы бағдарлама арқылы жұмыс істеген кезде оқушылардың өздеріне деген сенімі молайып, ең бастысы болашаққа деген сенімі артты.

Мектептегі тәжірибе кезіңде жеті модульді пайдалана отырып сабақтарымды өткізгенде оның тиімді екенін білдім. Жеті модульді сабақта қолданғанымда оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты, өз ойын ашық жеткізе алады, сабақта белсенділік танытады, өз бетінше ізденуге, білуге құмар, достарына көмектеседі, сын тұрғысынан ойлай алу қабілеттері қалыптаса бастады, бағалау критериінің мақсат міндеттерін жетік түсіне біліп өзгеге сын көзбен қарап, өзіне айтылған сынды қабылдай білді. Болашақта оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді әрбір сабағымда қолдана отырып, оқушының өздігінен ізденуіне, пікір алмасуына көп жағдай туғызамын. Оқушыны сыни ойлауын қалыптастыру үшін өзімнің сыни ойлауымды дамыта отырып, сабақ барысында оқушыға тапсырмны ойлау жүйесіне әсер ететіндей етіп құрастырып, дамытамын.

«Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, ондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.» Мен болашақта дарынды және талантты балалардың қабілеттерін ( пәннен тыс) ескере отырып, оқуда олардың қабілеттерін оқытумен ұшатастыра оқытуды қарастырамын және дамытамын. Сабақта АКТ-ны қолдану арқылы өз уақытымды тиімді пайдаланудың жолдарын қарастырамын. Электронды оқулықтарды пайдаланып, өз жұмысымды жеңілдетемін. Оқушыларға АКТ-ны пайдалануды үйретіп, оларды үнемі әлемде болып жатқан жаңалықтармен хабардар етіп,сандық техналогияның қыр сырын үйрете отырып оқытамын. Жалпы 7 модульді қолдану арқылы бұрынғы сабақ беру әдісімді 90% пайызға өзгертемін. Өз пәніммен байланыстырып айтар болсам бағдарламадағы жеті модульді «әлемнің жеті кереметіне» тенер едім. «Әлемнің жеті кереметі» барлық әлемге танымал, сол сияқты жеті модульде ұстаздар қауымына алдағы танда танымал болатынына сенемін. Күнделікті сабағымда топтық, жұптық, жекелей жұмыстарды қолдана отырып оқыту арқылы жеті модульді әрбір сабағымда тиімді қолданудын жолдарын қарастырамын. Халық арасында «бірлесіп көтерген жүк жеңіл» деген халық нақылы бекер айтылмаса керек. Болашақта бұл стратегиялық әдісті тереңдете оқып үйреніп өз тәжірибемде қолданамын. Егеменді елдің болашағын жарқын етуші жас ұрпақтарды өз еліне қызмет ететін азамат, азамтша етіп, оқытып тәрбиелеймін.



5


© 2010-2022