• Преподавателю
  • Физика
  • Разработок §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Разработок §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сыныптар


Сабақтың тақырыбы: §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға молекулалы-кинетикалық теория тұрғысында заттың күйлерін жете түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы дамыту.

Тәрбиелік: Білім алудағы нақтылыққа, ізденімпаздылыққа, алға ұмтылуға, қойған мақсаттарына жетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Плакат

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2 минут)

1. Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу, журнал толтыру.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын сұрау: (11 минут)

А) Үй тапсырмасын ауызша сұрау

Ә) Үйге берілген тақырып бойынша карточкалар

  1. Броундық қозғалысдеп нені айтамыз?

(Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.)

2) Молекула дегеніміз не?

(Молекула - заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған ең кіші бөлшегі.)

  1. Диффузия деген не?

(Бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларының аралығындағы бос орындарға өтіп таралуын диффузия деп атаймыз)

4) Температура деп нені айтамыз?

(Дененің немесе заттың жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.)

5) Температураны өлшеуге арналған құрал?

(термометр)

ІІІ. Жаңа сабақ. (20 минут)

Қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су сұйық күйде болады. Бұл жерде бір мезгілде судың әр түрлі екі күйі - қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судың үшінші газ тәрізді күйі де бар: көзге көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады. Суды мысалға ала отырып, біз заттың үш агрегаттық күйде - қатты, сұйық және газ күйінде бола алатынын көрдік. Сонымен қатар заттардың плазма деп аталатын төртінші күйі де бар. Затты бірнеше мыңдаған, миллиондаған градусқа қыздырғанда атомдардың теріс зарядты электрондары олардың оң зарядты ядроларынан ажырайды. Жоғары температурада бір-бірінен ажыраған оң және теріс зарядталған бөлшектердің жиынын плазма дейді. Отынның жалыны мен найзағай ұшқындары заттың плазмалық күйіне мысал бола алады.

Заттардың қасиеттері әр түрлі агрегат күйде түрліше болады. Қатты денені қалыпты жағдайда сығуға немесе созуға болмайды. Сыртқы әсер болмағанда ол өзінің формасы мен көлемін өзгертпей сақтайды. Пішінін мен көлемін сақтау - қатты денелерге тән қасиет.

Қатты дененің молекулаларының орналасуы.


Разработок §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Сұйық өзінің формасын оңай өзгертеді. Қалыпты жағдайда ол өзі тұрған ыдыстың формасын қабылдайды. Бірақ салмақсыздық жағдайында сұйық өзінің меншікті - сфералық формасымен сипатталады. Жаңбырдың кішкентай тамшыларының формасы да сфералық формада болады. Сұйықтың формасын оңай өзгертетін қасиетін балқыған шыныдан ыдыс дайындауда қолданады. Сонымен, сұйықтар өз формасын тез өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы


Разработок §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Газдың меншікті көлемі де формасы да болмайды. Ол өзі тұрған ыдысты толтырып тұрады. Газдардың қасиетін зерттеу үшін оның түрлі түсті болуы міндетті емес. Мысалы, ауа түсі жоқ, біз оны көрмейміз. Бірақ біз тез қозғалғанда, автомобиль немесе пойыз терезесінің алдында тұрғанда, сол сияқты жел соққанда біздің айналамызда ауа бар екенін байқаймыз. Сол сияқты оны тәжірибе көмегімен сезуге болады.

Газдың көлемін өзгерту қиын емес. Резина допты сығу арқылы, біз ондағы ауаның көлемін әжептеуір азайта аламыз. Газ өзі тұрған ыдыс немесе өзі орналасқан бөлменің ішін толтырып, формасы да сол бойынша анықталады, яңни газдың формасы мен көлемі өзі орналсқан ыдысқа тәуелді. Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.

Газдардың молекулаларының орналасуы

Разработок §10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

ІV. Пысықтау сұрақтары: (8 минут)

1) Заттың неше күйі бар?

( Қатты, сұйық, газ)

  1. Судың неше күйі бар?

( Мұз, сұйық, бу)

  1. Пішіні мен көлемін сақтау қай денеге тән қасиет?

( қатты денеге)

  1. Шыны қандай дене?

( аморфты дене)

  1. Қай дененің көлемін өзгерту өте қиын?

( сұйық)

  1. Заттың төртінші күйі?

( плазма)

V. Қорытындылау. (2 минут)

Оқушылардың үй тапсырмасын айтып, сабаққа атсалысып қатысып өздерін көрсете білуіне қарай бағалау

VІ. Үйге тапсырма: (2 минут)

«§10. Заттың күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.» тақырыптарын оқып келу


© 2010-2022